Алматыда Федор Бондарчуктің жетекшілігімен фильм түсіріліп жатыр

Ресей режиссері, актер және продюсер Федор Бондарчуктың жетекшілік етуімен Алматыда «Скоро кончится лето» картинасы түсіріліп жатыр.

Қазақстан-Ресей бірігіп түсіретін картина 1990 жылдардағы Қазақстан жастарының өмірі көрсетіледі. Сюжетте алғашқы махаббат, көшедегі текетірес тақырыбы қозғалып, Виктор Цой, «Аквариум» секілді сол кезеңнің музыкасы, қазақ поп-музыкасының алғашқы хиттары сөз болады.

Басты кейіпкер – Берта деген сұлудың жүрегін гипноздың көмегімен жаулап алмақ болған Баха есімді бозбала. Көп ұлттан құралған қала ауласының өмірі көрсетіледі: кейіпкерлердің бозбала шағының соңғы жазы, Виктор Цойдың соңғы жазы және КСРО күйреудің алдындағы соңғы жаз.

Федор Бондарчук – жобаның көркемдік жетекшісі. Қазақстандық тараптан Еркежан Мақсұт продюсер болады. Негізгі актерлік құрамға бұрын-соңғы көрінбеген жаңа таланттар алынған. Ал белгілі актерлерден Ержан Нұрымбет, Алтынай Нөгербек, Ержан Түсіпов пен Ербол Семқұлов бар. Фильмді Яна Скопина деген дебютант қыз түсіреді. Сценарийді де өзі жазған. Яна қазір Ресейде тұрса да, балалық шағы Алматыда өткен.

Түсірілім 15 маусымда басталып, 7 тамызға дейін жалғасады. Прокаты 2022 жылға жоспарланған.

Бөлісу
  • 20
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған