Венеция кинофестивалі 2021: жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Одри Диван марапаттау кезінде

78-ші Венеция халықаралық кинофестивалінің жұмысы аяқталды. 1-11 қыркүйек аралығында өткен кино мейрамында француз режиссері Одри Диванның «Оқиға» / «L’événement» драмасы «Алтын арыстанды» жеңіп алды, ал итальян мэтрі Паоло Соррентиноның «Құдайдың қолы» / «È stata la mano di Dio» картинасымен қазылар гран-приіне ие болды.

Фестивалді екі рет «Оскар» алған испан режиссері Педро Альмодовардың «Параллель аналар» / «Madres paralelas» фильмі ашып берді. Ал 4 «Оскардың» иегері Пон Чжун Хо негізгі конкурстың қазылар алқасын басқарды.

Жаңазеландия режиссері Джейн Кэмпион «Иттің күші» / «The Power of the Dog» жұмысы үшін «Күміс арыстан» алды. Вольпи кубогы жүлдесінде Пенелопа Крус («Параллель аналар» / «Madres paralelas») үздік актриса, Джон Арсилья («Жұмыста: Жоғалған 8» / «On the Job: The Missing 8») үздік актер атанды. Үздік сценарийші ретінде «Жоғалған қыз» / «The Lost Daughter» картинасын әкелген Мэгги Джилленхол марапатталды.

Қазылардың арнайы сыйлығы итальян фильммейкері Микеланджело Фраммартиноға, Марчелло Мастроянни атындағы сыйлық «Құдайдың қолы» / «È stata la mano di Dio» фильмінде ойнаған Филиппо Скоттиға берілді.

«Көкжиек» бағдарламасының негізгі конкурсында Литвадан келген Лауринас Барейшаның «Пірәдәр» / «Piligrimai» фильмі үздік шықты.

Құрметті «Алтын арыстан» сыйлығымен актерлер Роберто Бениньи мен Джейми Ли Кёртис марапатталды.

Бөлісу
  • 17
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған