Әдеттегідей «Оскар» марапаттау кешінің қарсаңында 2020 жылғы кинематограф саласындағы күмәнді жетістіктер үшін «Алтын таңқурай» антижүлдесінің иегерлері белгілі болды. 41-ші марапаттың иегерлері Razzies YouTube арнасында 2021 жылы 24 сәуірде жарияланды.
Сонымен «Алтын таңқурай 2021» лауреаттары:
Нашар фильм: «Бұлтартпас дәлел» / «Absolute Proof»
Нашар актер: Майк Линделл – «Бұлтартпас дәлел» / «Absolute Proof»
Нашар актриса: Кейт Хадсон – «Мьюзик» / «Music»
Екінші пландағы нашар актер: Руди Джулиани – «Борат 2» / «Borat Subsequent Moviefilm»
Екінші пландағы нашар актриса: Мэдди Зиглер – «Мьюзик» / «Music»
Нашар режиссер: Sia – «Мьюзик» / «Music»
Нашар сценарий: Blanka Lipinska, Tomasz Klimala, Томаш Мандес, Барбара Бяловас – «365 күн / 365 dni»
Нашар приквел, ремейк, жасанды немесе сиквел – «Дулиттл» / «Dolittle»
Нашар экран комбинациясы: Руди Джулиани және оның шалбарының сыдырмасы – «Борат 2» / «Borat Subsequent Moviefilm»
Дереккөз: razzies.com