Данияр Алшынов француз триллерінде басты рөлде ойнайды

данияр алшынов

«Қап-қара адам» (2020) фильмінен кадр

Қазақ актерлері Данияр Алшынов пен Самал Еслямова француз триллеріне түседі. Canal+ телеарнасының «Infiniti» мини-сериалының оқиғасы Қазақстанда өтеді.

Сюжеті жұмбақ өлімді тергеу туралы. Халықаралық ғарыш станциясымен байланыс үзіліп, экипаждың тағдыры беймәлім болады. Сол кезде Қазақстанда үйдің төбесінен денесі бөлшектелген адамның денесі табылады. Тергеу барысында бұл ХҒС-да жұмыс атқарып жатқан америкалық астронавттың мәйіті екені анықталады. Бұрынғы француз ғарышкері (Селин Саллетт) мен қазақ полицейі (Данияр Алшынов) парадоксқа толы осы істі зерттейді.

Актерлердің халықаралық құрамында, сондай-ақ, Влад Иванов, Лекс Шрэпнел, Карина Арутюнян, Анатолий Панченко, Эллора Торчия, Лорен Капеллуто, Джаррет Дж. Мерц, Самал Еслямова бар. Режиссері – Тьерри Пуаро («Zone Blanche«).

6 сериядан тұратын жобаның түсірілімі 1 наурызда басталды. 14 аптаға созылатын түсірілім жұмыстары Украинада, Қазақстанда және Францияда өтеді.

Дереккөз: CANAL+ / https://www.canalplus.com/

Бөлісу
  • 2
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған