2021 жылғы қаңтардың сериалдары: 2 бөлік

Marvel киноғаламының көптен күткен сериалдарының алғашқысы келіп жетті. Ванда мен Виженнің хикаясы туралы осы топтамада айтамыз.

Койот / Coyote

Қылмыстық драма 32 жылын Мексика-Америка шекарасындағы күзеті қызметіне арналған Бен Клемонс деген кейіпкер туралы. Бұрын бұл адамдарды Америка территориясына кіргізбеу үшін жұмыс істесе, енді тағдырдың жазуымен соларға жұмыс істей бастайды, шекараның арғы жағындағы өмірмен танысады. Осыдан бастап Бен көзқарасы мен құндылықтарына басқаша қарай бастайды, төңірегінде болып жатқан оқиғаларды «ақ» пен «қара» деп қате жіктегенін түсінеді.

Премьерасы: 8 қаңтар.

Арсен Люпен / Arsene Lupin

Netflix платформасы ұсынатын француз фантастикалық детективінде Омар Си басты рөлде ойнайды. Бас кейіпкер бір күні Арсен Люпен деген қайырымды ұры туралы кітапты сыйлыққа алады. Бұл кітап кейіпкерге байлық пен уақытқа саяхаттау мүмкіндігін сыйлайды. Осыдан кейін оның қызыққа толы өмірі басталады.

Премьерасы: 8 қаңтар.

ВандаВижен / WandaVision

Marvel кинематография әлемінің жарасымды жұбы Ванда Максимофф пен Виженның басынан өткен оқиғалары Disney+ платформасында жарық көреді. Сюжеті «Кек алушылар: Ойын соңынан» кейін өрбиді. Ванда мен Вижен тыныш отбасылық өмір кешуде. Әйтсе де олар бұның бәрі шынайы емес екенін сезе бастайды. Жоба 9 эпизодтан тұрады.

Премьерсы: 15 қаңтар.

Кезекті маусыммен шыққан сериалдар:

9 қаңтар:
– Мыстандар әлемі / Открытие ведьм / A Discovery of Witches; фэнтези (АҚШ, Ұлыбритания): 2 маусым
– Дикинсон / Dickinson; драма, комедия, өмірбаян (АҚШ): 2 маусым

11 қаңтар:
– Американские боги / American Gods; фэнтези, мистика (АҚШ): 3 маусым

15 қаңтар:
– Іздеу / В поиске / Search Party; комедия (АҚШ): 4 маусым

16 қаңтар:
– Қызметші / Дом с прислугой / Servant; драма, үрейлі, триллер (АҚШ): 2 маусым
– Түңілу / Разочарование / Disenchantment; фэнтези, комедия, ересектерге арналған, мультфильм (АҚШ): 3 маусым

18 қаңтар:
– Бэтвумен / Batwoman; драма, фантастика (АҚШ): 2 маусым

19 қаңтар:
– 911: Жалғыз жұлдыз / 911: Одинокая звезда / 9-1-1: Lone Star; драма (АҚШ): 2 маусым

2021 жылғы қаңтардың сериалдары: 1 бөлік

Жаңа жылдың алғашқы сериалдар легі комедияға толы. Әсіресе «Бейәдеп сөздер тарихына» назар аударуды ұсынамыз. Николас Кейдж ағылшын тіліндегі боқтық сөздердің тарихы мен мағынасын түсіндіріп береді.

Сақшылар / Стража / The Watch

Мини-сериал форматындағы британ фэнтезиіне Терри Пратчеттің шығармалары арқау болған. Басты кейіпкерлер – Анк-Морпорк деген қаланың ақылсыз полицейлері. Сэм Ваймс басқаратын сақшыларды өз жұмысына лайық деуге болмайды. Десек те олар күн сайын қылмыспен бетпе-бет келеді, тіпті тылсым күштің иелерімен де күресуге мәжбүр болады.

Премьерасы: 3 қаңтар.

Мені Кэт деп ата / Зовите меня Кэт / Call Me Kat

«Миранда» британ ситкомының желісімен түсірілген комедия. Басты кейіпкер – 39 жастағы Кэт. Күн сайын ол қоғаммен және анасымен күресіп, барға қанағат етіп те бақытты бола алатынын дәлелдеуге тырысады. Туыстарының бітпейтін қысымынан шаршап, Кэт ата-анасы тойына деп жинаған ақшаны алады да «мысықкафе» ашып алады.

Премьерасы: 3 қаңтар.

Мінсіз ғаламшар / Идеальная планета / A Perfect Planet

Деректі сериал Жердің күші мен осалдығын баяндайды. Бірегей зерттеуде ауа райы, мұхит ағысы, күн энергиясы мен вулкан сияқты табиғат күштері планетадағы алуан өмірді қалай қалыптастыратынын, қуат беретінін түсіндіреді.

Премьерасы: 4 қаңтар.

Бейәдеп сөздер тарихы / История ругательств / History Of Swear Words

Netflix-тің ересектерге арналған скетч-шоуы. Шоудың басты жұлдызы – Николас Кейдж. Ағарту бағытындағы комедияда ағылшын тілінде кеңінен таралған бейәдеп сөздердің шығу тегі мен мәдени мағынасы туралы айтылады. Шоуға этимология саласының сарапшылары мен басқа да әртістер және комиктер қатысты.

Премьерасы: 5 қаңтар.

Мистер мэр / Mr. Mayor

Комедия жасөспірім қызын таңғалдыру үшін Лос-Анджелес мэрі болуды ойлаған бизнесмен туралы. Күтпеген жерден ол сайлауда жеңіске жетіп, енді қаланы қалай басқару екенін үйренбекші.

Премьерасы: 7 қаңтар.

 

 

Кезекті маусыммен шыққан сериалдар:

1 қаңтар:
– Сабринаның жан түршіктірер оқиғалары / Леденящие душу приключения Сабрины / The Chilling Adventures of Sabrina (фэнтези, үрейлі, триллер, мистика), АҚШ; 4 маусым

2 қаңтар:
– Кобра Кай / Cobra Kai (драма, комедия, боевик), АҚШ; 3 маусым

4 қаңтар:
– Жаңа қызметкер / Новобранец / The Rookie (драма, комедия, қылмыстық), АҚШ; 3 маусым
– Соңғы нағыз еркек / Последний настоящий мужчина / Last Man Standing (драма), АҚШ; 9 маусым

6 қаңтар:
– Зоидың экстраординар плейлисті / Экстраординарный плейлист Зои / Zoey’s Extraordinary Playlist (комедия, музыка), АҚШ: 2 маусым

Жалғасы бар…