2020 жылғы қыркүйектің сериалдары: 4 бөлік

Назарларыңызға қыркүйектің сериалдарына арналған шолуымыздың соңғы бөлігін ұсынамыз. Берлин қабырғасы құлаған кезде қай жаққа өтемін деп таңдау жасаған жастар туралы, отбасын өлтірді деп айыпталған әскери хирургтың ісін зерттейтін, Коми мен Трамп арасындағы жанжал жайында шыққан сериалдар туралы айтамыз.

Германия 89 / Deutschland 89

Культқа айналған «Германия 83» сериалының жалғасы. Оқиғасы Берлин қабырғасының құлауынан басталады. Бұл қазіргі әлем тарихындағы маңызды жайттардың бірі. Сериалда біріккен Германияның алғашқы күндерін бастан кешірген кейіпкерлер көрсетіледі. Мартин үйі мен жұмысынан айырылады. Енді оның алдында қиын шешім тұр: КГБ-ға жұмысқа ауысу немесе бұрынғы жауына жұмыс істеу үшін Батысқа өту.

8 бөлімнен тұртын драманы алдымен Amazon Prime Video 25 қыркүйектен бастап Германияда, Аустрияда, Жапония мен Үндістанда көрсетеді, ал 29 қазанда Sundance TV телеарнасының эфиріне шығады.

Қателіктер шөлі / Пустыня ошибок / A Wilderness of Error

Деректі сериал әскери хирург Джеффри Макдональдтың ісін зерттейді. Ол екіқабат әйелі мен екі қызын 1970 жылы өлтіргені үшін сотталған болатын. 1979 жылы Макдональдты кінәлі деп тауып, үш мәрте өмір бойғы бас бостандығынан айырылды. Дегенмен сотталушы кінәсіз екенін айтудан танбады. Ол отбасын есірткіге мас болған хиппилер өлтірді дейді.

Сериалға Эррол Морристің 2012 жылғы аттас деректі романы арқау болған. Премьерасы: 26 қыркүйек.

Утопия / Utopia

Фантастиклық триллерде андеграунд графикалық новелла туралы айтылады. Онда жуық арада адамзаттың басына түсетін түрлі апаттар суреттелген. Новелла туралы интернет арқылы сөйлесіп жүрген бір топ адам біледі. Осыдан кейін олардың ізіне әлдебір құпия мемлекеттік ұйым түседі. Ұйымның мақсаты – әлгі шығарманы қолға түсіру.

Джон Кьюсак түскен сериал 26 қыркүйектен бастап Amazon Prime Video платформасында көрсетіледі.

Комидің қағидасы / Правило Коми / The Comey Rule

Мини-сериал форматындағы драмаға Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Комидің кітабы негіз болған. Сюжетте Коми мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы жанжал айтылады. Мемлекет басшысы міндетіне кіріскеннен кейін бірнеше ай өткен соң Трамп күтпеген жерден Комиді жұмыстан босатады. Ресми себеп – Хиллари Клинтонның хаттары туралы дәл ақпарат бермегені үшін. Шындығында бұл шешім ФТБ бизнесменнің сайлау алдындағы кампаниясы кезінде Трамп пен Ресей өкілдері арасындағы жүрген құпия келісімді тергеуді тоқтатпағаны үшін қабылданған болып шығады.

Сериалда президентті Брендан Глисон, Комиді Джефф Дэниелс ойнайды. Премьерасы 29 қыркүйекте.

Кезекті маусымын ұсынатын сериалдар:

24 қыркүйек:
– Құшақ / Обет на крови / Klem; драма (Нидерланд): 3 маусым

28 қыркүйек:
– Фарго / Fargo; драма, комедия, қылмыстық (АҚШ): 4 маусым
– Отағасы / Гриффины / Family Guy; комедия, мультфильм (АҚШ): 19 маусым
– Американың қылмыс хикаясы / Американская история преступлений / American Crime Story; драма, өмірбаян (АҚШ): 3 маусым
– Бобтың бургерлері / Закусочная Боба / Bob’s Burgers; комедия, мультфильм (АҚШ): 11 маусым
– Симпсондар / Симпсоны / The Simpsons; комедия, отбасылық, мультфильм (АҚШ): 32 маусым

Бөлісу
  • 5
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған