• Біздің парақшалар:

Қаралы Қара батыр

Кристофер Нолан түсірген "Қара батырдың оралуы" фильмінің өз отанындағы премьерасы қайғылы оқиғамен басталған еді. АҚШ-тағы Колорадо штатындағы Аврора деген қалашықта аталған туындының алғашқы көрсетілімінде бетперде киген біреу залдағы көрермендерге оқ атқан еді. Лаңкестік әрекеттен көрермен қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.   

14 кісінің өліміне себепші болған - Джеймс Холмс

Джеймс Холмс есімді жасар жігіттің бұндай қылмысқа не себепті барғаны белгісіз. Оның психикалық ауытқушылығы болуы мүмкін екені айтылуда. Бірақ бұл әрекет еліктеушіліктен де орын алуы ытимал. Өйткені Холмс көрермендерге оқ атқанда "Қара батырдың оралуы" фильміндегі анти қаһарман - лаңкес Бэйннің маскасына ұқсас бетперде киіп алғаны белгілі болды. 

Том Хардидің орындауындағы лаңкес Бэйн 

Осы қайғылы оқиғаға да фильмнің кассалық жиынына кедергі болуда. Бірінші уикендте АҚШ кинотеатрларынан 180 миллион доллардан кем түсірмейді деп болжанған картина 160 миллиондық межеге әрең жетті. Дегенмен Warner Bros. компаниясы алғашқы аптаның түсімін ресми жариялаудан бас тартты. Бұл Аврора қаласындағы қаралы жағдайға байланысты қабылданған шешім. 

Фильмнің түрлі елдердегі премьералары өтпей қалуы ықтимал. АҚШ-тағы қайғыға ортақтастық білдірген Warner Bros. басшылығы Франция астанасындағы "Қара батырдың оралуы" премьерасын өткізбей тастады. Көрермендердің өкінішіне орай бұндай теріс шешім басқа қалаларға қатысты қабылдануы мүмкін. Аталған студия Солтүстік Америка кинотеатрларымен сәйкес келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер бұл бастама оң шешімін тапса, "Қара батырдың оралуының" прокаты толықтай тоқтатылмақ.

Пікірлер