2020 жылғы қарашаның сериалдары: 2 бөлік

Қарашаның сериалдарына арналған шолуымыздың екінші бөлігінде Еуропаны азат еткен қарапайым америкалықтар туралы тарихи драма, адамдарды жоюға келген бөгде планеталық жайында фантастикалық комедия, қара нәсіл проблемаларына арналған британ драмасы бар.

Дэш пен Лили / Дэш и Лили / Dash & Lily

Netflix-те жарық көретін романтикалық комедия Лили деген арманшыл қыз туралы. Сүйікті кітап дүкенінің сөресіне қызыл қойын кітабын тастап кетеді. Оны тапқан Дэш ішіне жазба қалдырады. Сөйтіп қызыл кітапшаның ішіне бір-біріне хат жазып, түрлі тапсырмалар қалдырған екеудің арасында романтикалық оқиғалар басталады. Рождество мен романтика – екі кейіпкерді комфорт аймағынан шығып, өмірге жаңаша қарауға итермелейді.

8 бөлімнен тұратын сериал 10 қарашада шығады.

Азат етуші / Освободитель / The Liberator

Анимациялық тарихи драманы Netflix ұсынады. Сюжеті 1943 жылы Сицилияда өрбиді. Осында жіберілген отряд Американың байырғы тұрғындарынан, мексикалықтар мен ковбойлардан құралған еді. Өз жерінде бұл сарбаздар әлеуметтік және нәсілдік бөлінудің кесірінен тіпті бір барда бас қоса алмас еді. Бірақ майданда олар иық тіресе шайқасып, нацистерден Еуропаны азат ету жолында күш біріктіреді.

Премьерасы: 11 қараша.

Тұрғылықты келімсек / Пришелец-постоялец / Resident Alien

Фантастикалық комедия бөгде планетадан келген гуманоидтың Жердегі оқиғаларын баяндайды. Өліп қалған доктор Гарри Вендершпиглдің денесін иемденіп, ол біздің планетаның тұрғындарын зерттейді. Түпкі мақсаты – адамдарды жою. Адамдарды таныған сайын ол өзінің зұлым миссиясының дұрыстығына күмәндана бастайды.

Телесериалдың премьерасы 12 қарашаға жоспарланған.

Лиззи Магуайр / Lizzie McGuire

2001-2004 жылдары шыққан аттас сериалдың жалғасы. Хилари Дафф өз рөліне қайтып оралады. Жаңа эпизодтарда 30 жастағы басты кейіпкердің өмірі баяндалады. Лиззи Нью-Йоркқа көшіп келіп, сән декораторының көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Ол үлкен қаладағы өмірге бейімделуге тырысады.

Жоба Disney+ сервисінде 12 қарашадан бастап көрсетіледі.

Кішкентай балта / Голос перемен / Small Axe

«Құлдықтағы 12 жыл» фильмі үшін «Оскар» алған Стив МакКуин жасаған мини-сериал. Бұл британ драмасы қара нәсіл өкілдерінің проблемасын қозғайды. Сюжеті Лондонда өтіп, 1960 пен 1990 жылдар аралығын қамтиды. Оқиғалар өмірден алынған.

Премьерасы бастапқыда 25 қыркүйек деп айтылған еді. Алайда кейінге шегеріліп, 15 қарашаға белгіленіп отыр.

 

Үлкен аспан / Большое небо / The Big Sky

ABC арнасының драмасы жеке детектив пен бұрынғы полицейдің бірлесіп жоғалып кеткен апалы-сіңлілі қыздарды іздеу оқиғасын көрсетеді. Оларды трасса бойында жүк көлігінің жүргізушісі ұстап алып кеткен. Тергеу барысында бұрын да осы аймақта қыздар ұрланғаны белгілі болады. Екі тергеушінің мақсаты – кезекті қайғылы оқиға болмай тұрып маньякты тез арада табу.

Премьерасы: 17 қараша.

Кезекті маусыммен шыққан сериалдар:

12 қараша:
– Чикаго полициясы / Полиция Чикаго / Chicago P.D. – 8 маусым
– Чикаго дәрігерлері / Медики Чикаго / Chicago Med – 6 маусым
– Чикаго өрт сөндірушілері / Чикаго в огне / Chicago Fire – 9 маусым

13 қараша:
– Заң мен тәртіп: Арнайы жәбірленушілер бөлімшесі / Закон и порядок. Специальный корпус / Law & Order: Special Victims Unit – 22 маусым
– 19 станция / Пожарная часть 19 / Station 19 – 4 маусым
– Грей анатомиясы / Анатомия страсти / Grey’s Anatomy – 17 маусым
– Бірмүйіз / Единорог / The Unicorn – 2 маусым

14 қараша:
– Қара тізім / Черный список / The Blacklist – 8 маусым

16 қараша:
– Тәж / Корона / The Crown – 4 маусым

17 қараша:
– Боб Абишоланы сүйеді / Боб любит Абишолу / Bob Hearts Abishola – 2 маусым
– Көрші / Соседство / The Neighborhood – 3 маусым
– Бәрі түрегелсін / Всем встать / All Rise – 2 маусым

18 қараша:
– Әскери-теңіз қылмыстық тергеу қызметі / Морская полиция: Спецотдел / NCIS: Naval Criminal Investigative Service – 18 маусым

19 қараша:
– Өмір үшін / За жизнь / For Life – 2 маусым

20 қараша:
– Миллион майда-шүйде / Миллион мелочей / A Million Little Things

Жалғасы бар…

Бөлісу
  • 4
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған