Ресейліктер қазақ даласында «шаман нуарын» түсіріп жатыр

«Шаман» фильмінің түсірілімінен кадр / facebook.com/123production

Қазақстанда «Шаман» деген сериалдың түсірілімі басталды. Режиссері – ресейлік Рустам Мосафир, ол осыған дейін «Скиф» тарихи боевигін түсірген еді.

Сериал «готика элементтері бар шаман нуары» деп суреттеледі. Басты кейіпкер – шағын елді мекенде тұратын полиция тергеушісі. Александрдың бойында шамандық қасиет бар, бұл оған қиын істерді ашуға көмектеседі. Кейіпкер рухтармен тілдесе алады, тылсым күштердің құрсауына түскен адамдарды құтқарады.

Сериалда этникалық жөн-жоралғылар көп болады, бірақ белгілі бір этностың салтына байланып қалмайды. Сценарийшілер Бромның, Лавкрафттың, Клайв Баркердің, Стивен Кингтің еңбектерінен шабыт алған. Ал түсіру тобы локацияны қазақ даласынан таңдаған кезде Эндрю Ньюэлл Уайеттің картиналарына сүйенген.

Жобаға орыс, бурят, қазақ актерлері қатысады. Өндірісті ресейлік 1-2-3 Production компаниясы жүргізеді.

Бөлісу
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған