2021 жылғы наурыздың сериалдары – 3 бөлік

Наурыздың сериалдарына арналған шолудың соңғы бөлімі.

Ку’дамм 63 / Ku’damm 63

2018 жылы шыққан «Ку’дамм 59» («Ku’damm 59») неміс ретро-драмасының жалғасы. Сол мини-сериалда отағасынан айырылған ана мен оның үш қызы туралы айтылған еді. Ананың басқа түскен ауыртпалықтан құтылар бір жолы қалған еді – қыздарын күйеуге беру. Алайда ешқайсысы өз еркінен тыс әлдебіреулердің әйелі болғысы келмейді. Кенже қыз тіпті ерекше өмір жолын таңдап, ән мен биге жақын болып өседі. Үш бөлімнен тұратын мына жалғасында Моника Еуровижннің Гран-приінде бақ сынауға мүмкіндік алады.

Премьерасы: 21 наурыз.

Леонардо / Leonardo

Ғалым, суретші, өнертапқыш, кемеңгер. Леонардо да Винчи өз заманының ең жарқын тұлғаларының бірі болды, талай ұлы жаңалықтар ашты, әлемдік өнерге көп ықпал етті. Драмада итальяндық ғалымның өмірі, жеткен жетістіктеріне не әсер еткені айтылады. Сонымен қатар оның натурашы қыз Катерина да Кремонамен қарым-қатынасы да сөз болады.

Премьерасы: 23 наурыз.

Тұрақсыз бөлшектер / Нерегулярные части / The Irregulars

Британ фантастикалық драмасының оқиғасы Лондонда ХІХ ғасырда өрбиді. Қалада қатыгездікпен кісі өлтіру жағдайлары көбейіп кетеді. Полиция бұл қылмыстарды ашуға қауқарсыз болып шығады. Тіпті атақты тергеуші Шерлок Холмс пен оның серігі доктор Ватсон да аша алмайды. Себебі өлімнің артында тылсым күштер тұр. Шерлок пен Ватсон өзін «тұрақсыз бөлшектер» деп атайтын көше жасөспірімдерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Бұл қаңғыбастар барлығын біледі, кез келген жерге ене алады және тапсырыс берушілердің кез келген тапсырмасын орындайды.

Премьерасы: 26 наурыз.

Құдыретті үйректер: Жаңа ойын ережесі / Могучие утята: Новые правила / The Mighty Ducks: Game Changers

Бұл 1992-1996 жылдар аралығында шыққан трилогиясының жалғасы. Disney-дің балаларға арналған жобасы хоккейден «Құдыретті үйректер» балалар командасы туралы. Осы команданың мүшесі – 12 жасар Эван қанша тырысса да көп қателік жібереді. Ақыры оны командадан шығарады. Алайда оның анасы баласының бұл жағдайына көнгісі келмейді. Ол ұлын жаңа команда құруға көндіреді. Құрамына мектептегі аутсайдер балалар кіреді.

Премьерасы: 26 наурыз.

Зақымданбайтын адам / Неуязвимый / Invincible

Анимациялық сериалда Марк Грэйсон деген жасөспірім туралы баяндалады. Оның әкесі – әлемдегі ең құдыретті суперқаһарман Омни-мен. 17 жасқа толғаннан кейін Марк өз бойынан да ерекше қабілет байқайды: ол ұша алады, көп күші бар және мүлдем зақымданбайды. Жас қаһарман өз дарынын басқаруды үйренуі керек. Жобаға Роберт Киркманның аттас комикстері арқау болған.

Премьерасы: 26 наурыз.

Кезекті маусыммен шыққан сериалдар:

21 наурыз:
– Соңғы ғарыш / Крайний космос / Final Space; драма, фантастика, фэнтези, комедия, боевик, қызық оқиғалы (АҚШ): 3 маусым

22 наурыз:
– Жарқыраған сауыт киген Дуайт / Дуайт в сияющих доспехах / Dwight in Shining Armor; фэнтези, комедия, қызық оқиғалы (АҚШ): 5 маусым
– Көп балалы / Родители года / Breeders; комедия (Ұлыбритания): 2 маусым
– Кемеңгер / Гений / Genius; драма, тарихи, өмірбаян (АҚШ): 3 маусым

27 наурыз:
– Күннің қарсы беті / Солнечные противоположности / Solar Opposites; фантастика, комедия, мультфильм (АҚШ): 2 маусым

29 наурыз:
– Төбедегі қала / Город на холме / City on a Hill; драма, қылмыстық, триллер (АҚШ): 2 маусым

31 наурыз:
– Супергерл / Supergirl; фантастика (АҚШ): 6 маусым.

Соңы.

Бөлісу
  • 51
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған