• Біздің парақшалар:

Не деген ғажап өмір | It's a Wonderful Life

Достар, «Үш дилетант» айдарындағы келесі талқылайтын киномыз “Это замечательная жизнь” фильмі. Бүгінгі талқылауымыздың қонағы - қаржыгер, биотехнолог Равиль Нуржанов.

Пікірге журналист Роза Әрен және медиа-компания қызметкері, аналитик Мерей Ермұқанов қатысады.

Мерей:

Адам жегіш Эллочканың сөздік қоры 30-ақ сөз болатын. Сонша сөз маған бұл фильмді сипаттауға жететін сияқты. Шик. Блеск.

Рождестволық фильмдердің ішіндегі ең үздіктердің бірі. Десе де, оқиға желісі ауқымды уақытты, 15-20 шақты жылды қамтиды.

Ең басында Құдайдың періштелерге тапсырма бергендегі ғарыштық иллюстрация примитив көрінуі мүмкін. Дегенмен, егер таза кейіпкерлердің бейнесін салмай жеткізу керек болса, қазір де солай жеткізер ме еді?

Бастапқы фэнтези (ал мүмкін, фэнтези емес, біз білмейтін ақиқат) тұздық болған соң, кино өрісі қызық өрбитіні соншалық, мен Ұлы тылсым күштер жайлы тіпті ұмытып та кетіппін.

Өте нәзік, мейірімді, жоғары идеалдарға берік фильм. Адалдық, қарапайымдылық, шынайы махаббат, еңбекқорлықтың насихаты.

Донна Ридтің өзі де, кейіпкері де ғажап.

Фильмнің басты тұстарының бірі - өте қарапайым, өмірлік. Алаңғасар, аңқау, ұмытшақ қартаң адамның жай ғана қателігі.

8 мың доллар... Ол ақшаның періштелердің ықпалынсыз халықтың күшімен жиналғанына қуандым. О жоқ, осы қаржылық мәселеге араласпашы деп отырғам іштей. Періштеге пендеуи дүниелер қызық емес екен.

Махаббат ситуациялары, дәріханадағы оқиға, мұз айдын жағдайы, банкті құтқару - бәрі-бәрі өмір, бәрі толы адам қасиеттерінің сұлулары.

Осынай классиканың 70 жылдығымен бәріңізді құттықтаймын. Принципиал түрде бүгін еш кемшілік айтпаймын. Жоқтың қасы онсыз да.

Бұл тамаша өмір!..

Роза:

"Эта замечательная жизнь". Да, жизнь действительно замечательна! После просмотра фильма мне захотелось жить, творить, любить и радоваться! Ой, әсерленгенім сонша, орысша бастап кетіппін ғой! Не дейін, қарақтарым, бұл бір ғажап фильм екен. Әлемдік киноматографиядан ойып тұрып орын алған фэнтезиге менің жүрегімде де орын бар! Басталғаннан-ақ баурай жөнелген сюжет желісі, атап айтқанда, старые добрые времена (1946 жыл), бас кейіпкердің ерекше болмысы, періштелердің аспандағы әңгімесі, бәрі-бәрі маған мынау дүниеде қамқорлықтың, адалдықтың, адамшылықтың бар екенін тағы бір мәрте ұғындырды. Жаңа жыл қарсаңында көңілім бір көтеріліп қалды. Осындай кіршіксіз таза фильмді таңдаған адамның алдында шләпімді шештім!

Равиль:

Басында 1946 жылғы кино көресің деген кезде ондай қатты қуанған жоқпын. Ол кездегі кино мен үшін тек ақ-қара түсті, ішіндегі оқиғалары аз болып көрінетін және ондай киноларды қазірге дейін көрмеген едім. Мына кинодан соң, шынымды айтсам, әлемдік туындыларды бұған дейін көрмей жүргеніме өкініп тұрмын.

Киноны бастап көре бастаған кезде актерлардың ойнауы, қойылымдар сахналық қойылымдар болып көрінеді, бірақ кейін келе үйренісіп кетесің. Бастапқы көзқарас алдамшы болмауы керек, өйткені ол кездерде кино өндірісі енді басталып, көбінесе актерлар сахналық қойылымдардан алынғаннан кейін экранға бейімделу секілді көп нәрселер енді пайда бола бастаған кез. Бірақ, оған қарамай басты рөлдегі актерлар өз рөлдерін өте жоғары деңгейде алып шыққан деп есептеймін. Басты рөлдегі екі персонаждың да түрлері де жағымды, істеген істері де жағымды, өте сүйкімді.

Киноның өзіне келетін болсақ. Көп адамдарда сол кездегі кино түсіру сапасы онша жоғары емес деген стереотип бар. Бірақ, бұл киноны көрген кезде кино сапасы жағынан өте жоғары екенін түсінуге болады. 40-50 жылдары үшін өте жоғары деп есептеймін. Режисер өзіне тән емес кино түсірген. У него это получилось очень хорошо. Мен режисер үшін қуаныштымын.

Кино күйзелісте жүрген, ой толғауда жүрген кезде немесе ең болмаса жаңа жыл алдында қарауға арналған. Кез-келген ортаға, кез-келген жас өкіліне көруге болады.

Сендер секілді журналист немесе ақын болмағандықтан сөз саптауым шорқақ болуы мүмкін, оған мән бермеңдер. Тағы бір айта кететіні егер мен 40-50 жылдары өмір сүрсем, киноның соңында ұзақ жылап алар едім. Өйткені, өте жақсы көңіл күйде аяқтады киноны. Ол кездегі адамдар адамгершілік жағынан, кеңпейілдік жағынан қазірге қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде деп есептеймін. Кино жетпіс жыл өтсе де өзінің актуалдығын жоғалтпаған, әлі де кейінгі ұрпаққа көруге болады. “Рождестсвенская история” деген кино бар еді ғой, соған ұқсастықтары бар. Әр жыл сайын отбасыңмен отырып, бала-шағаңмен отырып немесе әйеліңмен отырып жаңа жылдың алдында көруге өте идеалды туында. Кино барысында әр түрлі көңіл-күйге соғады, бірақ, көңілді де отырасың, кейін барып өзіңнің көңіліңдегі нәрселермен байланыстырасың. Әсіресе бас кейіпкердің талпынысы секілді нәзік жерлері адамды тартады. Соңғы жағы ертегі сияқты болып кеткенімен өмірдегі көптеген оқиғалар бар, көңіліңді босататын да оқиғалар бар. Киноның ұраны менің ойымша “Сен жалғыз емессің, өмірді бағала” деген сияқты. Адами құндылықтар және жанұялық құндылықтар туралы болғандықтан да кино осынша жылдар бойы актуалдығын жоғалтпаған болуы керек. Әлі де бір ғасыр өмір сүретін секілді.

Кино көріп бастаған кезде автоматты түрде рейтинг беріп бастайсың. Кино көріп болғаннан кейін 7-ден бастадым, бірақ кейін барып киноны қайта-қайта ойымнан өткізу барысында 7,5-ке көтерілдім, одан кейін 8-ге көтерілдім. Сөйтіп, рейтингімді 10-нан 8,3 деңгейінде аяқтадым. Жалпы бұл киноны көргеніме қуаныштымын. Әлі де өзімнің жақындарыма, болашақ балаларыма көрсетемін деп ойлаймын.

Роза:

Ал, бастасақ бастайық!

Ағажан, киномандарда ондай стереотип жоқ. Деңгейі төмен көрермендер ғана солай ойлайды.

Жө, жө, толқымаңыз, сөз саптауыңыз керемет!

Ар жағыңызда сықылықтап күліп жатқан қыздың даусы да от екен!

Еу, қайдасыңдар?

Мені жалғыз қалдырмаңдаршы!

Равиль:

Сен жалғыз емессің, Роза :) Бұл кинодан кейін қалай айтасың олай?

Роза:

Нені айтасыз, ағажан?

Равиль:

Мен үшін бұл киноның ұраны “Сен жалғыз емессің”

Мерей:

Құдай-ау, екеуіңнің де өмірлік көңіл-күйлеріңді тап басқан сияқты ғой. Райымбек, Равильдің кейбір сөздерін редактировать етесің ғой, немесе Роза ма.  Әдеби қылып жібересің ғой, хе-хе.

Равиль:

Иә, иә, бірақ мағынасы жоғалмасын және стилі.

Мерей:

Фильмдегі ерекшеліктердің бірі, Лайонел Бэрримордың кейіпкері, яғни, мистер Поттердің сол ақшақұмар залым ретінде қалатыны. Фэнтези болғанда да соңында бір мейірімденіп кететін жанрлар болады ғой. Бұл фильмде олай емес, әлдеқайда өмірге жақын. Бай адам байшыкеш, ақшақұмар күйінде қалды, көмектескен басқа халық. Жалпы Бэрримордың өзінің кейіпкерін алып шыққандағы шеберлігі жоғары. Мықты шал, мықты, жақсы актер... болған екен.

Бір нюанс бар, жақса адамдарға жақсы адамдар жолығатынын және бас кейіпкер Джордж әкесінің өзі халықты ойлаған адам екенін көрсетеді. Бизнеске қатты ебі болмауы мүмкін, бірақ сондай филантроп адам. Мүмкіндігінше қайырымдылық жасауға тырысқан. Баласы да сондай болып өсті. Әкеге тартып ұлдың өсетіндігі, генмен берілетіндігін, отбасы құндылығының негізін тағы бір айшықтап көрсетеді.

Роза:

Бәсе, менің өмір жолымда неге кілең жақсы адамдар кездесіп келе жатыр десем)))

Равиль:

Қыздың күлкісі күшті екен десем қалай болады

Мерей:

Фильмнің сценарий, сюжеті бірінен кейін бірі ретімен кетпейді. Қиылысып тұрған жерлері бар. Мысалы, бір ауыз сөзі бар “сен үшін айды алып беремін” дейді, соны кейін картина қылып көрсетеді. Немесе ең басындағы баласының қазасын есітіп отырған адам байқаусызда у салып жібереді ғой клиенттердің біріне. Сол ситуацияда жаңағы бала Джордж шығып кетеді де әкесінен кеңес сұрауға барады, әкесінен кеңес алмаса да әкесі мен мистер Поттер арасындағы оқиғаны көрсетеді. Сол арада екі ситуацияны көрсетіп жібереді де бала дәріханашыға қайтып келеді.

Фильм барысында байқалмайды, бірақ тағдырлар көп. Мысалы, бармен Мартини немесе пластик пакеттермен айналысып бастап көп ақша жіберген адам бар. Кинотеатрда, аптекада, банктегі барлығының шағын-шағын өмірлері көрсетіледі. Адманың күні адаммен деген секілді.

Роза:

Қызға сіздер тұрмақ, мен де сынып қалар едім.

Равиль:

Сосын, айта кететіні, сол кездердегі махаббат сценаларының болмайтындығы. Ол кездер үшін сезім физикалық қалауларға қарағанда жоғары екендігі көрінеді. Қазіргі кездегі сияқты емес, ол кездер үшін басқаша екендігін көрсетеді. Сүйісу несі де басқаша екендігі.

Роза:

Бұл киноның бәрімізге бірдей ұнап жатқандығы ол тура жанымызда болып жатқан оқиға секілді әсер қалдыратындығы, қарапайымдылығы және барынша біздің қазіргі өмірімізге жақындығы, кейіпкерлердің қарапайымдылығы, олардың шынайылығы, олардың ақ жүректері, қарапайым өмірі. Сондықтан да, маған жалпы барлық нәрсе ұнады.

Әсіресе мына бір детальға басынан бастап қатты назар аударып отыр едім. Басты кейіпкер баспалдақпен көтеріліп бара жатқан кезде, баспалдақтың шетін ұстап тұратын дөңгелек ағаш түсіп қалған. Оны жөндеу керек, бірақ әлі жөнделмеген. Соны қайта-қайта ұстап “туй!” деп жынданып өтіп кетеді. Кейін ол өзінің үйіне шын өмірде оралып, шынымен де менің шын өмірім ба, шынымен де оралдым ба деп қуанған кезде ағашты ұстап, ол құлап жатқанын көрген кезде тәубасына келіп, қатты қуанады. Яғни, осындай кішкентай-кішкентай детальдар арқылы да режиссер кейіпкердің болмысын, жалпы өзінің не айтпақ болған нәрсесін өте әдемі, ұғынықты тілмен жеткізе білген.

Кино әлемінде сыншылар бір бағалап, көрермендер басқаша бағалап жатады ғой. Пікір көбіне екіге жарылып кетеді. Ғаламторды қарап көрдім, кино туралы пікірлер жақсы. АҚШ-та міндетті түрде рождество кезінде көрсетілетін ғажайып кинолар қатарына жатады екен.

Мерей:

Мен де байқадым, сүйіскен кезде ол процесстен секс аңқып тұрмайды. Ол жерден бір кәдімгідей шынайылық, іңкәрлік сезім аңқып тұрады. Қалай істейтіндігі емес, жай ғана процесске көзсіз беріледі.

Роза:

Жоғарыда Равиль ағам өте жақсы айтты “күйзеліп жүрген адамдар көрсе, көңіл-күйі көтеріліп қалады” деп. Соған қосыламын. Өйткені, өмірде әйтеуір бір орным бар екенін, қандай да бір миссиямен осы ғаламшарға жіберілгеніңді сезіну, сенің қатысуыңсыз өмірдегі оқиғалар басқаша болатындығын түсіну өте керемет нәрсе. Сол тұрғыдан алғанда тек қана жаңа жыл кезінде қарайтын ғана емес, адамға позитив сыйлайтын фильмдердің көшін бастап тұрған фильм деуге болады. Ең қызығы режиссер, жаңылыспасам Капра, өзін рождестволық кино түсірдім деп есептемеген екен. Бірақ, АҚШ-та көрермендер қатты ұнатқандықтан жыл сайын жаңа жыл алдында осы киноны көруді дағдыға айналдырып кеткен.

Мерей:

Өзіңе көп алып қойған жоқсың ба?

Роза:

Кімді айтасың?

Мерей:

Кімді айтасың? Сені айтам. Фильм кейіпкерлері де біз секілді сондай мейірімді, ақжүрек, қарапайым деген мағына ұқтым да… оу оу :)

Роза:

Иә, мен сондаймын. Мен сол заманның адамдарындай қамқор, шынайы, қарапайым әрі көңілді жанмын. И чо?

Жалпы, осы "Үш дилетант" жобасында маған ерекше әсер еткен алғашқы фильм "Легенда о пианисте" болса, екіншісі осы болып отыр.

Мерей:

Фильм шынымен де рождество туралы емес қой. Оқиғаның желісі де жазда өтеді. 29-жылғы оқиғасы бар, 39-жылғы оқиғасы бар, соғыс басталғаннан кейінгісі бар.

Бұл фильмді кім ұсынды екен, ә?

Равиль:

:)

Роза:

Пианистті мен ұсынғам, а так.

Мерей:

Есімде жоқ ол, хе-хе-хе.

Равиль:

Мен-сендерің құрысын.

Мерей:

Хех, пианистті мен ұсынған десеңіз, “Саулдың ұлын” да сен ұсынғансың. Сондықтан, өзіңіз түсіндіңіз енді…

Равиль:

“Саулдың ұлы” туралы ештеңе айтпай-ақ қояйын енді. Без комментариев, ық-ық-ық.

Роза:

Ок. Енді кемшілік туралы айтайық

Равиль:

Кемшілік жоқ. Официально заявляю)

Мерей:

Құдай мен періштенің диалогы және олардың сюжетке не үшін араласып отырғанын мен түсініп отырмын. Жалпы, анда-санда көрерменге бас кейіпкердің өзін кеңірек таныстыруға стопты басып тоқтатып қойып мүмкіндік береді. Бұл фильмді оларды араластырмай-ақ жай ғана адами қасиеттердің жиынтығынан тұратын оқиғалар желісі ретінде де түсіруге болатын секілді. Дегенмен, ол режиссердің шешімі, плюс емес минус емес, тылсым күшінсіз драма, мелодрама түсіруге мүмкіндік болды деп ойлаймын.

Роза:

Официальный заявлениеге қосыла кетейін. Менің ойымша да бұл жерде ешқандай кемшілік жоқ. Фильмдегі детальдар, аса ұзақ детальдерге дейін ойластырылған. Жетпіс жылдық тарихы болса да, қазірге дейін өзінің өзектілігін жоймаған ғажайып фильм. Фильмдегі періштелер сценасының өтірік екенін біле тұра көңілің сондай бір жақсылыққа, ғажайыпқа сенгісі келіп тұрады екен. Осындай тамаша фильмді барлық достарыма ұсына жүремін деп ойлаймын.

Түүүу, тілек айтқандай болып кеттім ғой.

Мерей:

Періштелер сценасы өтірік екен дегенге сенімді болмаңыз енді. Ол бізге қолжетімсіз ақиқат қой ол.

Роза:

Меніңше, құдай мен періштелердің әңгімесінде тұрған ешқандай сөлекеттік жоқ деп ойлаймын. Мен мұны бір фишка деп ойлаймын. Өйткені, мұндай сахналар осындай әлемдік киноларда аса көп емес және де олардың түрін көрсетіп тұрған жоқ қой. Небір, жақсы, әдемі, қарапайым, добрый фильмдер бар. Мысалы, “Жизнь прекрасна” деген сияқты, 97 жылғы, италиялық режисердің туындысы. Ондай фильмдер көп, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты көрсететін.

Мерей:

1946 жыл, соғыс біткен кез. Иә, АҚШ соғыстан кішкене алшақтау болды. Дегенмен, жалпы ахуалға ол әсер етті деп ойлаймын. Сондықтан, сол кез үшін адами құндылықтардың айырықшалығын көрсететін туынды керек болған шығар және соны ескеріп түсірген шығар. Сондай бір қиын кезде, кісі өлімі және тағы да басқа процесстерден кейін осындай саф таза туынды әкеле білу де ол өнер. Оның үстіне бас кейіпкерлер қандай күшті.

Равиль:

Қазіргі заман көзқарасымен қарайтын болсаң киноның кейбір жерінен кемшілік табуға болады. Періштеге байланысты деген сияқты. Бірақ, 40-жылдар үшін, қазіргідегідей спецэффект, я болмаса әдемі түрді қулық қолдану өте қиын. Өз заманы үшін, менің ойымша, бұл предел.

Мерей:

Жоқ, періштенің түрін көрдік қой. Ол да бірақ өз мақсатында жұмыс жасап жүр иә?

Жалпы, АҚШ-та бір сенім ба, тұжырым бар ғой егер де қоңырау соғылса бір періште қанат алып жатыр деген. Сол қарапайым ғана ойдың айналасынан өрбітіп шығарған тағы бір сюжеттік иірімді байқауға болады. Соның өзін араластырып тығып жіберді. Ал былай қарап отырсаң ол АҚШ-тың өмірінде жиі кездесетін қарапайым ғана тұжырымдарың бірі ғой, сенім сияқты. Сценаристтер де маладес.

Равиль:

Ол да шірітіп жүр, әйтеуір. Періштемін деп жүрген жоқ.

Мерей:

Және кульминация, соңында бәрі жақсы аяқталып, ақша жинап, халықтың барлығы оны жақсы көретіні түсінікті болғанның үстіне тағы бәр әсемірлік, кофенің үстіне карита сепкен сияқты, інісі келеді. Батыр. Соның өзі рождествоға асыға жеттім деп, күшті бір мейірімділік сезіледі.

Біздің жігіт былай негізі тормыз емес, кейбір жерде солай болып көрінуі мүмкін. Жалпы өмірлік тұрғыда белсенді. Себебі, арнайы қасақана бассейнді ашып жіберген кезде, олар суға түсіп кеткен кезде билерін тоқтатпайды. Өте қызық эпизод. Тіпті түлектер жиынына келген шалдың өзі секіріп кетеді.

Роза:

Мерей, не айтып отырсың? Бассейні нес?

Равиль:

Ол заман үшін режисерлердің істеген романтикалық қулықтары ғой енді. Енді-енді басталып келе жатқандары ғой.

Мерей:

Роза, ол эпизод есіңде жоқ па не? Немесе сен көрген вариантта ондай ситуация болған жоқ па? Мектеп түлектерінің жиыны болады, сол кезде қозғалмалы еден болады, сол еден ашылады.

Роза:

Аа, иә, опомнилась :)

Достар, аяқтайық, кім қанша бал береді?

Мерей:

8,9 балл.

Роза:

Менің қоятын бағам 9 балл. Одан да жоғары қоюға болар еді. Дегенмен, алда әлі небір ғажайып фильмдер күтеді деп есептеймін.

Біздің бүгінгі пікірталасқа қатысқан ағажан Равиль Нұржановқа үлкен алғысымды білдіремін.

Мерей:

“Армандапсың ақ тоқты түстен кейін көк шөпті” деген. Ал оны сенің адами қасиеттеріңнің сипатына қатысты айттым ба, жоқ әлді “алда бізді ғажайып фильмдер күтіп тұр” деген ойыңа қатысты айттым ба, бұл құпия түрде қалсын. Пікірталас үшін барлықтарыңызға рақмет.

Роза:

Равиль аға, әу деңіз. (беті қызыл, ұялып күліп тұрған смайл)

Равиль:

Негізі мен 9 баллдан жоғары ешқандай киноға қоймаймын. Сондықтан да, 8,3 ол үлкен рейтинг. Сендердің қолдарың ашық екен, оны білмеппін. Сендерге де рақмет, жақсы кино, жақсы талқылау болды.

Роза:

Оппаноу, Рәке. Паңқыдыңыз ғой. Біз негізі сондай щедрый емеспіз, бірақ сондай бір әдемі сезім сыйлаған, ешқандай кемшілік көрмеген киноға 9 қоймағанда қандай киноға 9 қоямыз?

Равиль:

Мен тек “Одинь день” деген киноға ғана 9 қоямын. Айтқаныңыз ақиқат, келістік. Мысалы, 1+1 деп алғанның өзінде 8,5 деп алайық, мен ол кинодан жоғары қоя алмаймын.

Роза:

Осындай әдемі көңіл-күймен бүгінгі пікірталасты жабық деп жариялаймыз.

 

Материалды және иллюстрацияны дайындаған - Райымбек Егембердиев.

Пікірлер

  • Қызықтырып жібердіңіздер ғой. Міндетті түрде көремін. Сосын ескі киноға бұрын тартпаушы еді, "Жел айдағандар"-ды(Унесённые ветром - осылай аудардым)) көргеннен кейін ойым өзгерген. Енді мынаны көріп, қызығушылығым одан әрі артар деп үміттенемін.