«Абай ТВ» телеарнасындағы «Соңғы муза» – кино тақырыбында әңгіме өрбітетін қазақша телехабар. Бағдарлама редакторлары хабарласып, осы жобаға қатысуымды сұрады. Бір қызығы – бұл өмірімде қатысқан кино туралы алғашқы тележоба екен.
Бағдарламаның екі шығарылымының түсіріліміне қатыстым. Бірінші талқылаған картинамыз – Чад режиссері Махамат-Салех Харунның «Франциядағы маусым» / «Une saison en France» драмасы. Бұл фильм босқындар тақырыбына арналады:
Сізді де кино әлемі, оны талқылау, анализдеу қызықтырса – осы бағдарламаны көріп жүруді ұсынар едім. Қонақтар қызық ойлар айтатын, өзің байқамаған деталдар ашылатын алаң.