• Біздің парақшалар:

Жыл қорытындысы-2012. І эпизод: Қыс (жыл аяғы)

І эпизод. Әлем киносы: оқиғалар, премьералар...

(Жалғасы...)

Қыс: жыл аяғы

Қыстың басты премьерасын кез-келген киносүйер қауым атай алатын шығар? Әрине, ол  «Хоббит». Питер Джексонның кезекті трилогиясының алғашқы бөлімі осыған дейінгі «Сақиналар әміршісіне» приквел ретінде жарық көрді. «Хоббит: Күтпеген саяхат» («Хоббит: Нежданное путешествие»; «The Hobbit: An Unexpected Journey») қыстың ғана емес, жылдың ең таңдаулы фильмдерінің бірі деп бағаланды. 

1991 жылы жарық көрген Гари Труздейл мен Кирк Уайздың «Сұлу мен құбыжығы» көпшіліктің есінде шығар? Дәл осы анимациялық туынды 3D форматпен желтоқсанда әлемдік прокатқа қайта шықты. Одан бөлек «Заңсыз» («Самый пьяный округ в мире»; «Lawless») қылмыстық драмасы мен  «Ортаға Бум шығады» («Толстяк на ринге»; «Here Comes the Boom») комедиясы да қысқы премьералардың таңдаулылар санатына кіруге лайық. Ал, ресейлік фильмдерден 1972 жылғы КСРО классикаларының бірі «Джентльмены удачи» детектив комедиясының негізінде түсірілген «бекмамбетовтық өнім» - «Джентльмены, удачи!» фильмін, «Мельница» студиясының халық аңыздарындағы батырлар туралы мультфильмдер сериясының кезекті бөлімі «Три богатыря на дальних берегах» анимациялық туындысын ерекше атауға болады. 

Қорыту

Міне, өтіп бара жатқан 2012 жыл осындай фильмдерімен ерекшеленді. Бәрін сүзгіден өткізе келе, ескі фильмдердің өңделіп, 3D форматпен қайта шыққан фильмдердің көптеп шығуына орай, жылға бейресми түрде «Стереонұсқалар жылы» деп те, «Джон Картер», «Аштық ойындары», «Кек алушылар», «Прометей», «Хоббит» секілді қиял-ғажайып бағыттағы мықты премьераларды басшылыққа алып «фантастикалар жылы» деп те атауға болады. Айта кету керек, отандық өнімдер де аз болған жоқ. «Қазақфильм» секілді ұлттық компаниядан бөлек, тәуелсіз студиялар шығарған әр түрлі жанрдағы қазақстандық фильмдер прокатқа шықты (ол туралы келесі материалда). Әрине олардың бәрі бірдей жетістікке жете алмады, десек те «сапа саннан құралатынын» ескерсек бұл да жаман бастама емес. Осы жылдың ерекше атап өтер тағы бір жаңалығы, аз да болса бірнеше голливудтық фильм қазақ тіліне дубляждалып шығарылды. Осылардың бәрін ескере келе, 2012 жыл Қазақстанның кино кеңістігіне табыстар әкеле алды деуге толық негіз бар.

Жалғасы бар...

 

Осыған дейін:

Бірінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Қыс 

Екінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Көктем

Үшінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Жаз

Төртінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Күз

Пікірлер