• Біздің парақшалар:

Жыл қорытындысы-2012. ІІ эпизод: Қазақстан

2012 жылғы Қазақстан премьералары

2012 жылы отандық кинематографтар ұсынған өнімдер де аз болған жоқ. Әрине салыстырмалы түрде. Біз ешбірін алаламай, әрқайсысын атап өтуге тырысамыз.

e1195b23d6305dddca4dcd0ed73ec301

Жылдың басында Денис Куклин мен Лев Мариупольский есімді режиссерлердің қолынан шыққан«Олимпиада грабителей» қылмыстық комедиясы Қазақстан фильмдерінің легін прокатқа бастап шықты. Аталған режиссерлер бұл фильмді дилогияның екінші бөлімі деп атады. Бірінші бөлімі («Два пистолета: Неуловимый бриллиант») 2011 жылы көктемде жарық көрген еді.

20c936c0d3ec2a6f75aa2b784ea1b6b7

Қаңтар айының соңында тағы бір коммерциялық кино шықты. Бұл жолы премьераның иісі Шымкенттен келді. «25 теңге» атты екі бөлімнен тұратын комедия түсірген қазақ КВН-шілері тағы бір жобаларын көрерменге тарту етіпті. Режиссері де көпшілікке таныс – Шапағат Орынбаев.«Свои» деп аталған фильмге қылмыстық жанрда деген сипаттама берілді.

8940ae5d3c06e21ff1ea947c8dad8e34

Қазақстандағы тәуелсіз киностудиялар үшін ең өтімді «тауар» - боевик жанрындағы фильм екені талай дәлелденіп келген. «Факультет нужных вещей» жобасы да осы сөзімізді тағы бір рет растай түскендей. Ақпан айының басында шыққан фильм прокатқа қалай тыныш келсе, дәл солай үнсіз жоғалып тынды.

b62e153fc382b18fc108d325d1bf5396

Өмірлік проблемаларын браконьерлік жолмен шешкен қылмыскен аңшылар туралы «Одно звено» драмасы наурыз айының басында шықты. Азиз Бейшеналиев, Андрей Панин секілді Ресейдің танымал актерлері қатыстырылғаны не керек, фильм аса бір танымалдылыққа жете алмады.

217a4ceb326368e873d438f29563eda4

Жоғарыда аталған біркелкі киножобаладан бір серпіліс болуы керек еді. Халық та ерекше бір нәрсені күткені рас. Осыған орай 8 наурызда, мейрам күні «Жан жүрегім – Астана»киноальманахының премьерасы болды. Қазақстанның ең танымал актерлерін жинаған жоба бір тақырып аясында 6 новелладан тұрады. Осыған дейін Нью-Йорк, Париж, Мәскеу сияқты шаһарларға арналған танымал киноальманахтарға өзімізше берген жауабымыз болды.

3c150a145dc0daef2fe60955531d5296

Наурыз киноновеллалар жиынтығымен ғана шектеліп қойған жоқ. Бұған дейін «Анаша» деген псевдо-деректі картинасымен белгілі Ермек Шахметтің «Кредитомания» қылмыстық драмасы және «Қазақфильмнің» өндірісінен шыққан, «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы білім алып, елге қызмет еткен жастардың өмірін баяндайтын «Армандастар» мелодрамасы қатарласа прокатқа шықты.

e906371fd3158f1660d7570142e8c1b2

Көктемгі «қозу» тақырыбын Жанна Исабаеваның «Теряя невинность в Алма-Ате» үстемелей түсті. Ұлтжанды-патриоттар тарапынан үлкен наразылық тудырған фильм түрлі адамдардың алғашқы жыныстық тәжірибесі туралы баяндайдын. Киноальманах болып шыққан кинотуынды 13 новелладан тұрады.

633c915117d8b11ce3441d6447ebcf67

Қазақ киносындағы көрнекті тұлғалардың бірі Абдулла Қарсақбаевтың ұлы - Тоқтар өзінің жұмысын сәуірдің орта шенінде көрермендерге ұсынды. «Махаббат бесігі» деп аталған мелодрамада отандық жас актерлермен қатар, Америка актері Лэйн Дэвис те ойнады.

35c4aee5b684328d5ccc3426d0ac48a7

Қазақ көрермендері арасындағы жандану «Жаужүрек мың баланың» келуімен басталды. Прокаттағы алғашқы күндерінде 1 миллион долларға жуық табыс тапқан тарихи драма жылдың басты фильмі деген де биресми атаққа ие болды. Ақан Сатаевтың картинасы бірқатар халықаралық кинофестивальдарға қатысып, халықаралық прокатқа жолдама алды.

Балаларға арналған фильмдер көшін тамызда «Аңшы бала» бастады. Экшн деп жарияланған картина, аталған жанр деңгейіне жете алмаса да қызық оқиғалы хикая тұрғысынан өз мақсатына жете алды деген үміттеміз. Әйтеуір осыған дейін басылым беттерінде көтеріліп келген «балалар фильмінің аз болуына» қатысты мәселені шешу жолында қозғалыс басталды.

Ермек Тұрсыновтың қазан айында жарық көрген «Шал» фильмін киноның нағыз фанаттары асыға күткен еді. Канн, Венеция фестивальдарына қатысады деп күтілген, бірақ биыл ешбір кинофорумға қатыспастан отандық прокатқа шығып кеткен драманың берері шынымен көп болып шықты. Оған біздің сайтта жарияланған рецензиялар дәлел. "Жыл адамы – Жыл таңдауы"фестивалінде "Шал" кинокартинасы "Жыл фильмі" атағын жеңіп алып, онда басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов "Жыл киноактері" атанды. Бұл аз десеңіз, «Құлагер-2012» киножүлдесінде аталған фильм «Ең үздік көркем фильм» номинациясында жеңіске жетті. «Ең үздік еркек рөлі» де Ерболат Тоғызақовқа табысталды. Кинотеатрлардағы көрсетілімнен «Шал» 55 миллион теңгеге жуық табыс тапты.

Жастардың виртуал махаббатын баяндайтын романтикалық комедия прокатқа шықпай тұрып көп уақыт бұрын көпшілікке белгілі болған еді. Премьерасы бірнеше рет кейінге шегерілген«Ғаламтордағы махаббат» та күзде ақыры экранға шықты. Аталған картина биылғы VIII «Евразия» кинофестивалін ашып берген еді.

Балаларға бағытталған тақырыптық кинолар көшін «Книга Легенд. Таинственный Лес»жалғастырды. Қазақстандағы тұңғыш фэнтези деп аталған туынды, сондай-ақ Motion capture технологиясымен түсірілген алғаш отандық картина. Десек те, бірінші фэнтези деу аздап артықтау сияқты. Кеңес заманында елімізде талай ертегі фильмдер түсірілген. Бір ерекшелігі – ол кезде фэнтези деген жанр бөлек аталмайтын. Сондықтан, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғаш фэнтези деген «ұранға» келісуге болады.

Сонымен Қазақстан кинематографиясы 2012 жылы осындай жаңалықтарымен ерекшеленді. Қарап отырсақ, ерекше бағаланғаны санаулы ғана. Десек те, сан да қазір біздің кино үшін маңызды. Болашақта сандар сапаға айналсын деп тілейік. Прокатқа шықпай қалған «фестивальдік» фильмдер де жетерлік. Келер жылы оларды ел экрандарынан көреміз деген үміттеміз.

Осыған дейін:

Бірінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Қыс

Екінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Көктем

Үшінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Жаз

Төртінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Күз

Бесінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Қыс (жыл аяғы)

Пікірлер

• wh0cd892197 acyclovir buy strattera BUY TADALAFIL buy viagra soft metformin online