• Біздің парақшалар:

Слевиннің сәтті саны | Lucky Number Slevin

8d675e6686e04151d1d46945d78d144c

Достар, «Үш дилетант» айдарының аясында бүгінгі талқылаудан бастап әр шығарылым сайын бір тың дилетант көрермен қонақ болмақ. Бүгінгі қонақ – Абылай Әділханов (А.Ә.), it-маман.

Онымен дауласуға әдеттегідей журналист Роза Әрен (Р.Ә.) және тағы бір ақпараттық технологиялар шебері, бағдарламалаушы Райымбек Егембердиев (Р.Е.) шешім қабылдап отыр.

Айдардың төртінші материалында – 2005 жылы шыққан Пол Макгиганның «Слевиннің сәтті саны» фильмі.

Р.Ә.:

 Фильмде сюжет бар, динамика бар, пафосқа толы диалогтар да бар. Көрермен күтпеген финалы бар фильм. Дегенмен, бір нәрсе жетіспейді. Голливудтың сан түрлі триллерлеріндегі штамптарды көшіріп әкеп, осында қоя салғандай әсер қалдырады. Басынан біліп отырасың соңында аяғыңды аспаннан келтіретінін. Мұндай фильмдерді мен жақсы көремін. Бірақ «Құдай-ау, мына фильмді осы уақытқа дейін қалайша қарамай келгем?» деп өкініп отырған мен жоқ. Өйткені, айтып тұрмын ғой, нағыз триллердің исі сезілмейді. Кейіпкерлер істен гөрі, сөзбен көбірек «төбелеседі». Мойындау керек, "Канзас-сити шаффл" және т.б. ұтымды тіркестер есімде қалды. Басты рөлдегі әртіс Сергей Бодровқа ұқсайды екен. Морган Фриман үшін бұл орташа фильм деп бағалаймын. Болды.

Р.Е.:

- «Оңға қараңдар, мен солға жүрем».

Кино екі биіктегі қос байшыкеш байлығының тұтқыны болып, бір-бірінен қорқып жүрген қалада орын алған оқиға туралы. Әрине, сюжетті керемет, таңқалдырарлық деп айта алмаймыз, кино басқа компоненттермен жоғары деңгейді ұстап тұр. Яғни, кейбір кинолар актердің харизмасымен ғана, сапалы продюсерлік әрекет арқылы ғана аман қалып жүрсе, бұл кинода бәрі бір деңгейде. Бірақ, мықты деңгейде деп айту қиын. Иә, мықты-мықты актерлар көп. Көп эмоция көрсете бермейтін, беті бүлк етпей ойнайтын, қырылыс стильдегі киноларға әдемі сіңетін Брюс Уиллистің өзі не тұрады?

Оқиғалар желісі де сызықты, ретті емес, сонысымен де интрига ұстап отырады. Кейбір элементтер кино соңында ғана ашылады.

Маған жақсы ұнаған тұсы - кино жеңіл қаралады. Қанды оқиғалар айналасында болғанымен, комедия секілді, ештеңе ойланбайсың. Олай үйлестіре алу екінің қолынан келе бермесе керек. 
Бір рет қана қарайтын кино деуге келмейді, біраз уақыт өтіп барып, жеңіл кино қарағың келгенде қарап шығуға да болады.

А.Ә.:

- Дұссс, келісем (деді де, бір тәулікке ізім-қайым жоқ болды - ред.).

Дегенмен, ертеңіне дайындалып келіп, тұрақты айдаршыларға таза программистік өз тұжырымын жеткізді (ред.):

 Бұндай жанрдағы фильмдер әдетте менің «Көру керек еді»тізімімде көп кездесе бермейді. Бұл фильмді де көріп болғасын талқылаймыз дегесін бір кешті арнап қарап шықтым. 

 Кино басталып жатқандағы титр кезінде біз төрт адамның өлімін көріп үлгереміз, ок, бұл қалай болды екен, ал көрейік...

Келесі кадр әуежайда. Бей-берекет өзінің рейсін күтіп отырған жолаушыға мүгедек арбада отырған бейтаныс әңгімесін айта бастайды.

«Барлығы аттан (жылқыдан?) басталды» деп бастайды бейтаныс әңгімесін. Бір ипподромның мал дәрігері болады, оның Глория дейтін көңілдесі бар, Глорияның Эйп дейтін тағы бір көңілдесі бар. Эйп досына Глориядан естіген хабарын айтып отырғанда, оны даяшы естіп қалады. Даяшының інісі бар екен...

Оқып отырғандарыңыздай, фильм сюжеті стандартты деуге келмейді. Осы жері «Амели фильміне» ұқсап кеткендей болды. 

Жалпы фильм досының үйіне қонаққа келген Слейв дейтін кейіпкер жайында. Досын іздеп келген мафиозиктер Слейвті досы деп шатастырып, алып кетеді. Осы жерден фильм басталады, себебі осыған дейінгі болған бір-біріне байланыссыз он бес минутқа созылған көріністерді флэшбэк деп қарастыру керек шығар.

Фильмнен керемет нәтиже күттім деп айта алмаймын, бір көре салайын деп қаралған болатын. Бірақ бағалау жағына келгенде көбіне тек «ең нашар фильм» немесе «әлемдегі ең керемет фильм» деп бағалайтын мен үшін бұл фильм орташадан жоғары деп бағалауды жөн көрдім. Иә, орташадан жоғары :)

Сюжеті, жоғарыда айтып өткенімдей, қызық, тартымды; бірден тартып әкетті деуге келмес, асықпай басталған сюжет ортасына қарай қыза түсіп... Криминал, детектив жанры болғандықтан соңына дейін сырын ашпай, интригада ұстап отырады. Басында негізгі сюжетпен байланыссыз болып көрінген көріністер фильм соңына қарай өз орындарына келіп, толық картина көріне бастайды. Актерлік құрамы да кедей емес. Әрқайсысы өз рөлдерін тиісті деңгейде орындап шықты деуге болады. Диалогтары ерекше ұнады. Әр диалог өз алдына цитата. Саундтрек фильм атмосферасын жеткізе алды деп ойлаймын. Махаббат желісі де өз орнында, Люси Лью =* (ред. - сүйген смайл).

Фильм жанрына келер болсақ, криминал, драма, триллер деп көрсетілген екен, мен болсам, аздап криминал, аздап драма, аздап триллер дер едім. Бір-біріне қарама-қарсы ғимаратта орналасқан қарсыластарды көре салысымен, бірден твикс жарнамасы есіме түсті. «Олар шоколадты тігінен құяды, ал біз көлденеңнен» (c)

Қорыта келе, фильм бір қарауға тұрарлық дегім келеді. 10-нан 7 деген баға бердім.

e4f29439856c67968d2edd8d5aa035a0

Р.Ә.:

- Абылай «Аздап криминал, аздап драма, аздап триллер» деген екен, мен осы пікірге келісемін. Яғни, әрбір жанрдан элементтер қосылған екен, бірақ «недогон» болып қалған сияқты болып көрінді. Және де диалогтарының ерекше әдемі, есте қаларлық екенін мойындау керек.

А.Ә. :

- Киноны бәріміз орташа деп «нетіппіз»...

Р.Е.:

- Орташадан сәл жоғары.

Р.Ә.:

- Дәлелде, Райымбек.

Р.Е.:

- Бірнеше әдістер - идеал («почти» енді, басқа ауыстыратын сөз таппадым) ұштастырылған: флэшбек, диалогтар, музыка. Музыка - action киноға арналмаған бір романтикалық киноның музыкасы. Кино бір жағынан аздап «боевик», бір-біріне келмейтін нәрселер сияқты, бірақ кинода олай емес екенін көзді ашып тұрып әдемі көрсетіп тастаған. Былай қарайсың, баналды сюжет сияқты... олай деуге тіл бармайды, өйткені, басқа компоненттер, пікірімде айтып кеткенімдей, жоғары деңгейде.

Р.Ә.:

- Райымбек, сен бағана кино жеңіл қаралады депсің. Менің осыған айтар кішкене уәжім бар. Жеңіл қаралады, дегенмен, кейбір тұстарын түсінбей қаласың. Өйткені, оқиғалар тым тез өрбиді де, бір кейіпкерден екінші кейіпкерег асқан жылдамдықмпен өтіп отырады. Бір жерде – анау мынаның көңілдесі, бір жерде ипподромда отырады, біреу даяшымен сөйлесіп жатады деген сияқты көріністер... Тоқтатып, назар салып көрмесең, бірден жеңіл қабылданады деп айта алмаймын.

Сосын «Карта, ақша, қос мылтық» деген сияқты филмдерді көрдік қой, оның қасында бұл бір бұрышта темекі шегіп тұрады деп ойлаймын. Негізі, «Кинопоисктегі» және басқа да жүйелердегі бағасы тым әсіреленген, көрермендердің аһылап-үһілеп жатқан пікірлеріне аса келісе қоймаймын. Оларды оқығасын, тәтті мәмпәси жеймін деп дәмеленіп келесің де, ортаңқол, 8 балға жетпейтін фильмді көргенде, ИМХО, көңілім ортайып қалады.

Р.Е.:

- Асқан жылдамдығы несі, ол солай әдемі интрига (сен өте жақсы көретін) жасады емес пе (негізі флэшбек деп аталады ол)? Енді соңында бәрін ашып беріп тұр, кейбір кинолар сияқты «Өзің түсініп ал» деп тұңғиыққа тастап та кетіп тұрған жоқ.

Басындағы телефонның өзі не үшін көрсетілгенін соңында ашып береді. Кино телефонмен басталды, сонымен аяқталды. Ахылап, үхілегендерді оқымадым, негізі талқылаудың алдында басқалардың пікірін оқып келуге қарсымын!

Р.Ә.:

- Мен жеңіл дегенге қарсы уәж айттым.

Р.Е.:

- Ал мен жеңіл дегенде комедиялық жанрға ұқсастығы бар дегенді меңзегем. Оқиғалар қызықты, кәріс қыздың пайда болуы да, өзің айтқандай сүлгінің түсіп кетейін деп қалғаны да.

А.Ә.:

- Жоқ Роза, былай ғо, фильм жеңіл қаралады деп айта алмаймын дейсің; бірақ ауыр қаралады деп те айтуға келмес, тез-тез өрбитін сюжет желісі ол негізгі сюжеттер емес. «Дәрігердің көңілдесінің екінші көңілдесінің досының даяшысы сөйтіпті ғо» деп әңгіме айтпайсың да ғой ол жерде, сол көріністер тек фильмге контраст беру үшін қолданылғандай, меніңше, сәтті шыққан. Оны тек фон ретінде қабылдау керек, және фильм соңында «басында түсінбедім-ау, түрін, есімдерін жаттай алмай қалдым-ау» дегеннің бәрі жоғалады.

Және, иә, фильм рейтингі асыра бағаланған деп санаймын.

d28e44d0acd7d81c5d9b6a0a7a43b0f3

Р.Е.:

- Рейтингін қарап келдім, Кинопоиск - 8.1, imdb - 7.8, критиктер – 51 %. Орташадан сәл жоғары, қысқасы

А.Ә.:

- Соңында білетініміздей, осы құйтырқы әрекеттер, әртүрлі оғиға желісі бірігіп келіп, басты кейіпкер кім, оның мақсаты мен мотиві қандай екені анық болады. Яғни, соңында осының бәрі кек алу үшін жасалғанын білеміз, сонау 15 не 20 жыл бұрынғы әрекет үшін осынша уақыт күтіп, осындай жоспар құрып жасағаны болып шығады. «Как то» мотиві онша емес, Болливуд жақтан самал жел еседі осы жерде.

Р.Ә.:

- Самал жел, «еще какой» самал жел.

Р.Е.:

- Иә, осындай оқиға алу үшін, мүмкін еместей нәрселерді ұштастырғаны көрініп тұр.

Р.Ә.:

- Мен өзім қыздардан гөрі ер жігіттер көп қатысатын триллерлерді, ішінде төбелестері бар филмдерді жақсы көрем ғо, бірақ мына фильм менің есімде онша қалмайтын сияқты.

Р.Е.:

- Супер кәсіби киллердің де бірден жүрегі езіліп көмектесіп кеткені де ұнамады.

Р.Ә.:

- Иә, Райымбек, сол баланы өлтіруге жүрегі дауаламай, арнайы соны жіберіп тұрса, ол келіп, ет-жүрегі езіліп... Атпай қойғаны былай тұрсын, оны дайындап, жоспарын орындасып, тіпті әлгі қыз бронь жилет киіп тірі қалғанда да, біле тұра аман қалдырды. Нанымсыз оқиға.

А.Ә.:

- Роза, брутал еркек ұнайд дейсің ғо сонда. ХD

Р.Е.:

- Енді басынан сюжет баналды деп айтып тұр емеспін бе?

А.Ә.:

- Енді банал деп «нетпей-ақ» қояйық, бірақ супер оригинал деп те айтпайын.

Р.Ә.:

- Брутал-мрутал жағын кейін талқыласақ.

Р.Е.:

- Баналдылау.

6494444232509111f9d6eedd8e5e78a4

Р.Ә.:

- Қысқасы, осы фильмді ұсынған адамның алғамына күмән келтіріп отырмын мен, оны – зынданға!

Р.Е.:

- Бір-бірін атып тастағысы келетіндер қатар тұрған екі ғимаратқа отырып алғандары да қызық.

А.Ә.:

- Иә, әлемдегі ең кәсіби киллердікі енді тіпті ұят! Гринписке кет! Тереза шешейлігі оянып жоқ жерден...

Р.Е.:

- Розаның жаман әдеті - оған мықты идеал кино ұсына беру керек. Кино таңдаушыны толық қолдаймын, жақсы таңдапты, Мерей, маладес!

Р.Ә.:

- Екі ғимарат - твикс (А.Ә.-нің ойын енді қайталап жатыр. Қыздардың миы кеш қимылдайды деген гипотеза расталуда – ред.)

Р.Е.:

- Детектив болғысы келетін қызды талқылайықшы.

Р.Ә.:

- Ол менің жаман әдетім емес, сапаға, деңгейге көңіл бөлетінім болар. Қалай ойлайсың, Райымбек?

Р.Е.:

- Оның сюжетке, негізінен алып келгенде, тікелей қатысы жоқ қой. Онсыз да сюжет дәл осылай шығатын еді. Оны сонда тек махаббат көрінісі үшін қосып тұр ғой? Е, иә, махаббат және комедиялық көріністер үшін.

Сапаны, сапасыз дүниені көрмей тұрып бағалау мүмкін емес, барлық нәрсе жақсы болса, жақсы-жаман деген ұғымдар мүлде болмас еді.

Р.Ә.:

- Ок, ок, Рәке.

А.Ә.:

- Талқылағым келмей қалды.

Р.Е.:

- Деңгейің түсіп кеткенің сезіндің бе?

А.Ә.:

- Жө, талқылайтын несі қалды?

Р.Ә.:

- Менен 7 балл.

А.Ә.:

- Бәріміз бейтарап позицияны ұстанып аппыз. Бензин шашатын Мерей қайда жүр?

 

Абылай Әділханов – 7 балл;

Роза Әрен – 7 балл;

Райымбек Егембердиев – 7,5 балл.

 

Коллаж: Исабек Жұбаныш

Пікірлер