• Біздің парақшалар:

2016 жылғы көктемнің жаңа сериалдары (ІІ бөлім)

2016 жылдың көктемінде жарық көретін шетелдік жаңа сериалдарға шолуымызды жалғастырамыз. Тағы ескерте кетейік, материалға кезекті маусымын шығарып жатқан сериалдар кірген жоқ.

Жер асты (Underground)

Америка тарихындағы күрделі кезеңдердің бірін суреттейтін драма. Оқиға ХІХ ғасырда өрбиді. Джорджия плантациясында жұмыс істейтін қара нәсілді құлдар қожайыннан қашуға бел байлайды. Олар 600 миль қашықтықты басып өтіп, ниеттес достар табулары керек. Қашқындарды үлкен қиындықтар күтіп тұр, олардың соңына қожайынның баскесерлері де түседі.

Тарихи сериалдың премьерасы WGN арнасында 9 наурызға белгіленген.

Трейлер:

Нағыз О'Нилдер (The Real O'Neals)

Күрделі өзгерістер күтіп тұрған ирланд отбасы туралы ситком. Айрандай ұйып отырған үлгілі жанұяның кенжесі өзін геймін деп жария еткеннен кейін тас-талқаны шығады.

Комедия сериал 2 наурыздан бастап ABC арнасында көрсетілуде.

Ролик:

Сыры кетсе де... (Flaked)

Netflix видеосервисінің комедия сериалы. Басты кейіпкер өзін адамдардың мәселелерін шешіп берумен айланысатын керемет іске ретінде көрсетіп жүреді. Шындығында аңқауларды пайдаланып оңай ақша тауып жүр. Бірде досының қызына ғашық болып қалады. Осыдан бастап өмірінің астаң-кестеңі шығады.

Видеосервистің жазылушылары бұл сериалды 11 наурыздан бастап көре алады.

Трейлер:

Жеңіл жүрісті қыз (The Girlfriend Experience)

Стивен Содербергтің 2009 жылғы аттас фильміне негізделген сериал. Фильмде басты рөлді порноактриса Саша Грэй сомдаған болса, теленұсқасында Элвис Престлидің немересі - Райли Кио сомдайды.

Заңгерлік факультеттің студенті Кристин эскорт қызметтер әлеміне қызығушылықпен келген еді. Бірақ осындай қосалқы өмірі бар адамдардың басына түсетін қиындықтарға жас қыз дайын болмай шығады.

Сериал Starz арнасынан 10 сәуірден бастап көрсетіледі.

Трейлер:

Соңы.

Материалымызды жазуға okino.ua сайтындағы мақала арқау болды

Пікірлер

• wh0cd444597 advair disk metformin generic for cymbalta metformin tadacip 20 mg advair inhaler