• Біздің парақшалар:

Рокки Бальбоа мұрасы

Жас боксшының өмірін баяндайтын «Крид» көркем фильмі әлем прокатына жол тартты. Бұл 40 жылдық тарихы бар Рокки Бальбоаның хикаясын әрі өрбітеді. Иә, картинада басты кейіпкер Рокки емес. Бірақ «Крид» те «Рокки» киноәлемінің мұрасы, мүмкін тіпті ізбасары.

Өмірде бар/болған нақты бір адамның шын оқиғасын баяндамаса да, Рокки есімді кейіпкер қалың көрермен үшін замандас болып кетті. Оның ең алғашқы маңызды жекпе-жегінен бастап карьерасымен қош айтысқан кезге дейінгі ғұмырына куә болдық, сонымен бірге қайғырып, жеңістеріне сонымен бірге қуандық.

«Рокки» киносериалының алғашқы фильмі 1976 жылы жарық көрді. Сталлонеге кең танымалдылық алып келген де осы рөлі дейді. Фильм өте сәтті шықты: «Оскардың» үш мүсінін алды (Үздік фильм, Үздік режиссер, Үздік монтаж), үздік фильм ретінде «Алтын глобусқа» ие болды. 1 миллион долларға түсірілген драма прокаттан 225 млн жинап, 1976 жылдың ең кассалы фильмі атанды. Әрине бұндай жетістіктен кейін жалғасын түсірмеу мүмкін емес.

Фильмнің идеясы Сильвестр Сталлоненің өзіне тиесілі. Сценарийді де өзі жазып шықты (одан кейінгі бөлімдердің де). Актерге сценарий жазуға шабыт берген қаһарлы Мұхаммед Әли мен ешкімге белгісіз Чак Уэпнер арасындағы төбелес екен. Осыны көргеннен кейін Сталлоне 3 күн ішінде сценарий жазып, продюсерлерге ұсынған. Рокки Бальбоаға прототип ретінде Рокки Марчиано, Чак Уэпнер и Джо Фрейзер есімді боксшылар алынған.

Бір қызығы, продюсерлер Сильвестр Сталлоне боксшы рөлін алып шығатынына аса сенбеген. Сол себепті де шығар, оған сценарий үшін $150 000 төлеп, рөлден бас тарту ұсынылады. Бірақ Слай оған келіспей, ақырын өзін таңдауға көндіреді. Басты рөлді сомдауы мүмкін үміткерлердің қатарында Райан О`Нил, Перри Кинг, Джеймс Каан секілді актерлер болды.

Кейін шыққан екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөлімдерге Сталлоненің өзі режиссер болды. Прокаттық тұрғыдан аталған фильмдер жаман болған жоқ: «Рокки 2» 7 миллиондық бюджетпен 200 миллион, «Рокки 3» 17 миллиондық бюджетпен 270 миллион, «Рокки 4» 31 миллионмен 300 миллион доллар табыс тапты. Алайда, төртінші фильм «Екінші пландағы нашар әйел рөлі», «Нашар режиссер», «Нашар саундтрек» номинациялары бойынша «Алтын таңқурай» антисыйлықтарына ие болды.

Одан кейін шыққан бесінші және алтыншы бөлімдер алдыңғылардай керемет табысты бола қойған жоқ, бірақ сәтсіз жобалар деп атауға да болмайды: «Рокки 5» 42 миллионға түсіріліп, 200 миллион шамасында, «Рокки Бальбоа» (Рокки 6) 24 миллиондық бюджетпен 155 миллион пайда әкелді.

Роккидың оқиғалары спортшыларға ғана емес, қарапайым адамдарға да мотивация беретін, жігерлендіретін көркем туындылардың бірі болып әлі де қала бермек. 

Пікірлер

  • Есть и другие недостатки

    ---

    читать порно расказы как папа с дядем изнасиловали меня и <a href=http://porno-incest.ru/incest/4633-kak-ya-trakhnul-svoyu-babushku.html>порно розказы бабушек</a>