77 Венеция кинофестивалінің жеңімпаздары

венеция кинофестивалі

77 Венеция халықаралық кинофестивалі 2-12 қыркүйек аралығында өтті. Негізгі конкурстың қазыларын Австралия актрисасы Кейт Бланшет басқарды. Ашылу фильмі ретінде итальян режиссері Даниэле Лукеттидің «Түйін» («Lacci») картинасы көрсетілді.

Коронавирус пандемиясына қарамастан кинофестиваль кейінгі шегерілген жоқ. Фестиваль кезінде барлық қауіпсіздік шарасы сақталыпты.

Бас жүлде – «Алтын арыстан» марапатын америкалық режиссер Хлоя Чжаоның «Көшпенділер елі» («Nomadland») фильмі алды.

Негізгі конкурстың жеңімпаздары:

  • Алтын арыстан – «Көшпенділер елі» / «Nomadland», реж. Хлоя Чжао (АҚШ)
  • Үлкен қазылар алқасының жүлдесі – Күміс арыстан – «Жаңа тәртіп» / «New Order», реж. Мишель Франко (Мексика, Франция)
  • Режиссура үшін Күміс арыстан – Киёси Куросава, «Шпионның әйелі» / «Wife of a Spy» (Жапония, Корея, Германия)
  • Үздік еркек рөлі үшін Вольпи кубогы – Пьерфранческо Фавино, «Біздің әке» / «Padrenostro» (Италия)
  • Үздік әйел рөлі үшін Вольпи кубогы – Ванесса Кирби, «Әйел бөлшегі» / «Pieces of a Woman» (Канада, Венгрия)
  • Алтын Озелла – үздік сценарий үшін жүлде – Чайтанья Тамхане, «Шәкірт» / «The Disciple» (Үндістан)
  • Қазылардың арнайы жүлдесі – «Құрметті жолдастар» / «Дорогие товарищи», реж. Андрей Кончаловский (Ресей)
  • Марчелло Мастроянни сыйлығы – Рухолла Замани, «Күн» / «The Sun» (Иран)

«Көкжиектер» бағдарламасында Ахмад Бахрамидің «Тақыр» (Иран) картинасы бас жүлдеге ие болды. Осы бағдарламаға қатысқан Қазақстан режиссері Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі жүлде алған жоқ.

Бөлісу
  • 3
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған