2021 жылғы наурыздың сериалдары – 2 бөлік

Наурыздың сериалдарына арналған шолуымыздың екінші бөлігінде британдық антиутопияға, атақты «Болашаққа қайту» трилогиясының ізімен түсірілген деректі жобаға, борделден қашқан үш қыз туралы испан драмасына, Marvel киноғаламының екі суперқаһарманы – Қыран мен Қысқы сарбаз туралы мини-сериалға тоқталамыз.

Бірегей / Единственный / The One

Британдық антиутопия болашақ әлемді көрсетеді. Бір компания адамдарға өмірлік жарын табуға көмектеседі. Екінші жартыңды іздеуге ДНҚ ғана жеткілікті. Алайда жаңа технологияның пайдасымен бірге зияны да бар – ол адамдар өміріне түрлі этикалық проблемалар да әкеледі. Фантастикалық сериал Netflix платформасында көрсетіледі.

Премьерасы: 12 наурыз.

Экспедиция: Болашаққа қайту / Экспедиция: Назад в будущее / Expedition: Back to the Future

Деректі сериал актер Кристофер Ллойд пен Expedition Unknown жобасының жүргізушісі Джош Гейтс «Болашаққа қайту» фильм-трилогиясына қатысқан барлық DeLorean DMC-12 автокөлігін іздеуге аттанады. Жобаның мақсаты – аукционға сатуға тұрарлық автоны таңдау. Одан түскен қаржы осы трилогияда ойнаған Майкл Дж. Фокс құрған Паркинсон ауруын зерттеу қорының қажеттіліктеріне жаратылады.

Премьерасы: 15 наурыз.

Махаббат үшін жасалған / Сделано для любви / Made for love

HBO Max сервисінің қара комедиясы миллиардер күйеуінен қашып кеткен келіншек туралы. Жарының қылықтарынан шаршаған басты кейіпкер жаңа мекенге келіп имиджін өзгертеді, жаңаша өмір бастайды. Әйтсе де күйеуінен құтылу оңай болмай шығады, сөйтсе ол әйелінің миына жоғары технологиялық чип орнатып, жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, эмоциясын да біле алады екен.

Премьерасы: 17 наурыз.

Қызыл аспан / Красный дерматин / Sky Rojo

Испан триллері Netflix-те жарық көреді. Сюжетте борделде істейтін үш қыздың оқиғасы баяндалады. Бір түні олар сутенерден қашып шығады. Еркіндік жолында оларды қауіп-қатер күтіп тұр, қыздар шынайы достықтың қадірін түсінуді, өмірдің әр сәтін бағалауды үйренеді.

Премьерасы: 19 наурыз.

Қыран мен Қысқы сарбаз / Сокол и Зимний солдат / Falcon & Winter Soldier

Біз бұл екі қаһарманды Marvel киноғаламының фильмдері арқылы білеміз. Disney+ сервисінің мини-сериалы Капитан Американың екі сенімді серігі басынан кешкен қызықты оқиғаларды баяндайды. Сюжеті «Кек алушылар: Ойын соңы» фильмінен кейін өрбиді. Басты рөлдерде – Энтони Маки мен Себастьян Стэн.

Кезекті маусыммен шыққан сериалдар:

13 наурыз:
– Парадайз ПД / Полиция Парадайз / Paradise PD; комедия, мультфильм (АҚШ): 3 маусым

17 наурыз:
– Майяндар / Майянцы / Mayans MC; драма, қылмыстық, триллер (АҚШ): 3 маусым
– Бикештің тәжірибесі / Девушка по вызову / The Girlfriend Experience; драма, ересектерге арналған (АҚШ): 3 маусым

 

Жалғасы бар…

Бөлісу
  • 23
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған