Қазақстан режиссері Әділхан Ержанов «Коллективный иммунитет» деген жаңа картинасының түсірілімін аяқтады.
Сюжетте іс жүргізу тәсілі бір-біріне қарама-қайшы екі полицей туралы айтылады. Біреуі – ауылдың учаскелік полицейі, жұрт оны заң бұзу жағдайларына көз жұма қарайтыны үшін жақсы көреді. Екіншісі – аудан полициясының принципшіл және адал бастығы. Ол ауылға келіп, жергілікті қылмысты жоймақшы болады. Ал ауыл учаскелік инспекторы қиын шешім қабылдауы керек – не ескі достық, не заңды ұстану.
Әділхан Ержановтың айтуынша бұл бадди-муви стиліндегі кино, яғни екі кейіпкер бәсекелесіп, жауға айналады. Ақырында ортақ шешімге келеді. Оқиға орны – режиссердің бірнеше фильмінде көрініс тапқан Қаратас ауылы.
Түсірілім 1-15 маусым аралығында өтті. Басты рөлдерде Данияр Алшынов («Қап-қара адам«, «Атбайдың шайқасы»), Әсел Сәдуақасова («Атбайдың шайқасы»), Ержан Жаманқұлов ойнайды. Продюсерлер қатарында белгілі отандық кинематографшы Ақан Сатаев («Әлемге жылы бейжайлық«, «Қап-қара адам«) бар. Фильм прокатқа 2021 жылы қыста шығады деп жопарланған.