Оскар 2020: Жеңімпаздар

10 ақпан күні 92 «Оскар» жүлдесімен марапаттау шарасы өтті. Американың кинематография өнері мен ғылымы академиясы 24 номинация бойынша үздіктерді анықтады. Марапаттау кеші тарихта осымен үшінші рет жүргізушісіз өтті.

Фото: AFP via Getty Images

Оңтүстік Корея режиссері Пон Джун-хоның «Паразит» картинасы биыл нағыз триумфтор болды: 6 номинацияға ұсынылып, оның төртеуін иеленді. Фильм «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік халықаралық толықметраж фильм» және «Үздік түпнұсқа» сценарий секілді аса маңызды номинацияларды жеңіп алып отыр.

Сонымен «Оскар 2020» жеңімпаздарының толық тізімі:

  • Үздік фильм: «Паразит / Parasite»
  • Үздік актер: Хоакин Феникс – «Джокер / Joker»
  • Үздік актриса: Рене Зеллвегер – «Джуди / Judy»
  • Екінші пландағы үздік актер: Брэд Питт – «Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»
  • Екінші пландағы үздік актриса: Лора Дерн – «Неке оқиғасы / Marriage Story»
  • Үздік анимациялық толықметраж фильм: «Ойыншықтар хикаясы 4 / Toy Story 4″
  • Үздік операторлық жұмыс: Роджер Дикинс – «1917»
  • Үздік костюм дизайны: Жаклин Дюрран – «Кішкентай әйелдер / Little Women»
  • Үздік режиссерлік жұмыс: Пон Джун-хо – «Паразит / Parasite»
  • Үздік деректі толықметраж фильм: «Америка фабрикасы / American Factory» (Стивен Богнар, Джулия Райхерт)
  • Үздік деректі қысқаметраж фильм: «Соғыс аймағында скейтборд теуіп үйрену (Егер сен қыз болсаң) / Learning to Skateboard in a Warzone (If You’re a Girl)» (Кэрол Дайсингер, Елена Андрейчева)
  • Үздік монтаж: Эндрю Бакленд мен Майкл Маккаскер – «Форд Феррариге қарсы / Ford v Ferrari»
  • Үздік халықаралық толықметраж фильм: «Паразит / Parasite»
  • Үздік бет әрлеу және шаш үлгісі: Кадзу Хиро, Энн Морган және Вивиан Бейкер – «Төбеден жай түскендей / Bombshell»
  • Үздік музыка: Хильдур Гуднадоуттир – «Джокер / Joker»
  • Үхдік ән: «(I’m Gonna) Love Me Again» – «Рокетмен / Rocketman»
  • Үздік қоюшы-суретші: Барбара Линг, Нэнси Хэй – «Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»
  • Үздік анимациялық қысқаметраж фильм: «Hair Love» (Мэттью А. Черри, Карен Руперт Толивер)
  • Үздік қысқаметраж көркем фильм: «Көршінің терезесі / The Neighbors’ Window» (Маршалл Карри)
  • Үздік дыбыс монтажы: Дональд Сильвестр – «Форд Феррариге қарсы / Ford v Ferrari»
  • Үздік дыбыс: Марк Тейлор мен Стюарт Уилсон – «1917»
  • Үздік визуал эффектілер: Гийом Рошрон, Грег Батлер және Доминик Туи – «1917»
  • Үздік бейімделген сценарий: Тайка Вайтити – «Қоян Джоджо / Jojo Rabbit»
  • Үздік түпнұсқа сценарий: Пон Джун-хоХан Джин-вон – «Паразит / Parasite»

«Оскардың» төртеуін алған «Паразиттен» бөлек бірнеше мүсіншеге ие болғандар қатарында «1917» (3), «Джокер» (2), «Бір күні… Голливудта» (2) және «Форд Феррариге қарсы» (2) картиналары бар.

Бөлісу
  • 9
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған