Қаңтардың жаңа сериалдарына арналған шолуды жалғастырамыз.

Зоидың экстраординар плейлисті / Экстраординарный плейлист Зои / Zoey’s Extraordinary Playlist

Америкалық мюзикл-комедия. Сюжетте денсаулығын тексерткеннен кейін ерекше қабілетке ие болған қыз туралы айтылады. Енді ол адамдардың ойын ести алады. Бір қызығы — естігендерінің барлығы қарапайым сөзбен емес, танымал әндер арқылы жетеді. Соның арқасында Зоидың өмірі түгелдей мюзиклға айналады, төңірегіндегі адамдардың бәрі ән салып тұрғандай болады.

Премьерасы: 8 қаңтар

Линкольн Райм: Сүйек коллекционерінің ізіне түсу / Линкольн Райм: Охота на Собирателя костей / Lincoln Rhyme: Hunt for the Bone Collector

Детектив драма Линкольн Райм есімді танымал криминалист туралы. Ол бұрын Нью-Йорк полициясында детектив болып істеп, Коллекционер деген атпен белгілі атақты қылмыскердің ізіне түскен. Бірақ маньякты ұстамақ болғанда биіктен құлап, өмір бойы мүгедек болып қалған еді. Енді Линкольн талантты офицер Амелия Саксқа кеңес беріп, күрделі істерді ашуға көмектеседі. Сонымен қатар өзін төсекке таңылуына себепші болған қылмыскерді табуды мақсат етеді.

Премьерасы: 10 қаңтар

Бөтен адам / Чужак / The Outsider

Стивен Кингтің 2018 жылғы шығармасына негізделген триллер. Сериалдың басты кейіпкері — ағылшын тілінің мұғалімі, спорт бапкері, адал жар және екі қыздың әкесі Терри Мэйтленд. Күтпеген жерден оны 11 жасар ұлдың өліміне күдікті деп қамауға алады. Куәгерлер мен камера жазбалары оның бұл іске қатысы жоқ екенін айғақтайды, алайда қылмыс орнында оның саусақ іздері мен ДНҚ-сы табылады.

Сериалда басты рөлде Джейсон Бейтман ойнайды, ол, сондай-ақ, режиссер және продюсер міндетін атқарды.

Премьерасы: 12 қаңтар

Кішкентай Америка / Маленькая Америка / Little America

Комедия жанрындағы сериалға Epic Magazine журналында жарияланған адамдардың шынайы оқиғалары арқау болған. Кейіпкерлер — АҚШ-та тұратын және жаңа үйге, жаңа қоғамға және жаңа өмірге бейімделуге тырысқан иммигранттар.

Премьерасы: 18 қаңтар

911: Жалғыз жұлдыз / 911: Одинокая звезда / 9-1-1: Lone Star

2018 жылы шыққан, құтқарушылар туралы «911» сериалының спин-оффы. Сюжетте Оуэн Стрэнд есімді өрт сөндіруші туралы баяндалады. Ол ұлымен бірге Нью-Йорктан Остинге көшіп келеді. Оуэн жаңа қалада ұлының тәрбиесі мен адам өмірін құтқарумен байланысты жұмысы арасында тепе-теңдік сақтауға тырысады.

Премьерасы: 19 қаңтар

Енді кезекті маусымын ұсынатын сериалдар тізімі:

  • 10 қаңтар: Жас Папа / Молодой Папа / The Young Pope (драма), АҚШ, Испания, Италия, Франция; 2 маусым премьерасы
  • 16 қаңтар: Сиқыршылар / Волшебники / The Magicians (драма, фэнтези, детектив), АҚШ; 5 маусым премьерасы
  • 16 қаңтар: Грейс пен Фрэнки / Грейс и Фрэнки / Grace and Frankie (комедия), АҚШ; 6 маусым премьерасы
  • 17 қаңтар: Жыныстық сауат / Половое воспитание / Sex Education (драма, комедия), Ұлыбритания; 2 маусым премьерасы
  • 19 қаңтар: Күш / Ударная группа / Force (драма, қылмыстық), Нидерланд; 5 маусым премьерасы

Жалғасы бар…

Бөлісу
  • 7
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *