Бұрынғы Fox компаниясының фильмдерін Қазақстанда енді басқа прокатшы таратады

Қазақстанда 20th Century Studios және Searhlight Pictures студиялары шығаратын фильмдердің дистрибьюторы өзгерді. Бұрын олардың прокатымен «Двадцатый Век Фокс СНГ» (Жиырмасыншы Ғасыр Фокс ТМД) компаниясының жергілікті офисы айналысқан еді. Наурыздан бастап бүкіл пакеті «Меломан» компаниясына өтеді. Бұл аталған студиялардың фильмдерінің дистрибуциялық схемасындағы жаһандық өзгерістерімен байланысты. 2020 жылғы наурыздан бастап ТМД территориясында олардың прокатымен Disney компаниясы айналысады. Қазақстан территориясында «Меломан» оның пакетінің кинотеатрлық дистрибьюторы болып отыр.

Соңғы жылдары «Меломан» еліміздің кинопрокат нарығындағы жетекші ойыншы болып келді. Алдын-ала мәліметтерге сенсек 2019 жылдың қорытындысы бойынша компания осы нарықтың кем дегенде 52% алып отыр. «Двадцатый Век Фокс СНГ» пакетіне ие болғаннан кейін ол монополиске айналуы мүмкін. «Двадцатый Век Фокс СНГ» компаниясының қазақстандық офисы нарықтың салмақты ойыншысы болып саналған жоқ: 2019 жылдың қорытындысы бойынша оның үлесі шамамен 4% құрауы мүмкін.

Нарықтың тәуелсіз сарапшысы Анна Дармодехинаның айтуынша, Fox-тың Қазақстан нарығындағы үлесінің шағын болуы тек өз фильмін ғана таратумен айналысқаны себеп. Ал «Меломан» пакетінде Disney және Sony секілді бірнеше мейджор бар. Сонымен қатар компания «Наше кино», «Большое кино», Bazelevs, «Экспонента», «Каропрокат», RWV секілді ресейлік дистрибьюторлармен жұмыс істеді.

Маңызы мен нарықтағы көлемі бойынша елдегі екінші компания – Sulpak Cinema. Оның пакетінде де бірнеше компания өнімі бар. Сондай-ақ «Меломан» да, Sulpak Cinema да отандық киноның прокатымен айналысады. Ал «Фокс» тек бір рет қана қазақстандық картинаны нарыққа шығарды. Ол – Ақан Сатаевтың «Она» фильмі.

Біле жүріңіз: 2017 жылдың соңында Disney компаниясы 21st Century Fox компаниясын сатып алды. Соңғысының құрамына 20th Century Fox студиясы да кіреді. Осы мәміленің нәтижесінде Fox студиясының кинотекасындағы танымал франшизалардың барлығы Disney меншігіне өтті. Сонымен қатар 20th Century Fox атауы 20th Century Studios деп өзгертілді. Бұл өзгеріс құрамында бірнеше жаңалық және спорт телеарналары қалған Fox Corporation-мен шатастырып алмау үшін жасалды.

 

Дереккөз: kinometro.ru

Бөлісу
  • 6
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған