«Оскар 2020» жеңімпаз-фильмдерін қайдан көреміз

«Оскар 2020» өтті, жеңімпаздар марапатталды, фильмдер талқыланды. Енді сол фильмдерді көру ғана қалды 🙂

Біздің прокатта көрсетілгені бар, әлі шықпағаны бар – биылғы «Оскардың» негізгі лауреаттарын қай жерден және қалай көруге болады – осы туралы толық ақпарат береміз.

«Паразит / Parasite»: Үздік фильм, Үздік режиссерлік жұмыс, Үздік түпнұсқа сценарий, Үздік халықаралық толықметраж фильм.

Қайдан көреміз: Жүзі таныс видеосервистерді ақтарып, тек Okko-дан таптық. Бағасы 99 рубльден (589 теңге) басталады, сапасына қарай қымбаттай түседі. Стерео дыбысты және қанықтығы ең жоғары Full HD сапада көрем десеңіз 399 рубль (2373 теңге) төлеу керек.

Сосын: Алматы тұрғындарына үлкен экраннан көруге мүмкіндік бар. Chaplin Mega Alma-Ata кинотеатрында күн сайын бір сеанс қосады екен. Бұл шектеулі прокаттың қашанға дейін созыларын кім білген, сондықтан көріп қалуға асығыңыз. Бағасы 800 теңгеден басталады.

«1917»: Үздік операторлық жұмыс, Үздік дыбыс, Үздік визуал эффектілер.

Қайдан көреміз: Сэм Мендестің әскери драмасы біздің прокатқа 30 қаңтарда шықты және әлі де жүріп жатыр. Үлкен экраннан көруге толық мүмкіндік бар. Роджер Дикинстің тамаша операторлық жұмысын, картинаның техникалық артықшылықтарын сезіну үшін киноға баруды ұсынар едік. Ал цифрлық релизі 26 наурызға жоспарланған. Онлайн-кинотеатрларға шыққан соң көру құны 1600 теңгеден басталады.

«Джокер / Joker»: ең көп номинацияға ілігіп (11), екеуін алды – Үздік актер және Үздік музыка.

Қайдан көреміз: Хоакин Феникстің тамаша рөлін үлкен кинодан енді көре алмаспыз, бірақ цифрлық релиздері бар. Ivi-де 548 теңгеден, Megogo-да 590 теңгеден, Okko-да 99 рубльден (589 теңге) басталады.

«Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»: Екінші пландағы үздік актер, Үздік қоюшы-суретші.

Қайдан көреміз: Тарантиноның картинасы біздің прокатта тамызды болып кетті. Сол себепті тек онлайн-кинотеатрлардан ғана көре аламыз: Okko – 99 рубльден (589 теңге), Кинопоиск – 399 рубль (2373 теңге), Megogo – 590 теңгеден, Ivi – 548 теңгеден бастап көрсетеді.

«Форд Феррариге қарсы / Ford v Ferrari»: Үздік монтаж, Үздік дыбыс монтажы.

Қайдан көреміз: Кристиан Бэйл мен Мэтт Дэймон қатысқан бұл картинаның да прокаты күзде өтіп кетті. Цифрлық нұсқаларын көруге болады: Ivi – 1899 теңгеден, Кинопоиск – 299 рублден (1775 теңге), Megogo – 1890 теңгеден, Okko – 349 рубльден (2070 теңге) басталады.

«Қоян Джоджо / Jojo Rabbit»: Тайка Вайтити «Үздік бейімделген сценарий» номинациясында үздік шықты.

Қайдан көреміз: Қазақстан прокатына қашан келетіні айтылмайды, ал әлемдік премьерасы 2019 жылы қыркүйекте өтті. Бізге белгілі онлайн-сервистерде де әзірге жоқ. Ағылшын тілді Amazon, DirectTV видеосервистерінен сатып алуға болады. Құны 6 доллардан басталады.

«Неке оқиғасы / Marriage Story»: Екінші пландағы үздік актриса.

Қайдан көреміз: Бұның да прокаттағы тағдыры белгісіз. Бастапқыда Netflix арқылы таралғандықтан, осы стриминг-сервистің қолданушылары шектеусіз көре алады. Ағылшын тілін білмейтіндер үшін орысша субтитр қосу мүмкіндігі бар. Ал біз жиі бас сұғатын орысша видеосервистерде әзірге жоқ.

«Кішкентай әйелдер / Little Women»: Үздік костюм дизайны.

Қайдан көреміз: Классикалық шығарманың кезекті экранизациясы қазір еліміздің киносында жүріп жатыр. Ал цифрлық релизі 5 наурызда деп белгіленген. Шыққан кезде Okko сервисіндегі құны 299 рублден (1775 теңге), Ivi-де 1530 теңгеден басталады.

«Төбеден жай түскендей / Bombshell»: Үздік бет әрлеу және шаш үлгісі.

Қайдан көреміз: Шарлиз Терон, Николь Кидман, Марго Робби секілді жұлдыздардың басын қосқан драманы қазір еліміздің кинотеатрларынан көруге болады. Ақылы видеосервистерге қашан шығатыны әзірге белгісіз.

«Джуди / Judy»: Үздік актриса.

Қайдан көреміз: Рене Зеллвегерге екінші «Оскар» алып берген байопик Қазақстанда Олег Борецкийдің киноклубы аясында қаңтарда көрсетіліпті. Көремін деген ниеттіге онлайн-кинотеатрлар цифрлық нұсқасын ұсынады: Кинопоиск – 399 рублден (2369), Megogo – 990 теңгеден, Ivi – 1700 теңгеден, Okko – 299 рублден (1775 теңге) бастап.

«Ойыншықтар хикаясы 4 / Toy Story 4″: Үздік анимациялық толықметраж фильм.

Қайдан көреміз: Pixar студиясының мультфильмі бізде былтыр жазда көрсетіліп кетті. Қазақша дубляжбен шыққандықтан, оның қазақша аудиодыбысы бар цифрлық нұсқасын да табуға болады: Megogo-да 590 теңгеден, Ivi-де 548 теңгеден басталады. Сонымен қатар Okko мен Кинопоиск видеосервистерінен 99 рублден (589 теңге) көруге болады. Алайда бұларда қазақша нұсқа жоқ.

«Рокетмен / Rocketman»: Үздік ән.

Қайдан көреміз: Элтон Джонның өміріне негізделген мюзикл кинотеатрларда жазда көрсетілді. Фильм онлайн-кинотеатрларда бар: Кинопоиск пен Okko-да 99 рублден (589 теңге), Megogo-да 490 теңгеден, Ivi-де 548 теңгеден басталады.

Сонымен қатар «Үздік деректі толықметраж фильм» номинациясын жеңіп алған «Америка фабрикасы / American Factory» фильмін Netflix-тен орысша субтитрмен көруге болады.

Оскар 2020: Жеңімпаздар

10 ақпан күні 92 «Оскар» жүлдесімен марапаттау шарасы өтті. Американың кинематография өнері мен ғылымы академиясы 24 номинация бойынша үздіктерді анықтады. Марапаттау кеші тарихта осымен үшінші рет жүргізушісіз өтті.

Фото: AFP via Getty Images

Оңтүстік Корея режиссері Пон Джун-хоның «Паразит» картинасы биыл нағыз триумфтор болды: 6 номинацияға ұсынылып, оның төртеуін иеленді. Фильм «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік халықаралық толықметраж фильм» және «Үздік түпнұсқа» сценарий секілді аса маңызды номинацияларды жеңіп алып отыр.

Сонымен «Оскар 2020» жеңімпаздарының толық тізімі:

  • Үздік фильм: «Паразит / Parasite»
  • Үздік актер: Хоакин Феникс – «Джокер / Joker»
  • Үздік актриса: Рене Зеллвегер – «Джуди / Judy»
  • Екінші пландағы үздік актер: Брэд Питт – «Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»
  • Екінші пландағы үздік актриса: Лора Дерн – «Неке оқиғасы / Marriage Story»
  • Үздік анимациялық толықметраж фильм: «Ойыншықтар хикаясы 4 / Toy Story 4″
  • Үздік операторлық жұмыс: Роджер Дикинс – «1917»
  • Үздік костюм дизайны: Жаклин Дюрран – «Кішкентай әйелдер / Little Women»
  • Үздік режиссерлік жұмыс: Пон Джун-хо – «Паразит / Parasite»
  • Үздік деректі толықметраж фильм: «Америка фабрикасы / American Factory» (Стивен Богнар, Джулия Райхерт)
  • Үздік деректі қысқаметраж фильм: «Соғыс аймағында скейтборд теуіп үйрену (Егер сен қыз болсаң) / Learning to Skateboard in a Warzone (If You’re a Girl)» (Кэрол Дайсингер, Елена Андрейчева)
  • Үздік монтаж: Эндрю Бакленд мен Майкл Маккаскер – «Форд Феррариге қарсы / Ford v Ferrari»
  • Үздік халықаралық толықметраж фильм: «Паразит / Parasite»
  • Үздік бет әрлеу және шаш үлгісі: Кадзу Хиро, Энн Морган және Вивиан Бейкер – «Төбеден жай түскендей / Bombshell»
  • Үздік музыка: Хильдур Гуднадоуттир – «Джокер / Joker»
  • Үхдік ән: «(I’m Gonna) Love Me Again» – «Рокетмен / Rocketman»
  • Үздік қоюшы-суретші: Барбара Линг, Нэнси Хэй – «Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»
  • Үздік анимациялық қысқаметраж фильм: «Hair Love» (Мэттью А. Черри, Карен Руперт Толивер)
  • Үздік қысқаметраж көркем фильм: «Көршінің терезесі / The Neighbors’ Window» (Маршалл Карри)
  • Үздік дыбыс монтажы: Дональд Сильвестр – «Форд Феррариге қарсы / Ford v Ferrari»
  • Үздік дыбыс: Марк Тейлор мен Стюарт Уилсон – «1917»
  • Үздік визуал эффектілер: Гийом Рошрон, Грег Батлер және Доминик Туи – «1917»
  • Үздік бейімделген сценарий: Тайка Вайтити – «Қоян Джоджо / Jojo Rabbit»
  • Үздік түпнұсқа сценарий: Пон Джун-хоХан Джин-вон – «Паразит / Parasite»

«Оскардың» төртеуін алған «Паразиттен» бөлек бірнеше мүсіншеге ие болғандар қатарында «1917» (3), «Джокер» (2), «Бір күні… Голливудта» (2) және «Форд Феррариге қарсы» (2) картиналары бар.

Оскар 2020: Номинанттар

«Оскар 2020» жүлдесінің номинанттары белгілі болды. Жеңімпаздар 24 номинация бойынша 9 ақпанда анықталады. 92 рет өтетін марапаттау шарасында биыл тағы да жүргізуші болмайды.

Үздік фильм
Басты рөлдегі актер
Басты рөлдегі актриса
Екінші пландағы актер
Екінші пландағы актриса
Толықметражды анимациялық фильм
Операторлық жұмыс
  • Родриго Прието – «Ирланд / The Irishman»
  • Лоуренс Шер – «Джокер / Joker»
  • Джарин Блашке – «Маяк / The Lighthouse»
  • Роджер Дикинс – «1917»
  • Роберт Ричардсон – «Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»
Костюм дизайны
  • Сэнди Пауэлл мен Кристофер Питерсон – «Ирланд / The Irishman»
  • Мэйс С. Рубео – «Қоян Джоджо / Jojo Rabbit»
  • Марк Бриджес – «Джокер / Joker»
  • Жаклин Дюрран – «Кішкентай әйелдер / Little Women»
  • Арианна Филлипс – «Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»
Режиссерлік жұмыс
Деректі фильм (толықметраж)
  • «Америка фабрикасы / American Factory»
  • «Үңгір / The Cave»
  • «Демократия шегінде / The Edge of Democracy»
  • «Сама үшін / For Sama»
  • «Бал елі / Honeyland»
Деректі фильм (қысқаметраж)
  • «In the Absence»
  • «Learning to Skateboard in a Warzone (If You’re a Girl)»
  • «Life Overtakes Me»
  • «St. Louis Superman»
  • «Walk Run Cha-Cha»
Фильм монтажы
  • Эндрю Бакленд мен Майкл Маккаскер – «Форд Феррариге қарсы / Ford v Ferrari»
  • Тельма Шунмейкер – «Ирланд / The Irishman»
  • Том Иглз – «Қоян Джоджо / Jojo Rabbit»
  • Джефф Грот – «Джокер / Joker»
  • Ян Джин-мо – «Паразит / Parasite»
Халықаралық толықметражды фильм
  • «Христос тәні / Corpus Christi» (Польша)
  • «Бал елі / Honeyland» (Солтүстік Македония)
  • «Аластатылғандар / Les Misérables» (Франция)
  • «Күйініш пен даңқ / Dolor y gloria» (Испания)
  • «Паразит / Parasite» (Оңтүстік К орея)
Бет әрлеу және шаш үлгісі
  • Кадзу Хиро, Энн Морган және Вивиан Бейкер – «Төбеден жай түскендей / Bombshell»
  • Ники Ледерманн мен Кэй Джорджиу – «Джокер / Joker»
  • Джереми Вудхед – «Джуди / Judy»
  • Пол Гуч, Арьен Туйтен және Дэвид Уайт – «Малефисента: Түнек әміршісі / Maleficent: Mistress of Evil»
  • Наоми Донн, Тристан Верслёйс және Ребекка Коул – «1917»
Фильм музыкасы
  • Хильдур Гуднадоуттир – «Джокер / Joker»
  • Александр Деспла – «Кішкентай әйелдер / Little Women»
  • Рэнди Ньюман – «Неке оқиғасы / Marriage Story»
  • Томас Ньюман – «1917»
  • Джон Уильямс«Жұлдызды соғыстар: Скайуокер таңы / Star Wars: The Rise of Skywalker»
Фильмдегі ән
Суретші жұмысы
  • Боб Шоу, Реджина Грейвз – «Ирланд / The Irishman»
  • Ра Винсент, Нора Сопкова – «Қоян Джоджо / Jojo Rabbit»
  • Деннис Гасснер, Ли Сандалес – «1917»
  • Барбара Линг, Нэнси Хэй – «Бір күні… Голливудта / Once upon a Time…in Hollywood»
  • Ли Ха-джун, Чо Вон-у – «Паразит / Parasite»
Қысқаметраж фильм (анимация)
  • «Dcera (Daughter)»
  • «Hair Love»
  • «Kitbull»
  • «Memorable»
  • «Sister»
Қысқаметраж фильм (көркем фильм)
  • «Brotherhood»
  • «Nefta Football Club»
  • «The Neighbors’ Window»
  • «Saria»
  • «A Sister»
Дыбыс монтажы
Үздік дыбыс
Визуал эффектілер
  • Дэн Делию, Мэтт Эйткен, Рассел Эрл және Дэн Судик«Кек алушылар: Ойын соңы / Avengers: Endgame»
  • Пабло Хелман, Леандро Эстебекорена, Стефани Грабли және Нельсон Сепульведа – «Ирланд / The Irishman»
  • Роберт Легато, Адам Вальдес, Эндрю Р. Джонс және Эллиот Ньюман – «Арыстан патша / The Lion King»
  • Гийом Рошрон, Грег Батлер және Доминик Туи – «1917»
  • Роджер Гайетт, Нил Скэнлан, Патрик Тубак және Доминик Туи«Жұлдызды соғыстар: Скайуокер таңы / Star Wars: The Rise of Skywalker»
Бейімделген сценарий
Түпнұсқа сценарий