Жылдың ең нашарлары: «Алтын таңқурай 2020» иегерлері анықталды

2019 жылғы кинематограф саласындағы күмәнді жетістіктер үшін «Алтын таңқурай» жүлдесінің иегерлері белгілі болды. 40 марапаттау шарасы Razzies YouTube арнасында 2020 жылы 16 наурызда өтті. Бастапқыда негізі Barnsdall Gallery Theatre-де өтіп, алғаш рет телевидениеден көрсетілуі тиіс еді. Бірақ коронавирусқа байланысты бұқаралық жиындарға тыйым салынғандықтан бұл іске аспай қалды.

Сонымен «Алтын таңқурай 2020» лауреаттары:

Нашар фильм: «Мысықтар» / «Cats»

Нашар актер: Джон Траволта – «Фанатик» / «The Fanatic» және «Бояу жұқтыру» / «Trading Paint»

Нашар актриса: Хилари Дафф – «Шэрон Тейттың елестері» / «The Haunting of Sharon Tate»

Екінші пландағы нашар актер: Джеймс Корден – «Мысықтар» / «Cats»

Екінші пландағы нашар актриса: Ребел Уилсон – «Мысықтар» / «Cats»

Нашар режиссер: Том Хупер – «Мысықтар» / «Cats»

Нашар сценарий: Ли ХоллТом Хупер – «Мысықтар» / «Cats»

Нашар ремейк, жасанды немесе сиквел – «Рэмбо: Соңғы қан» / «Rambo: Last Blood»

Нашар экран комбинациясы: «Мысықтар» / «Cats» (кез келген екі шаламысық-шалаадамның жүн түйіршігі)

Адам өмірін және қоғам меншігін аңдамай кемсіту: «Рэмбо: Соңғы қан» / «Rambo: Last Blood»

Абыройын қалпына келтіргені үшін сыйлық: Эдди Мерфи – «Атым менің Долемайт» / «Dolemite Is My Name»