Голливуд шетелдік баспасөз ассоциациясының 78 «Алтын глобус» сыйлығымен марапаттау шарасы өтті. Биылғы салтанатты кештің ерекшелігі – пандемияға байланысты әдеттегі қаңтарда өтетін уақытынан шегеріліп, 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні өтті, сондай-ақ шара екі қалада қатарынан – Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте ұйымдастырылды. Номинанттар онлайн форматта қатысты.
Сонымен «Алтын глобус 2021» жеңімпаздары.
Кино:
- Үздік драма: «Көшпенділер елі» / «Nomadland»
- Үздік фильм – Мюзикл/Комедия: «Борат 2» / «Borat Subsequent Moviefilm»
- Үздік актриса – Драма: Андра Дэй («Құрама Штаттар Билли Холидейге қарсы» / «The United States vs. Billie Holiday»)
- Үздік актер – Драма: Чедвик Боузман («Ма Рейни: Блэк Боттом» / «Ma Rainey’s Black Bottom»)
- Үздік актриса – Мюзикл/Комедия: Розамунд Пайк («Бәрі сенің қамың үшін» / «I Care a Lot»)
- Үздік актер – Мюзикл/Комедия: Саша Барон Коэн («Борат 2» / «Borat Subsequent Moviefilm»)
- Екінші пландағы үздік актриса: Джоди Фостер («Мавритандық» / «The Mauritanian»)
- Екінші пландағы үздік актер: Дэниэл Калуя («Иуда және чёрный мессия / «Judas and the Black Messiah«)
- Үздік режиссер: Хлоя Чжао («Көшпенділер елі» / «Nomadland»)
- Үздік сценарийші: Аарон Соркин («Чикаголық жетеудің соты / «The Trial of the Chicago 7″)
- Үздік анимациялық фильм: «Жан» / «Soul»
- Шет тіліндегі үздік фильм: «Минари» / «Minari» (АҚШ)
- Үздік музыка: Трент Резнор, Аттикус Росс және Джон Батист («Жан» / «Soul»)
- Үздік ән: Io sì (Seen) («Өмір алда» / «La vita davanti a sé»)
Телевидение:
- Үздік драма сериал: «Тәж» / «The Crown»
- Үздік мюзикл/комедия сериал: «Шиттс Крик» / «Schitt’s Creek»
- Үздік телефильм: «Патшайымның жүрісі» / «The Queen’s Gambit»
- Телефильмдегі үздік актриса: Аня Тейлор-Джой («Патшайымның жүрісі» / «The Queen’s Gambit»)
- Телефильмдегі үздік актер: Марк Руффало («Бұның рас екенін білемін» / «I Know This Much Is True»)
- Үздік актриса – Драма сериал: Эмма Коррин («Тәж» / «The Crown»)
- Үздік актер – Драма сериал: Джош О’Коннор («Тәж» / «The Crown»)
- Үздік актриса – Мюзикл/комедия сериал: Кэтрин О’Хара («Шиттс Крик» / «Schitt’s Creek»)
- Үздік актер – Мюзикл/комедия сериал: Джейсон Судейкис («Тед Лассо» / «Ted Lasso»)
- Екінші пландағы үздік актриса: Джиллиан Андерсон («Тәж» / «The Crown»)
- Екінші пландағы үздік актер: Джон Бойега («Кішкентай балта» / «Small Axe»)
Сесил Б. Де Милль атындағы сыйлық: Джейн Фонда
Кэрол Бёрнетт атындағы сыйлық: Норман Лир
Дереккөз: Golden Globe /goldenglobes.com