25 сәуірде 93 «Оскар» жүлдесімен марапаттау шарасы өтті. Американың кинематография өнері мен ғылымы академиясы 23 номинация бойынша үздіктерді анықтады.
Фаворит саналған «Көшпенділер елі / Nomadland» алты номинацияның үшеуін жеңіп алды. Ал 10 номинацияға іліккен «Манк / Mank» картинасы екеуін ғана иемденді. 2 «Оскардан» алғандар тізімінде «Әке / The Father», «Иуда және қара мессия / Judas and the Black Messiah», «Металл үні / Sound of Metal», «Ма Рейнидің Қара биі / Ma Rainey’s Black Bottom», «Жан / Soul» фильмдері бар.
Сонымен «Оскар 2021» жеңімпаздарының толық тізімі:
- Үздік фильм: «Көшпенділер елі / Nomadland»
- Үздік актер: Энтони Хопкинс – «Әке / The Father»
- Үздік актриса: Фрэнсис Макдорманд – «Көшпенділер елі / Nomadland»
- Екінші пландағы үздік актер: Дэниел Калуя – «Иуда және қара мессия / Judas and the Black Messiah»
- Екінші пландағы үздік актриса: Юн Ёджон – «Минари / Minari»
- Үздік анимациялық толықметраж фильм: «Жан / Soul»
- Үздік операторлық жұмыс: Эрик Мессершмидт – «Манк / Mank»
- Үздік костюм дизайны: Энн Рот – «Ма Рейнидің Қара биі / Ma Rainey’s Black Bottom»
- Үздік режиссерлік жұмыс: Хлоя Чжао – «Көшпенділер елі / Nomadland»
- Үздік деректі толықметраж фильм: «Менің сегізаяқ ұстазым / My Octopus Teacher» (Пиппа Эрлих, Джеймс Рид, Крейг Фостер)
- Үздік деректі қысқаметраж фильм: «Колетт / Colette» (Энтони Джаккино, Элис Доярд)
- Үздік монтаж: Миккель Э. Г. Нильсен – «Металл үні / Sound of Metal»
- Үздік халықаралық толықметраж фильм: «Жұмысбасты / Druk» (Дания)
- Үздік бет әрлеу және шаш үлгісі: Матики Анофф, Мия Нил, Ларри М. Черри – «Ма Рейнидің Қара биі / Ma Rainey’s Black Bottom»
- Үздік музыка: Трент Резнор, Аттикус Росс, Джо Батист – «Жан / Soul»
- Үздік ән: «Fight for You» – «Иуда және қара мессия / Judas and the Black Messiah»
- Үздік қоюшы-суретші: Дональд Грэм Бёрт, Джен Паскаль – «Манк / Mank»
- Үздік анимациялық қысқаметраж фильм: «Бірдеңе болып жатса – мен сені сүйемін / If Anything Happens I Love You» (Уилл МакКормак и Майкл Говье)
- Үздік қысқаметраж көркем фильм: «Алыстағы екі бейтаныс / Two Distant Strangers» (Трэвон Фри, Мартин Десмонд Роу)
- Үздік дыбыс: Николас Беккер, Хайме Бакшт, Мишель Куттоленк, Карлос Кортес, Филип Блад – «Металл үні / Sound of Metal»
- Үздік визуал эффектілер: Эндрю Джексон, Дэвид Ли, Эндрю Локли, Скотт Фишер – «Теңет / Tenet»
- Үздік бейімделген сценарий: Кристофер Хэмптон, Флориан Зеллер – «Әке / The Father»
- Үздік түпнұсқа сценарий: Эмеральд Феннелл – «Болашағы бар қыз / Promising Young Woman»