Мұқағали Мақатаев туралы картина қазанда шығады

Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» байопигі 21 қазанда прокатқа шығады. Фильмнің өндірісімен «Қазақфильм» киностудиясы айналысты.

Көркем картинаға М. Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары арқау болған. Сюжетте Қазақ КСР Жазушылар Одағы кезекті жиналыста ақынның тағдырын шешкен сәті көрсетіледі.

Басты рөлдерде Асланбек Жанбалаев, Толғанай Бейсембаева, Азиза Рысбаева, Бақытжан Қажымұқан, Раушан Мажитова, Бауыржан Қаптағай ойнайды.

Режиссердің айтуынша бұл фильмнің идеясы 15 жыл көкейінде жүрген. Туындының түсірілімі 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды. Түсірілім жұмыстары Өскемен, Алматы және Санкт-Петербург қалаларында өтті.