• Біздің парақшалар:

Леонардо ДиКаприо туралы қызықты фактілер

11 қараша Голливудтың ең танымал актерлерінің бірі - Леонардо ДиКаприоның туған күні. Атаулы күнге орай осы актерге қатысты көпшілік біле бермейтін бірнеше фактімен бөліскіміз келеді.

  • ДиКаприо осы күнге дейін "Оскар" ала алмай жүрген ең талантты актерлер санатына жатады. Ол алғаш рет "Оскар" номинациясына 21 жасынан бастап түскен екен. Осы күнге дейін 5 рет ақыры нәтижесіз болған номинацияға іліккен. Бірақ бұл оның "жалғыз" қайғысы емес. Актер сонымен қатар Киноактерлер гильдиясының 8 номинациясынан (SAG Awards), Британ кино және телевизия өнері академиясының 3 номинациясынан (Bafta Awards), Амеркиалық "Сатурн" сыйлығының 2 номинациясынан құр қол қалды. 

  • "Леонардо Ди Каприо: Романтикалық кейіпкер" кітабының авторы Марк Бегоның айтуынша, Лео бастауыш мектепте оқып жүрген кезінде Чарльз Мэнсонға еліктеп маңдайына свастика суретін салып жүрген екен.
  • "Қолыңнан келсе мені ұстап ал" (Catch Me If You Can) фильміне түсіп жүрген кезінде, фильм сюжетіне арқау болған атақты айлакер Фрэнк Абигнейлмен кездескен. Леонардо бұл кісіні ұнатып қалғаны сонша, кейін оны өз үйіне шақырып, қонақ қылады.
  • ДиКаприо қайырымдылық акцияларын белсенді қолдап тұрады. 2013 жылы өзінің 39 жасын атып өткен кезінде, қайырымдылық кешін ұйымдастырады. Туған күннен жиналған 3 млн долларды ол қоршаған ортаны қорғау қорына аударған.
  • Леонардоның Youtube сайтындағы ең жақсы көретін роликтерінің бірі - "Әлемдегі ең мас адам" деп аталады. Бұл видеоны көрген сайын актер шабыттанады екен:
  • Актердің өзінің айтуынша, өмірде ешқашан есірткі қолданып көрмеген. "Уолл-стрит қасқыры" фильміне түскен кезінде, нашақор басты кейіпкерді барынша шынайы сомдау үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінген. Негізі өмірде Лео электрон темекі тартады.

  • Бұл фото 1995 жылы қыркүйекте түсірілген. Бұл кезде Леонардо әлі әлемдік жұлдыз атанып үлгермеген еді. Осы фото түсірілгеннен кейін бірнеше аптадан соң актердің өмірі күрт өзгереді, бірақ бұл туралы ол әлі білмейді. Сол себепті бұндай "еркелікке" жол берген. Ал қазір фотоға өлсе де осындай позада түспес еді.
  • Леонардо ДиКаприо - сиквелге (бір фильмнің тікелей жалғасы болып есептелетін екінші фильм) түсіп көрмеген ең бай актер деп саналады.

 

Дереккөз: diletant.media

Пікірлер

    • Bake
    • |
    • 20 қараша 2015 20.11.2015
    • |
    • 13:22

    Шын айтсам, видео қалай шабыттандыратынын онша түсіне қоймадым)
    Мүмкін есікті ашып, шығуға деген талпынысы үшін бе?