Лос-Анджелесте «Алтын глобус» жүлдесінің 77 марапаттау шарасы өтті.
Кино саласы:
- Үздік фильм – драма: «1917 / 1917»
- Үздік фильм – комедия немесе мюзикл: «Бір күні… Голливудта / Once Upon a Time in Hollywood»
- Үздік режиссер: Сэм Мендес («1917 / 1917»)
- Үздік драма актері: Хоакин Феникс («Джокер / Joker»)
- Үздік драма актрисасы: Рене Зеллвегер («Джуди / Judy»)
- Мюзиклдағы немесе комедиядағы үздік актер: Тэрон Эджертон («Рокетмен / Rocketman»)
- Мюзиклдағы және комедиядағы үздік актриса: Аквафина («Қоштасу / The Farewell»)
- Екінші пландағы үздік актер: Брэд Питт («Бір күні… Голливудта / Once Upon a Time in Hollywood»)
- Екінші пландағы үздік актриса: Лора Дерн («Неке оқиғасы / Marriage Story»)
- Үздік сценарий: Квентин Тарантино («Бір күні… Голливудта / Once Upon a Time in Hollywood»)
- Үздік фильм музыкасы: Хильдур Гуднадоуттир («Джокер / Joker»)
- Үздік ән: «(I’m Gonna) Love Me Again» («Рокетмен / Rocketman»)
- Үздік анимациялық фильм: «Линкті іздеу / Missing Link»
- Шет тіліндегі үздік фильм: «Паразит» / «Gisaengchung» (Оңтүстік Корея)
Кинематография саласына қосқан үлесі үшін Сесил Б. Де Милль атындағы құрмет сыйлығына Том Хэнкс ие болды.
Телевидение саласы:
- Үздік драма сериал: «Мұрагерлік / Succession»
- Үздік мюзикл немесе комедия сериал: «Оңбаған / Fleabag»
- Үздік мини-сериал немесе телефильм: «Чернобыль / Chernobyl»
- Драма сериалдағы үздік актер: Брайан Кокс («Мұрагерлік / Succession»)
- Драма сериалдағы үздік актриса: Оливия Колман («Тәж / The Crown»)
- Мюзикл немесе комедия сериалдағы үздік актер: Рами Юссеф («Рами / Ramy«)
- Мюзикл немесе комедия сериалдағы үздік актриса: Фиби Уоллер-Бридж («Оңбаған / Fleabag»)
- Мини-сериалдағы немесе телефильмдегі үздік актер: Рассел Кроу («Ең қатты дауыс / The Loudest Voice»)
- Мини-сериалдағы немесе телефильмдегі үздік актриса: Мишель Уильямс («Фосси/Вердон / «Fosse/Verdon»)
- Сериалдағы, мини-сериалдағы немесе телефильмдегі екінші пландағы үздік актер: Стеллан Скарсгард («Чернобыль / Chernobyl»)
- Сериалдағы, мини-сериалдағы немесе телефильмдегі екінші пландағы үздік актриса: Патриция Аркетт («Амал / The Act»)
Телевидение саласына қосқан үлесі үшін Сесил Б. Де Милль атындағы құрмет сыйлығына Эллен ДеДженерес ие болды.