• Біздің парақшалар:

Жыл қорытындысы-2012. І эпизод: Күз

І эпизод. Әлем киносы: оқиғалар, премьералар...

(Жалғасы...)

Күз

2003 жылғы «Немоны іздеу» («В поисках Немо 3D»; «Finding Nemo 3D») 2012 жылдың қыркүйегінде стерео нұсқада қайта шықты. Онымен қатар Милла Йововичті осымен бесінші рет зомбилармен күресуші Элис рөлінде ұсынған «Зұлымдық мекені: Жаза» («Обитель зла: Возмездие»; «Resident Evil: Retribution»), Алтын Орда мен Мәскеудің қарым-қатынасын паш еткен драма «Орда», Лос-Анджелес полицейлерінің қиын жұмысын шынайы паш еткен «Ақырғы сағат» («Патруль»; «End of Watch») боевигі, болашақтың құқық қорғаушылары туралы ремейк «Дредд 3D» («Судья Дредд 3D»; «Dredd 3D»), Джозеф Гордон-Левитт пен Брюс Уиллистің басын қосқан «Лупер» («Петля времени»; «Looper») фантастикасы қыркүйектің басты премьералары болды.

Көпшіліктің көптен күткен фильмдерінің бірі «Кепілге алынғандар 2» («Заложница 2»; «Taken 2») болды. Лиам Нисонның орындауындағы атақты боевиктің жалғасы да көрермендер тарапынан жылы қабылданды. Тим Бертонның готикалық стилдегі «Франкенвини» («Frankenweenie») мультфильмі, «Трансильвания қонақүйі» («Монстры на каникулах»; «Hotel Transylvania»); «Ральф» («Wreck-It Ralph») туындылары биылғы күздің басты анимациялық премьералары атанды.

Кино импорттаушы компаниялар мен жергілікті кеден органдарының арасындағы келіспеушіліктердің кесірінен отандық кинотеатрларға жетпей қалған бірқатар фильмдер осы күзде кешігіп болса да прокатқа жіберілді. Олардың ішінен «Тед» («Третий лишний»; «Ted»), «Жабайылар» («Особо опасны»; «Savages»), «Борнның мұрасы» («Эволюция Борна»; «The Bourne Legacy») секілді премьераларды ерекше атап өту қажет. Бұлар күздің ғана емес, жылдың басты фильмдерінің қатарында тұруға лайық.

Үрейлі, триллер фильмдер де аз болмады: Дженнифер Лоуренстің түскен «Көше шетіндегі үй» («Дом в конце улицы»; «House at the End of the Street»); «Синистер» («Sinister»); «Паранормал құбылыс 4» («Паранормальное явление 4»; «Paranormal Activity 4»), «Сайлент Хилл: Ашылу 3D» («Сайлент Хилл 2»; «Silent Hill: Revelation 3D»); «Қараңғы бөлме» («Бункер»; «La cara oculta»); «Коллекция» («Коллекционер 2»; «The Collection»), т.б. Ал көпшілік көп күткен жобалардан Джеймс Бонд хикаясын жалғастырған «Скайфолл» («007: Координаты «Скайфолл»; «Skyfall»), пәлсапалық маңыздылығымен таң-тамаша қалдырған «Бұлттар атласы» («Облачный атлас»; «Cloud Atlas»), Иранда тұтқынға түскен америкалықтарды алып қашу туралы өмірде болған операцияны баяндайтын «Арго» («Операция «Арго»; «Argo»), атақты вампирлер хикаясының ақырғы бөлімі - «Ымырт сагасы: Таң – 2 бөлім» («Сумерки. Сага. Рассвет: Часть 2»; «The Twilight Saga: Breaking Dawn - Part 2»), 6-шы Венеция кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған Ким Ки Дуктың «Пьета» секілді фильмдер ерекше ықыласқа ие. Айтпақшы ТМД көлемінде танымал болған «Бригада» телесериалының жалғасы ретінде «Мұрагер» («Бригада: Наследник») толықметражды боевигі жарық көрді. Өкінішке орай, Белыйдың баласы туралы фильм сыншылар тарапынан да, көрермендер тарапынан да төмен бағаланды.

Жалғасы бар...

 

Осыған дейін:

Бірінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Қыс 

Екінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Көктем

Үшінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Жаз

Пікірлер