Нео оралды: жаңа «Матрицаның» трейлері шықты

Warner Bros. студиясы «The Matrix Resurrections» («Матрица: Тірілу») фантастикалық боевигінің алғашқы трейлерін жариялады. Бұл сол кезде ағайынды болған Вачовскилердің «Матрица» трилогиясының жалғасы. Жобаға жынысын ауыстырғаннан кейін Лана Вачовски деген атпен белгілі, бұрынғы Лоуренс Вачовски бір өзі режиссер болды.

Видеороликте Киану Ривздің кейіпкері көрсетіледі: ол заманауи әлемде өмір сүреді және әлдебір ұмытқан естеліктерін еске түсіруге тырысады. Ол психотерапевпен кездесіп жүреді және үнемі көк таблетка қабылдайды.

Төртінші бөлім 2021 жылы желтоқсанда жарық көреді. Картина бір мезгілде прокатқа да, HBO Max платформасына да шығады деп мәлімделді. Сюжетте Нео мен Тринити қайта көрсетіледі, сондай-ақ жаңа кейіпкерлер де пайда болады. Соның бірі – түпнұсқа трилогияда Морфеусті ойнаған Лоуренс Фишборнның орнына Яхья Абдул-Матин II келді.

Бөлісу
  • 2
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған