2020 жылғы қарашаның сериалдары: 1 бөлік

Қарашаның алғашқы онкүндігінде «Бала Шелдон», «Жақсы дәрігер» секілді танымал жобалардың кезекті маусымымен қатар Чак Лоридің жаңа ситкомы, апай мен оқушының романы туралы драма ұсынылады. Осы және басқа да жаңа сериалдар туралы төмендегі шолуымызден оқыңыз.

Анимашки / Animaniacs

1990 жылдары көрсетілген мультсериалдың жаңарған нұсқасы. Сериал Якко, Вакко және Дот Уорнер деген анимациялық кейіпкерлер туралы. Олар Warner Bros. студиясында ойлап табылған еді, бірақ кейіпкерлер туралы ұзақ жылдар бойы ешкім білген жоқ. Күндердің күнінде олар қапастан құтылып, әлемге өздерін паш етеді.

Жобаның продюсерлер құрамында Стивен Спилберг бар. Премьерасы 4 қарашада (Hulu).

Үшінші оң қан тобы / Третья положительная / B Positive

«Үлкен жарылыс теориясы» сериалын жасаған Чак Лорридің жетекшілігімен шығатын жаңа ситком. Басты кейіпкер Дрю – жақында ажырасқан жалғыз басты әке. Ол бүйрегі істен шыға бастағанын, тез арада оны ауыстыру керек екенін біледі. Күтпеген жерден ескі танысы Джинамен қайта кездеседі. Ол Дрюге донор болуға келіседі. Осыдан кейін еркектің өмірі түбегейлі өзгереді.

Премьерасы: 5 қараша.

8 Ай базасы / Лунная база 8 / Moonbase 8

Ғарыш тақырыбындағы Showtime арнасының комедиясы. Сериалдың басты кейіпкерлері – кәсібилігімен, ақылымен және шапшаңдығымен мақтана алмайтын үш астронавт. Олар NASA шөлде тұрғызған Ай базасының прототипінде өмір сүріп жатыр. Кейіпкерлердің арманы – ғарышқа аттанып, Жер серігін зерттеу. Өзара бәсекеге түскен олар, өзін мейілінше жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Әйтсе де күлкілі, ыңғайсыз жағдайларға көп ұрынады.

Премьерасы: 8 қараша.

Индустрия / Industry

HBO-ның драмасында қаржы мектептері мен институттарының түлектері туралы айтылады. 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейінгі күрделі кезең еді. Жастар Лондонның ірі инвестициялық банкіне қызметке тұру үшін өзара бәсекеге түседі. Достық пен серіктестіктің, махаббат пен жаулықтың шекарасы тез шайылады, көп кешікпей жас қаржыгерлер корпорация мәдениетіне бой үйретеді. Бұл жерде секс, есірткі мен эго мәміле мен дивидендтің кепілі.

Премьерасы бастапқыда 11 қазанға белгіленген болатын, шығу датасы өзгеріп, енді 10 қарашаға белгіленген.

Мұғалім / Учительница / A Teacher

Мини-сериал форматындағы драма Ханна Фиделдің 2013 жылғы көркем фильмінің желісімен жасалған. Сюжеті оқушысымен роман құрған мұғалім туралы баяндайды. Ханна Фиделдің өзі бұл жобаға продюсер, сценарийші және режиссер ретінде қатысты. Басты рөлде Кейт Мара мен Ник Робинсон ойнайды.

Премьерасы: 10 қараша.

Кезекті маусыммен шыққан сериалдар:

3 қараша:
– Жақсы дәрігер / Хороший доктор / The Good Doctor; драма (АҚШ): 4 маусым

6 қараша:
– Ана / Мамаша / Mom; комедия (АҚШ): 8 маусым
– Бала Шелдон / Детство Шелдона / Young Sheldon; комедия (АҚШ): 4 маусым

9 қараша:
– NCIS: Лос-Анджелес / Морская полиция: Лос-Анджелес / NCIS: Los Angeles; драма, қылмыстық, триллер, детектив (АҚШ): 12 маусым
– Түнек бастауы / Темные начала / His Dark Materials; драма, фэнтези (АҚШ, Ұлыбритания): 2 маусым

Жалғасы бар…

Бөлісу
  • 3
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған