• Біздің парақшалар:

Marvel фильмдерін қандай реттілікте көрген дұрыс

Марвелдің бірнеше фильмдерін көрдің, ал ТВ шоуларын ше?

Кейбір адамдар Марвел фильмдерін көріп, бастары қатып, түсінбей жатады. Себебі олар бір фильмнің барлық бөлімдерін көріп алады да, сосын Марвелдің басқа фильмдерін де бөлімдері бойынша рет-ретімен көріп шығады. Бірақ бұндай заң Марвел фильмдері үшін һас емес.

Марвелдің өзінің бір фишкасы бар, ол – «Marvel Cinematic Universe», яғни «Марвел Кино Әлемі» деп аталады. МКӘ–де фильмдерді реттілігі бойынша топтарға – фазаларға бөледі. Қазіргі таңда толық екі фаза бар, алайда жоспарланған фильмдерді қосқанда, барлығы төрт фаза болады.

МКӘ–де бір плюс бар: осы әлемде орын алған оқиғалар фильмде көрсетілгенде, сол әлемнің басқа бір фильмінің кейіпкері берілген фильмде өзінің бастапқы рөлінде қатыса алады. МКӘ–дегі барлық фильмдер өзара бір-бірімен тығыз байланыста. Бір фильмдегі оқиға басқа фильмдегі оқиғаның себебі немесе салдары болып табылуы мүмкін.

Толықметражды фильмдермен қатар, МКӘ–ге қысқаметражды, сондай–ақ телевизиялық шоулар – сериалдар да кіреді.

Сонымен, төменде Марвел Кино Әлемінің фильмдері уақыттық реті – таймлайны бойынша келтіріледі.

 1. Капитан Америка: Алғашқы кек алушы (2011)

1942 жыл, Америка ІІ Дүниежүзілік соғысқа кірді. Аурушаң, бірақ батыл Стив Роджерс әскери қызметке қайтадан қабылданбағанына жабығады. Доктор Эрскин оны өзінің «Қайта туылу жобасына» шақырғанда, Роджерс үшін бәрі өзгереді. Өзінің ерекше ерлігін, ақылын және намысын дәлелдей келе, Роджерс тәжірибенің нысанына айналады. Нәтижесінде оның әлсіз денесі кенеттен максималды адами әлеуетке ие толады. Артынша Доктор Эрскинді Нацистік Алманияның құпия (Қызыл Бассүйек лақапесімді Йоханн Шмидт басқаратын) ХИДРА зерттеу департаментінің агенті өлтіріп кеткенде, Роджерс пропагандалық тұмар ретінде қолданылатын бірегей адам болып қалады. Дегенмен, жолдастары оны қажетсінгенде, Роджерс сәтті шытырманды бастан кешіп, нағыз Капитан Америкаға айналады да Шмидтке қарсы соғыс ашады.

 

2. Агент Картер (2013–...) ТВ сериал, І маусым

Соғыс аяқталды, барлығы дерлік қайғыны сезінді. Агент Пегги Картер өмірінің махаббаты – Стив Роджерсті жоғалтты. Кейіннен, миллиардер Хоуард Старк мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін айыпталғанда, ол Картерді өз есімін ақтау үшін жасырын жұмысқа алады. Старктің бас қызметшісінің көмегімен, Картер ессіз өтірікке, өлім мен жанжалға толы саяхатқа аттанады.

 

3. Темір Адам (2008)

Тони Старк. Данышпан, миллиардер, қызқұмар, филантроп. Аңызға айналған инвентор әрі қару–жарақ мердігері – Хоуард Старктің ұлы. Тони Старк Ирақтық подполковник Джеймс Родосқа қаруын таныстыруға барғанда, ол жаудың территориясына өтіп кетеді. Жау дереу Старк мінген Хаммерге оқ жаудырады. Ол аман қалады – әрең оянғанда көкірегі бытыраға толы, ал жүрегі мәшіне аккумуляторына қосылған болады. Аман қалу үшін ол батареяны кішірейту жолын іздейді. Ізденіс барысында ол батареяның тағы бір нәрсені қамтамасыздайтынын байқайды. Осылайша, Темір Адам туылады. Ол примитивті құрылғы қолданып, Ирақтағы үңгірден қашып шығады. Үйіне оралған соң, ол Темір Адам костюмін одан әрі жетілдіру жұмыстарын бастайды. Алайда Старк Индастриздің басшылығына тағайындалған адамның Тонидің технологиясына қатысты өзінің жоспарлары болады.

 

4. Ғажайып Халк (2008)*

Гаммалық бомба жарылғаннан кейінгі жайт. «Ғажайып Халк» – эмоциялық стресс кезінде алып жасыл монстрға айналатын өзінің бірегей жағдайына ем іздеп жүрген Доктор Брюс Бэннер туралы баяндалатын оқиға. Әскерилерден қашып жүргенде, Бэннер емін табуға аз қалады. Бірақ жаңа құбыжық – Жиіркеніш – пайда болғанда, бәрі зая болады.

*Бұл фильмді көру міндетті емес, өйткені ондағы Халкты басқа актёр сомдаған. Сондықтан режиссёрлер бұл фильді МКӘ-нің бөлімі ретінде қарастырмайды

 

5. Темір Адам 2 (2010)

Екі өмірі бар екендігімен жұртқа танылған сауытты суперқаһарман Темір Адам немесе миллиардер Тони Старк өз технологиясын әсерилермен бөлісу үшін үкімет, баспасөз және қоғам тарапынан қысымға түседі. Өзінің өнертабысынан айырылғысы келмеген Старк, Пеппер Поттс және Джеймс «Роди» Родспен бірге жаңа одақ құрып, күшті жауларға қарсы тұруы керек.

 

6. Тор (2011)

Жауынгер Торды әкесі Один Асгард патшалығынан шеттетіп, менменшілдігі үшін оны Жерге адамдармен өмір сүру үшін жібереді. Тор Жерде ғалым Джейн Фостерге ғашық болып, көп сабақ үйренеді. Асгардтық бір жауыз Жерге қарай күңгірт күштер жібергенде, Тор өз бойындағы жаңа қабілеттерді сезіне бастайды.

 

7. Кек алушылар (2012)

Ник Фүри – Қ.А.Л.Қ.А.Н. (Қауіпсіздікпен, Ақпаратпен, Логистикамен Қамтамасыздандырушыларға Арналған Нысан) халықаралық бейбітшілікті сақтау агенттігінің директоры. Агенттік Темір Адам, Ғажайып Халк, Тор, Капитан Америка, Қыранкөз және Қара Жесір сияқтылардың басын біріктіреді. Жаһандық қауіпсіздікке Локи мен оның жасағы қауіп төндіргенде, Ник Фүри мен оның командасына барлық күштерін жауға қарсы бағыттауға тура келеді.

 

8. Темір Адам 3 (2013)

Данышпан индустрияшы Тони Старк немесе Темір Адамның жолында еш әлсіздігі жоқ жаңа жау пайда болады. Старктің дербес өмірін жаудың қолы қиратқанда, ол бар күшін жауапкерлерді іздеуге жұмсайды. Бұл саяхаттың әрбір қадамы Старктің батылдығын сынайды. Тығырыққа тірелген Старк, өз құрылғыларымен аман қалып, өнертапқыштығы мен түйсіктеріне сеніп, өзіне жақын адамдарды қорғауы қажет. Қауіп–қатермен және ішкі үрейімен күрес барысында, Старк өзіне маза бермеген сұраққа жауап табады: костюмді адам жасайды ма әлде костюм адамды жасайды ма?

 

9. Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері (2013–...) ТВ сериал, І маусым, І–VIІ эпизод

Жаңа Йорк шайқасынан соң әлем өзгерді. Әлем енді тек Кек алушыларды емес, сонымен бірге сол суперқаһармандарсыз болмайтын ғаламат шабуылдар туралы да біледі. Есесіне, Қауіпсіздікпен, Ақпаратпен, Логистикамен Қамтамасыздандырушыларға Арналған Нысанға қарасты Фил Колсон, сондай қауіптерді іздеп тауып, жою үшін элиталық құпия команда жинайды. Суперзұлымдар пайда болысымен, әлем бұрынғыдан қайда оғаш әрі қауіптірек бола түседі, ал Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері осындай жайттарға әрқашан дайын. 

 

10. Тор: Күңгірт әлем (2013)

Мыңдаған жыл бұрын, Күңгірт Еліфтер ретінде танымал жандылар нәсілі «Әтір» атауымен танымал қаруды қолданып, ғаламды түнекке жіберуге тырысады. Асгардтық жауынгерлер оларды тоқтатады, алайда олардың көшбасшысы – Малекит құтылып, басқа мүмкіндігін күтеді. Жауынгерлер Әтірді табады, бірақ ол жойылуға жатпайтындықтан, оны жасыруға тырысады. Қазіргі уақытта, Джейн Фостер Тордың қайта оралуын күтуде, алайда олар бір-бірін соңғы рет көргеннен екі жыл өтті. Сол уақытта, Тор тоғыз әлемде тыныштық орнатуға тырысып жүреді. Джейн дәл Торды Жерге әкелген кездегі сияқты ауытқушылықты табады. Ол оны зерттеуге барғанда, бір құртқуыс табады да соның ішінде жұтылып кетеді. Асгардқа оралған Тор Жерге оралуды ойлайды, бірақ оның әкесі – Один рұқсат бермейді. Тор, барлық әлемдерді көре алатын Хеймдаллдан, Джейннің жеткенін естиді. Тор Жерге дәл Джейн қайта оралғанда келеді. Алайда, полицейлер Джейнді тұтқындамақ болғанда, оларды белгісіз энергия итеріп жібереді. Тор оған не болғанын ұғыну үшін Джейнді Асгардқа әкетеді. Энергия қайта бұлқынған кезде, олар түсінеді: Джейн жітіген кезде, ол Әтірді көреді, ал ол Джейннің ішіне кіріп кетеді. Малекит, бас көтерудің сәті келгенін түсініп, Әтірді іздей бастайды. Ол Асгардқа шабуылдайды, ал Тордың шешесі Джейнді құтқарамын деп көз жұмады. Один, Малекитті келтіру үшін, Джейнді Асгардта қалдырады. Тор оның жоспарымен келіспей, өзінің жасағымен Джейнді алып кетеді. Ол інісі – Локидің көмегіне жүгінеді. Өкінішке орай, Локидің уәждері белгісіз болып қала береді.

 

11. Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері (2013–...) ТВ сериал, І маусым, VIIІ–XVI эпизод

Жаңа Йорк шайқасынан соң әлем өзгерді. Әлем енді тек Кек алушыларды емес, сонымен бірге сол суперқаһармандарсыз болмайтын ғаламат шабуылдар туралы да біледі. Есесіне, Қауіпсіздікпен, Ақпаратпен, Логистикамен Қамтамасыздандырушыларға Арналған Нысанға қарасты Фил Колсон, сондай қауіптерді іздеп тауып, жою үшін элиталық құпия команда жинайды. Суперзұлымдар пайда болысымен, әлем бұрынғыдан қайда оғаш әрі қауіптірек бола түседі, ал Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері осындай жайттарға әрқашан дайын. 

 

12. Капитан Америка: Қысқы Жауынгер (2014)

Стив Роджерс үшін онжылдықтарға созылған анабиоздан кейін ояну поп-мәдениетке ілесуді ғана емес, сонымен қатар, ескі мектептік идеалист ретінде, жаңа дүниенің аяр қауіптері және ауыр ағлақтық қиыншылықтармен жүздесуді білдіреді. Стив Роджерске Қ.А.Л.Қ.А.Н.-ды жау ішінен құртты деп ескертпестен бұрын, Ник Фүриді Қысқы Жауынгер лақапиесімді тылсым ассассин өлтіріп кетеді. Фүридің ешкімге сенбеу туралы ескертпесі бойынша жүрген Роджерс, ұйым тарапынан опасыздығы үшін айыпталады. Босқынға айналған Капитан Америка, Қара Жесір және жаңа досы – Сұңқармен бірге осы өлімді тылсымның түбіне жетуі қажет. Алайда, шайқас Бостандық Сақшысы үшін қымбат болады. Жаулар күтпеген жерлерден шығады. Ал Қысқы Жауынгер әбден таныс көрінеді.

 

13. Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері (2013–...) ТВ сериал, І маусым, XVIIXXII эпизод

Жаңа Йорк шайқасынан соң әлем өзгерді. Әлем енді тек Кек алушыларды емес, сонымен бірге сол суперқаһармандарсыз болмайтын ғаламат шабуылдар туралы да біледі. Есесіне, Қауіпсіздікпен, Ақпаратпен, Логистикамен Қамтамасыздандырушыларға Арналған Нысанға қарасты Фил Колсон, сондай қауіптерді іздеп тауып, жою үшін элиталық құпия команда жинайды. Суперзұлымдар пайда болысымен, әлем бұрынғыдан қайда оғаш әрі қауіптірек бола түседі, ал Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері осындай жайттарға әрқашан дайын. 

 

14. Галактика сақшылары (2014)

Саяхатшы Питер Куилл жұмбақ артефактіге ие болады. Бұл зат галактиканы жаулап алуды көздеген Ронан есімді зұлымға тиесілі болып шығады. Питерге бүкіл ғарыш көлемінде іздеу жарияланады. Аман қалудың жалғыз жолы - Роккет есімді жанатпен, адамға ұқсас ағаш Грутпен, аса қауіпті Гаморамен және кек жолында жүрген Дракс Қиратқышпен достасу. Енді бүкіл галактиканың тағдыра осы кейіпкерлердің қолында.

 

15. Басбұзар (2015–...) ТВ сериал, І маусым

Бала кезінде Мэтт Мёрдок жазатайым оқиғаға тап болып, химиялық заттектердің салдарынан соқырға айналады. Оның мүмкіндіктерін шектеудің орныны, ол оған әлемді бірегей және қасиетті жолмен көруге мүмкіндік беретін суперадами сезім береді. Енді ол осы қасиеттерді әділет орнату үшін қолданады, тек өзінің жеке заң фирмасында ғана емес, сонымен қатар Тозақ Асбөлмесінің көшелерінде түнгі жазалаушы, үрейсіз адам – Басбұзар ретінде де.

 

16. Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері (2013–...) ТВ сериал, ІI маусым, IXIX эпизод

Жаңа Йорк шайқасынан соң әлем өзгерді. Әлем енді тек Кек алушыларды емес, сонымен бірге сол суперқаһармандарсыз болмайтын ғаламат шабуылдар туралы да біледі. Есесіне, Қауіпсіздікпен, Ақпаратпен, Логистикамен Қамтамасыздандырушыларға Арналған Нысанға қарасты Фил Колсон, сондай қауіптерді іздеп тауып, жою үшін элиталық құпия команда жинайды. Суперзұлымдар пайда болысымен, әлем бұрынғыдан қайда оғаш әрі қауіптірек бола түседі, ал Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері осындай жайттарға әрқашан дайын.

 

17. Кек алушылар: Альтрон дәуірі (2015)

Данышпан Тони Старк әлемдік тыныштық және бейбітшілікті сақтайтын бағдарлама жасап жатқанда, үрдісте қате кетіп, бүкіл адамзатқа қауіп төнеді. Темір Адам, Тор, Капитан Америка, Қара Жесір, Қыранкөз және Ғажайып Халк жаңа жау – зұлым Альтронды және оның жантүршігерлік жоспарларын тоқтату үшін қайта күш біріктірулері керек. Күрделі одақтар және күтілмеген іс-қимылдар Кек алушыларды жаһандық шытырманға итермелейді.

 

18. Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері (2013–...) ТВ сериал, ІI маусым, XX–XXII эпизод

Жаңа Йорк шайқасынан соң әлем өзгерді. Әлем енді тек Кек алушыларды емес, сонымен бірге сол суперқаһармандарсыз болмайтын ғаламат шабуылдар туралы да біледі. Есесіне, Қауіпсіздікпен, Ақпаратпен, Логистикамен Қамтамасыздандырушыларға Арналған Нысанға қарасты Фил Колсон, сондай қауіптерді іздеп тауып, жою үшін элиталық құпия команда жинайды. Суперзұлымдар пайда болысымен, әлем бұрынғыдан қайда оғаш әрі қауіптірек бола түседі, ал Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері осындай жайттарға әрқашан дайын.

 

19. Құмырсқа-адам (2015)

Кішірею мүмкіндігін алған экс-түремшік Скотт Лэнг, енді қаһарман болып, тәлімгері доктор Хэнк Пимге Құмырсқа–адамның костюмін жаңа ұрпақтың қаупінен құпияда сақтауға көмектесуі қажет.

 

20. Капитан Америка: Азаматтық соғыс (2016)

Бір қайғылы оқиғадан кейін үкімет суперқаһармандардың есебін жүргізіп, олардың шын есімдерін жария ету туралы заң қабылдайды. Бұған Капитан Америка бастаған бірқатар қаһармандар қарсы болады, ал Темір Адам заңды қолдайды. Сөйтіп Кек алушылар екіге бөлініп, өзара шайқасқа түседі.

 

Міне, Марвел фильмдерін осындай реттілікпен көру әлдеқайда түсініктірек болады. Бұлардан бөлек бұл тізімге енбеген бірнеше қысқаметражды фильмдер де бар.

Осы фильмдердің екеуі – Галактика сақшылары және Кек алушылар: Альтрон дәуірі – қазақ тіліне дубляждалған.

 

© Нұрдәулет Затилла

2015/XII/19

 

Дереккөздер:

www.imdb.com

www.kinostan.kz

www.kinopoisk.ru

Пікірлер