• Біздің парақшалар:

Зак Снайдер мен Джей Джей Абрамстың шайқасы

Бәрі 2014 жылдың жазында басталған еді. Джей Джей Абрамстың жетінші "Жұлдызды соғыстарды" түсіретіні белгілі болды, ал Зак Снайдер "Бэтмен Суперменге қарсы" жобасын қолға алған кез.

Бірде Зак Снайдер Супермен/Генри Кавиллді Джедай образында бейнелеген туит жариялады.

Байқасаңыздар, Болат адам джедай шапанын жамылып, қолына жарық қылыш ұстағанымен, өзінің костюмін шешпегені байқалады. Туиттің не мақсатты көздегені белгісіз, бірақ бұған Джей Джей Абрамс үнсіз қарап жатпады.

Джей Джей Абрамстың "Bad Robot" студиясының Туиттердегі ресми аккаунты #BOYEGAMAN деген хэштегпен сурет шығарады. Суретте жетінші эпизодтың басты актерлерінің бірі Джон Бойега Бэтмен образында бейнеленген:

Осыдан бастап екі режиссер арасындағы осындай достық әзіл сериялы жауаптарға ұласты. Енді келесі кезек Закта еді:

Суретте DC әлемінің қаһарманы Бэтмен мен "Жұлдызды соғыстар" әлемінің кейіпкері R2-D2 роботы тау арасында келе жатыр. 

Джей Джей Абрамс бұған реакция ретінде өзінің жобасындағы тағы бір кейіпкерді Бэтменге айналдырып жіберді. Бұл жолы С3РО роботы Готэм сақшысы образында бейнеленген:

THE C3PED CRUSADER @ZackSnyder pic.twitter.com/wh0m6GF15p

Зак Снайдер де жауапты ұзақ күттіріп қойған жоқ. Ол жай ғана кезекті әзіл-туитпен жауап беру дағдысынан сәл ауытқып, ахуалды сәл күрделендірмек болған секілді. Алдымен болашақ картинада қолданылатын жаңа Бэтмобилдің суретін жария етті:

Осыдан кейін кейбір басылымдар түсірілімге арналған Бэтмобилдердің бірі қолды болғаны туралы жазды. Көліктің ұрланғаны туралы ақпаратты растайтын дереккөздер жоқ, сол себепті бұл Снайдердің кезекті айласы болуы мүмкін. Өйткені осы қауесеттен кейін келесі туит жарқ етті:

Яғни, Бэтмобилдің ұрлығын ЖС шабуылшыларының бірінің "мойнына іліп" жібереді. Суретке былай түсініктеме беріпті: "Іс жабылды".

Ендігі кезек "Жұлдызды соғыстарда". Джей Джей Абрамс туитке туит жазып жатпай-ақ, видеожауапқа көшті:

Роликтен байқаған шығарсыздар, Хан Солоның "Мыңжылдық қыран" ғарыш кемесінің әр деталдары нақтылап көрсетілген. Сөйтсек, әлгі Бэтмобиль кеменің бір бөлшегі ғана екен :)

Екі режиссердің "желідегі шайқасын" бақылап отырған көрермендер мен журналистер тағы да жауап әзілдер күткені рас. Бірақ Зак Снайдерден жауап болмады. Әр нәрсенің өз шегі болады ғой. Оның үстіне екі режиссер де аталған фильмдерінің өндірісіне кірісіп те кеткен еді, сол себепті уақыттары да тапшы болған шығар.

Қалай десек те, екі әріптестің бір-бірінің жобаларын зілсіз мазақтаулары екі жаққа да пайда әкелмесе, зиянын тигізбегені анық. 

Пікірлер