Кинематограф саласында 2019 жылғы жетістіктер үшін Британ киноакадемиясының BAFTA жүлдесі үлестірілді. Айта кетер жаңалық – биыл алғаш рет «Үздік кастинг» санаты енгізіліп отыр.
Марапат саны бойынша «1917» үздік шықты. Ол 9 номинацияға ұсынылып, жетеуінде жеңіске жетті.
Алдымен негізгі санаттар бойынша жеңімпаздар:
- Үздік фильм:«1917»
- Үздік британ фильмі: «1917»
- Ағылшын тілді емес үздік фильм:«Паразит / Parasite»
- Үздік режиссер: Сэм Мендес – «1917»
- Үздік актер: Хоакин Феникс – «Джокер / Joker»
- Үздік актриса: Рене Зеллвегер – «Джуди / Judy»
- Екінші пландағы үздік актер: Брэд Питт – «Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»
- Екінші пландағы үздік актриса: Лора Дерн – «Неке оқиғасы / Marriage Story»
- Үздік толықметражды анимациялық фильм: «Клаус / Klaus»
- Үздік түпнұсқа сценарий: Пон Джун-хо, Хан Джин-вон – «Паразит / Parasite»
- Үздік бейімделген сценарий: Тайка Вайтити – «Қоян Джоджо / Jojo Rabbit»
Басқа санаттар:
- Фильмге үздік музыка: Хильдур Гуднадоуттир – «Джокер / Joker»
- Үздік операторлық жұмыс: Роджер Дикинс – «1917»
- Үздік визуал эффектілер: Гийом Рошрон, Грег Батлер және Доминик Туи – «1917»
- Үздік грим және шаш үлгісі: Кадзу Хиро, Энн Морган және Вивиан Бейкер – «Төбеден жай түскендей / Bombshell»
- Үздік қоюшы-суретші: Деннис Гасснер, Ли Сандалес – «1917
- Үздік костюм дизайны: Жаклин Дюрран – «Кішкентай әйелдер / Little Women»
- Үздік монтаж: Эндрю Бакленд мен Майкл Маккаскер – «Форд Феррариге қарсы / Ford v Ferrari»
- Үздік дыбыс: Скотт Миллан, Оливер Тарни, Рэйчел Тейт, Марк Тейлор, Стюарт Уилсон – «1917»
- Үздік кастинг: Шайна Марковиц – «Джокер / Joker»
- Үздік деректі фильм: «Сама үшін / For Sama»
- Үздік қысқаметражды фильм: «Соғыс аймағында скейтборд теуіп үйрену (Егер сен қыз болсаң) / Learning to Skateboard in a Warzone (If You’re a Girl)
- Үздік анимациялық қысқаметражды фильм: «Grandad was a romantic»
- Британ сценарийшісінің, режиссерінің немесе продюсерінің үздік дебюті: Марк Дженкин (сценарийші, режиссёр), Кейт Байерс, Линн Уэйт (продюсер) – «Жемтік / Bait»
- Жас жұлдыз: Майкл Уорд