Қазақстан мен Өзбекстан бірігіп Қожанасыр туралы мультфильм түсіреді

Қазақстан және Өзбекстан аниматорлары бірігіп Орталық Азия халықтарының фольклорында кездесетін танымал кейіпкер Ходжа Насреддин, немесе Қожанасыр туралы анимациялық картина жасамақшы. Жобаны ресейлік Тимур Бекмамбетов басқаратын «Базелевс» кинокомпаниясы іске асырады.

1 қазанда Ташкенттегі «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі аясында «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Базелевс» компаниясы мен Өзбекстан ұлттық кинематография агенттігі арасында келісімге қол қойылды. Аталған іс-шара Ресей мен Орталық Азия елдерінің бірлескен өндірісіне арналған басқосу барысында өтті.

Келісім құжатына «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, «Базелевс» компаниясының бас продюсері Тимур Бекмамбетов және Өзбекстан Республикасы Кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов қол қойды.

Келісім бойынша, Тимур Бекмамбетовтің жаңа анимациялық жобасы аңызға айналған Шығыс кейіпкері Қожанасырдың шытырман оқиғалары Қазақстан мен Өзбекстанда өтеді. Сондай-ақ, Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» кинокомпаниясы «Қазақфильм» киностудиясымен және Өзбекстан Ұлттық кинематография агенттігімен бірлесіп Қазақстан мен Өзбекстанда анимация мектептерін ашады.

Орта Азия елдерінде Қожанасырды қатты құрметтейді әрі жақсы көреді және оның туған жері осында деп есептеледі. Біз KION-мен бірге ертегілер мен тәмсілдердің сүйікті кейіпкерінің шытырман оқиғалары туралы анимациялық фильмді оның отаны Шығыс пен Орталық Азияда түсіретінімізге қуаныштымыз. Сонымен қатар бұл жобада бізге жергілікті суретшілер анимация жасауға көмектеседі, – деп, пікірін білдірді Тимур Бекмамбетов.

Анимациялық картина жылдың басында Мәскеуде тұсауы кесілген Бекмамбетовтың қуыршақтар қойылымының сюжетінің желісімен түсіріледі.

Бөлісу
  • 16
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған