• Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз:

"Сырғалым" деген қазақша сериал шығады

"Қазақстан" арнасы "Сырғалым" деген жаңа қазақша сериалды эфирге шығармақ. 

Сюжетте қаладағы әкесінің досының шаңырағына ауылдан келген қыз туралы баяндалады. Бұл отбасының үлкен ұлы бойжеткенге қамқорлық танытса, ортаншысы оған ғашық болады. Ал кенже ұлы қызды үйінен кетіруді ойлайды. Ауылдық тәрбие көріп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындап өскен қыз қазақы болмысты ұмытуға шақ қалған қала тұрғындарының өміріне өзгеріс әкеледі.

Телехикаяны "Көркемфильм" компаниясы өндірген. Қоюшы режиссерлері: Д. Коробкин, Р. Сүлейменов

 "Сырғалым" сериалы 2014 жылғы 15 қаңтардан бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында, сағат 21:50-де көрсетіледі.

ТВ ролик:

 

Дереккөз: kaztrk.kz

Пікірлер (1)

Пікір қалдыру