Pixar студиясының «Лука» мультфильмі қазақша дубляжбен көрсетіледі

Disney/Pixar студиясының «Лука» / «Luca» анимациялық картинасы Қазақстан кинотеатрларына қазақша дубляжбен шығады.

Мультфильм «Болашақ» корпоративтік қорының және «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында аударылып отыр. Осыған дейін дубляждалған фильмдерді қоса есептесек бұл 37-жоба.

Сюжетте Лука есімді балақай Италияның Ривьерасындағы теңіз жағалауында орналасқан әдемі қалаға демалуға келеді. Онда ол өзіне уақытты бірге қызықты өткізетін жаңа дос табады. Екеуі бірге түрлі ұмытылмас оқиғаларға тап болады. Барлығы керемет, алайда Луканың жаңа досы – бала кейпіндегі жағалау суларының тереңін мекендейтін теңіз монстры екен…

Мультфильм 17 маусымда прокатқа шығады.

Бөлісу
  • 62
  •  
  •  
  •  
  • 1
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған