Киностан неге өзгерді

Киностан сайтының алғашқы нұсқасының презентациясы, 2011 жыл / Дереккөз: Asqat Yerkimbay youtube арнасы

Бәрі 2011 жылы басталған еді. Алғашқы BlogCamp (қазақ блогерлерінің блог-құрылтайы) кезінде Димаш Зиядин екеуміз кино туралы қазақша сайт ашу идеясын ұсындық. Көп кешікпей жай сайт емес, одан бөлек – кинобазасы бар, ақпараттың барлық түрін қамтыған портал құру қажет деп шештік. Бұл өте амбициялы жоба еді, өйткені Кинопоиск, IMDb порталына ұқсас сайтты жүргізу үшін үлкен команда қажет. Бірақ оның ауыртпалығы мен жауапкершілігін ол кезде сезген жоқпыз, бұның бейнеті уақыт өте келе байқалды.

Энтузиазм пайда әкелмесе сөнеді. Ал мен бұл фактімен келіскім келмеді ме, әлде бос уақытым көп болды ма – инерциямен жүргізе беріппін. Бірақ соңғы кезде уақыт пен мүмкіндік тапшылығын сезіп жүрмін. 8 жыл бойы кинобазаны толтырдық, фильмдердің атауын қазақшаладық, біраз материал жазылды. Енді қарқынды сәл бәсеңдетіп, екпінді басқаға бұру қажет болып тұр.

Бұл Киностан сайты жабылды дегенді білдірмейді. Тек бұрынғыдай ауқымды болмайды: кинобаза (персоналар мен фильмдердің профайлы) қысқарды, күнделікті жаңалықтар сирейді, тұрақты айдарлар өзгереді. Бұл өзгерісті оптимизация деп қабылдаған дұрыс шығар. Сайт өзгергенмен, контент сапасын бұрынғыдан да қызық қылуға барынша тырысамын.

Осы жылдар бойы тұрақты оқып келген оқырмандарға зор алғыс білдіремін. Тележүргізушілер айтпақшы: «Экраннан алыстамаңыз, алда әлі талай қызық күтіп тұр».

Сайттың ескі нұсқасы да ашық болады. Оған сілтемені менюден таба аласыз.

Бөлісу
  • 40
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған