• Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз:

Мұхаммед пайғамбар туралы сериал

Мұхаммед пайғамбар туралы ауқымды жоба қолға алынды. Қазір оның бюджеті ұлғайтылып, сериялар саны көбейтілетіні туралы ақпарат тарады. 

Жобамен Катардың Alnoor Holding компаниясы айналысуда. Компания 3 сериядан тұратын фильм туралы 2009 жылы жария еткен болатын. Сериалға "Сақиналар әміршісі", "Матрица" секілді фильмдердің жұмысына атсалысқан Барри Осборн продюсер болады деп айтылды. Бастапқыда өндіріске 150 миллион доллар бөлінген еді.

Agence France-Presse агенттігі таратқан соңғы ақпараттарға сәйкес, сериалдың бюджеті 1 миллиард долларға өсіріліпті. Сонымен қатар бөлімдер саны да көбейтіліп, оны 7 толықметражды фильмнен тұратын жоба етпек. Фильмдер ағылшын тілінде түсіріліп, кейін басқа тілдерге аударылады.

Alnoor Holding компаниясы өкілдерінің айтуынша, жоба "Батыста қалыптасқан Ислам туралы теріс түсінікті түзетуді" мақсат етеді. Сценарий жұмыстарын сарапшы имамдар аяқтапты, енді түсіру жұмыстары басталуы тиіс.

Түсірілімге танымал актерлерді, соның ішінде голливуд актерлерін де тарту жоспарланған. 

Сюжет туралы нақты ештеңе белгісіз, бірақ онда Мұғаммед пайғамбардың болмайтыны анық. Өйткені Исламда оның кез-кезген сипаттағы бейнесін көрсетуге тыйым салынған. 

 

Дереккөз: lenta.ru

Фотосурет: wikimedia.org, Creative Commons лицензиясы

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру