• Біздің парақшалар:

Саулдың ұлы | Saul fia

Достар, «Үш дилетант» айдарының аясында әр шығарылым сайын бір тың дилетант көрермен қонақ болмақ. Бүгінгі қонақ – блогшы Райхан Әкімбаева.

Райханмен ақпараттық технологиялар шебері, бағдарламалаушы Райымбек Егембердиев және медиа-компания қызметкері, аналитик Мерей Ермұқанов пікірлеседі.

Райхан: Здрасьте!

Мерей: Мордасьте!

Райымбек: Саулдың баласы немесе "Бетіңе қадалғыр"

Кино – қара түнек. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі газ камераларындағы адамдардың қырғыны туралы басқаша киноны елестету де мүмкін емес шығар. Режисердің бар ойы сол кездегі өлім камерасы айналасында жүрген адамдарды, қызметкерлерді, фашисттер туралы бар нәрсені ашық түрде көрсеткісі, көрерменге бар ойды, қасіретті жеткізгісі келгені бірден көзге тасталады. Бір жағынан оны жеткізе алған да.

Оқиға желісі кино басынан бірден басталып, бірсарынды жалғасады. Камера бас кейіпкердің бетіне киноның басынан соңына дейін қадалып, оның ешқандай да эмоциясы жоқтығын көрсетеді. Өлімнің көптігі сонша, өмірдің мәнін толығымен жоғалтқан адам, таныс емес баланы "менің балам" деп жерлеу үшін жанкешті әрекеттерге барады. Сол әрекеттердің ешқайсысында ешқандай да жүзінен эмоция көрмейсіз, өйткені ол адам, тірі өлік. Мыңдаған өлімге қарап жүріп, психологиялық ауытқуларға ұшырамау да мүмкін емес қой, сол үшін де фашисттер жұмысшыларды адам өліктерін тасуға пайдаланған. Маған ең ұнамаған тұсы – камераның фильмнің басынан аяғына дейін кейіпкерлердің бетіне қадалып жүруі (бәлкім, режиссердің фишкасы болар). Меніңше, бұл әдіс көрерменді қатты шаршатып жібереді. Киноның бар қасіретін сезе алмайтын сияқтысың. Менің қояр бағам – 6.

Мерей: Бұл айдардың миссияларының бірі - бағасы берілмеген, көрермен тарапынан әділ бағаланбаған, ел елемейтін жақсы кинолар табуда деп білем. Жүлдесіне қарап, аңтарыла ұсынуды қою керек деп білем.

"Саулдың ұлы" "Оскар" сыйлығын адами ақауларды көрсеткені үшін, соғыс жылдарының қасіреті мен еврей халқының шеккен азабын баяндағаны үшін алған. Ресми солай шығар. Бірақ бұл фильмге мен де ризамын.

Еврей халқына әсіре артықшылық беріп, олардың адами сипаты қандай дүрдәраз екенін көрсеткені үшін, қазіргі "Оскар" кейде саяси пиғылмен құрыған туындыларға статуэтка ұстата салатынын көрсеткені үшін.

Абсолют ақиқаттан алыс жатқан фильм. Қарауға кеңес бермеймін. Егер өзіндік авторлық, біртүрлі, қисынсыз киноларға құмарлар болмаса.

Венгр режиссерінің тырнақалды туындысы - адам концлагерь жағдайында өзін қалай ұстамау керектігін көрсеткендей.

Еврей халқының өзімшілдігі – басқа серіктерін өлімге қиюға әзірлікпен пара-пар.

Саул - басты кейіпкер - дүрдараз жөгі, өз әйелінен тумаған, өзі өскен шағын көрмеген, тіпті мүлдем болмаған да болауы мүмкін, болс да басқа еркектен тууы мүмкін, ықтимал баласын кадиш оқытып жерлеуге ұмтылады. Ұмтылысы барысында басқа өлі денелерді отқа өртеп, күдін шашуға көмектесе береді. тек сол бір балаға тіреліп тұр құрметі.

Соның арқасында тротилді де жоғалтады, басқаларды да тәуекелге қояды.

Картинада шынайылық аз деп ойлаймын. Зондер-команда мүшелері қалаған уақытында жиыла қалуға уақыт табатыны рас емес. Тұтқыннан қашып шығу ситуациясында да біршама еркін жүреді. Дәрігермен келіседі. Холокостты қасірет етіп көрсетуге қосқан бір үлес.

Монтажсыз түсірге тырысқан, реттілік бар, соңында жас баланы қолдануы - сценарий фишкасы. Бұл – артықшылықтары.

Соғыс кезінде небір есуастар болғанын көрсетуге арналған орташа туынды. Соғыс болғанда, дүрдараздар қай жағдайда да болатынын.

6,7 ұпай қоямын. Еврейлердің шын сипатын көрсетуге ұмтылды ғой деп жас режиссерге қолдау ретінде.

Ұсынушыны – зынданға!

Райхан: Меніңше, фильм жалпақ көрерменге арналмаған. Явно тек фестивальдар мен киносыншыларға арнап түсірген. Не дейміз, бұл жағынан режиссер жарады. Алған марапаттарына қызығуға болады. Тіпті оскарды да алыпты.

А так фильмді біртүрлі түсірген.Айтуларынша, кейіпкердің көзімен көргендей эффект болсын деп, фильмді әдейі сондай «крупный планмен» түсірген екен. Ал мен ондай эффект ала алмадым. Маған ешнәрсе анық болмады. Қайта Саулдың артында тығылып жүрген адам сияқты жүрдім. Холокост жылдары туралы білмесем, мен, мысалы, аржақта болып жатқан бар ужасты білмес едім, түсінбес едім. Бірақ, артқы фондағы дыбысты қаттырақ шығарыпты, яғни, адамдардың түрін көрмесең де, не боп жатқанынан аз-маз хабардар боп отырасың, Бұл минустары еді). Енді плюстарын теріп көрейін.

Түсінгенім, акцент тек басты кейіпкерге қойылған. Бұл жерде Освенцим да, фашизм да бәрі артқы планда. Бізге, ну, көрерменге бір адам береді. Оның бар қасіретін мұқият бақылаймыз. Андай ужаста тентек боп кетпей, жансыз робот болмай, кішкене болсын бойында адами қасиет қалғанын ұғындырғысы келді режиссер. Бірақ енді актерды жақсы, сәтті таңдапты. Оның жүзінен бәрін байқап отыруға болатындай ойын көрсетті. Алған оскарын тек сол актер үшін ғана берер едім)))). Просто жүректі ауыртатын драма күттім, ол ондай болмай шықты. Әрине, бұл жақсы жаманды жеңіп шыға салатын, соңы хэппиенд болатын, атыс-шабыс а ля холливуд стайл емес. Драма в чистом виде. Аура ауырлау.

Түй, қанша жақсы жерін теріп жатсам да, ішкі даусым «и, қойш, ішің пысып кетті ғой» деп жатыр. Ішкі даусыммен келісем. Доспыз ғой)))

Бағам нашар. 10 балдан 5 қоямын. Ол да тек Геза Рериг (Саул) үшін.

Мерей: Райымбек, сен жоғарыда камера үнемі басты кейіпкерге «қадалғаны» ұнамады дедің. Менің түсінуімше, бұл режиссердің фишкасы сияқты. Екіншіден, бюджеттің көп бөлігі массовканың киім-кешегіне жұмсалған сияқты. Жалпы алғанда, фильм кейін өзінің шығынын ақтай алған. Біраз адамның, Голливудтың киноакадемиктерінің де аузын ұрып кетті деп ойлаймын.

Шынымды айтсам, мен «тарихта» (уақақа) осы фильмге ең жоғары баға қойған адам ретінде қалам деп ойламаппын. Себебі, сынды оқысақ, көңілі толмаған, еврей халқының осындай қасиетін көрсеткеніне іші ашыған адам мен сияқтымын. Бірақ, бірақ... Қазіргі кезде «авторлық кино» деген тұжырыммен кез келген стильді, кез келген шешімді ақтап шыға беруге болады. Бір жағынан, бұл оңай. Өйткені, өнер деп бағаланады. Екінші жағынан, жаппай бұқараға арналған фильмдерден ерекшелеу болғаны ондай сәтті емес. Оның үстіне, «Саулдың ұлы» бұқаралық фильм ретінде «Оскарды» алып отыр. Деректі фильм емес, қысқаметражды фильм емес.

Фильмді ұсынушы адам оның алған жүлделеріне қарап ұсынбасын!!!

Райымбек: Шыны керек, «Саулдың ұлы» «Оскарды» алғанын осы жерден біліп отырмын. «Оскар» алуға лайық емес кино деп айтар едім. Мынадан он есе мықты, креативті фильмдер көп. Мен 6 бал қойған себебім, басты рөлдегі актердің бойынан ешқандай актерлік қабілет байқаған жоқпын. Өйткені, тупо камераны кейіпкердің бетіне тақайды да, оның ешқандай эмоциясы байқалмайды. Бұлай мен де ойнап шыға алам ғой. Режиссердің геноцидті көрсетіп, награда алғысы келгені көрініп тұр.

Райхан: Мен бар ойымды жоғарыда жаздым. Берген бағам – тек қана актер үшін. Актердің бетінде ешқандай эмоция жоқ. Десе де, оның жүзіне қарап, ар жағында болып жатқан сұмдықты кішкене сезіне алдым. Фильмнің бар жетістігі сол актермен байланысты деп ойлаймын. «Саулдың ұлы» кино әлеміндегі жаңашылдық шығар, бәлкім. Соған қарамастан, маған мүлде ұнамады. Адамды шаршатып жібереді. Еш нәрсе анық емес. Бұл киноны көру емес, сезіну маңыздырақ сияқты.

Мерей: Райхан, мүбәрак даусыңнан жіберсеңші)))

Райымбек: Бұл фильмде режиссер минималды түрде еңбектенген. Қалғанын «өз фантазияларыңмен дамытып, түсініп алыңдар» деп көрерменге лақтыра салған. Бұл енді сорақылық қой! «Қасіретті сезініңдер!» деп өзіңе жүк артады. Мысалы, мен ол қасіретті «Википедиядағы» бар мәліметті оқып барып, сезіне алатын сияқтымын.

Мерей: Мен режиссерді ақтап алғым келеді. Себебі, «Саулдың ұлы» – режиссердің тырнақалды туындысы. Кім өзінің тырнақалды туындысымен «Оскарды» алып жатыр? Меніңше, басты рөлдегі актер өз рөлін жақсы алып шыққан секілді. Соғыс әлемінде өзімен-өзі оқшауланып алған, біреу желкесінен түйіп жатса да, қасында біреу өліп жатса да, селт етпейді.

Жалпы, жалғыз камерамен бір ғана кейіпкерді түсірген авторлық кинолар көп. Тек олар көпшілікке жете бермейді.

Райхан: Мен Райымбектің пікірімен келісемін. Артқы фонда драма жетіспеген сияқты. Режиссер бүкіл қайғы-қасіретті кейінгі планға қалдырып, басты кейіпкердің көңіл-күйін ғана жеткізгісі келгендей. Меніңше, бұл – біздің заманда өтпейтін тема.

Райымбек: Өтпейтін тема екенін бүгін біз де тағы бір рет дәлелдедік деп ойлаймын.

Мерей: шынымен де, солай шығар. Дегенмен, бұл жерде режиссердің айыбы жоқ. Фильмді жамандап-жамандап алып, соңынан режиссерді ақтап отырғаным қызық болды-ау! Режиссер алғашында фильм «Оскарға» дейін жететінін білген жоқ деп ойлаймын.

Райымбек: режиссердің дебюті дегенге пікірім мынадай: киноның бағасын көтеруге бұл ешқандай себеп емес деп ойлаймын. Мұнда саясат бар сияқты. Жалпы, Райхан өте қысқа комментарий беріп отыр. Негізі, бұл топта ұрысу, пікірлесуші адамға қарсы шығу құпталады.

Мерей: Стивен Спилберг бұл туындыға «Холокост жайлы түсірілген фильмдердің ішінде «Шиндлер тізімінен» кейін тұрған ең үздік фильм» деп баға беріпті. Осы жерде не Спилберг – кино әлемі туралы дым білмейтін нақұрыс, не бізде бір проблема бар. Қалай ойлайсыңдар, а?

Райхан: тырқылдап күлген смайл.

Фильмді түсіну үшін керемет киносыншы болу міндетті емес шығар. Оларға өтсе өте берсін. Ал, біз сияқты қарапайым халыққа өтетін фильм керек қой. Біздің деңгейімізге, то есть!

Райымбек: Кино әлемінде сыншылар және біз сияқты дилетанттар бар. Олардың пікірлерінде өте үлкен айырмашылық болады. Сыншылар фильмді нақты бір ережелер бойынша бағалайтын болар. Оны білмеймін. Мұнда режиссер өз киносын барлық ережелердің шекарасынан шықпай түсірген болуы мүмкін.

Мерей: Иә, «Титаник», «Сақина әміршісі», «Гладиатор» деген фильмдерде ғана тобырдың пікірі сыншылардың пікірімен сай келген екен. Фильмге оралар болсақ, мұнда немістер немісше, еврейлер еврейше, венгрлер венгрше, орыстар орысша сөйлегені ұнады. Райхан, говорите, говорите, вы гость! Ертең тобыр «қонақты дым сөйлеспепсіңдер» деп айтады.

Райымбек: Райхан бізден қорқып отырған сияқты (смайлик).

Мерей: Райхан, бұл сенің «Үш дилетанттағы» бірінші және соңғы пікірің. Сондықтан, басып-басып қал! Ешкім әкім боп тумайды, Әкімбаева боп туғанмен.

Райхан: Сонда «Оскарды» қандай критерийлерге қарап берді?

Мерей: ХОЛОКОСТ.

Райхан: Может таза еврей емес десең, иә?)))

Райымбек: «Оскар» явно саяси жағдайға байланысты берілген немесе режиссердің бір үлкен «Бәкесі» бар.

Райхан: тырқылдап күлген смайлик.

Мерей: Режиссердің «Бәкесі» жоқ. Бұл әлемде барлық нәрсені шешетін – менің атымның соңғы үш әрпіне соңғы жағы ұқсайтын ұлт. Жалпы алғанда, бас кейіпкердің есі дұрыс па?

Райымбек: бас кейіпкер психологиялық ауытқуға ұшырағаны еш күмәнсіз.

Мерей: Райхан, корытындыла!)

Райымбек: Райдан күшті пікірлер, ұрыстар, айқай шу күткенімді жасырмаймын

Мерей: Рай ондай қыз емес. Роза емес қой ол дессссең)

Райымбек: пікірді жазуға уақытым болмағанын, шұғыл жазылғанын айта кетсем. Ең сапасызы менікі болыпты.

Мерей: Деңгейлі көрермен жоқ қой бүгін

Райхан: Фильмді сонша көтермелеп, «Оскар» беретін дəрежеде жақсы деп айта алмаймын. Тіпті нашар. Ұнаған жоқ. Бағам сол  5. Солдаттар мен формасы болмаса, Освенцим туралы екенін білмей қалатын ем

Райымбек: мына пікірталастан соң кино бағасын тағы да түсіргім келіп отыр, өзім неге басында 6 балл бергеніме желеу таба алмай отырмын, мүмкін салыстырмалы түрде қатты түсіп кетпесін дегенім шығар, қазірге дейін дилетанттар қараған кинолар ішіндегі ең нашары. Бағам сол 6 боп қалсын.

Мерей: осы жерге «егер, Роза болғанда, үшеуің ырылдасып қалатын едіңдер. Өйткені, бәрің Р-сыңдар» деген орташа деңгейдегі әзілімді қосып қалайын.

Райхан: Фильмнен бар тапқан пайдам: Ласло Немешті танып алдым. Актер Геза Рёригты аштым. Содан соң, әрине, «Үш дилетант»)))

Мерей: Алдыңғы шығарылымдардың бірінде біз фильмдерді алған жүлделерінен тыс қарау мәселесінен қозғаған едік. Сол жағынан қарайтын болсақ, «Саулдың ұлы» аса нашар фильм деп айта алмаймын. Менің қоятын балым – 6,7.

Че там, Рай, шыққасын бір жаққа бармадық па десең))) Райхан, бізге қонаққа келгеніңе көп рахмет!

Райхан: Мені пікір білдіруге шақырғандарыңа рахмет!

Мерей: Жақсы!

Merey удалил(-а) Rai Akimbayeva

Пікірлер

    • Бәке
    • |
    • 20 желтоқсан 2016 20.12.2016
    • |
    • 14:16

    Мерей: Деңгейлі көрермен жоқ қой бүгін
    О не дегеніңіз

    • Тәке
    • |
    • 20 желтоқсан 2016 20.12.2016
    • |
    • 14:44

    Деңгейлі көрермен деп отырғаны - Роза деген көрермен, а так! Одмин, пікірімді шығарыңыз!