• Біздің парақшалар:

#Киноқазан: "Матрицада" Пифия дайындаған печеньелер

Кезінде ағайынды болған Вачовскилердің «Матрица» фильмі естеріңізде шығар? Таңдаулы атанған Нео, виртуал әлем мен матрица әлемі. Таңғажайып атмосферасымен, астарлы мәнімен, ерекше кейіпкерлерімен, тартымды сюжетімен көрерменін баурап алатын, қайталап көре беретін дүниелердің бірі ғой, шіркін. Естеріңізде болса, Нео өзінің өмірлік мән-мақсатын білу үшін Пифия есімді көріпкел-программаға келеді. Екеуі әңгімелесіп жатқанда, Пифия құр отырмай, печенье пісіріп жатады.

Әрине, бұның бәрі виртуал әлемде болып жатты, болып жатқан нәрсенің бәрі де біз түсінбейтін кодтар деңгейіндегі іс-әрекеттер еді. Бірақ печеньенің жасалу әдісі шын өмірдегідей екенін жоққа шығара алмаймыз ғой. Тіпті Пифия дайындаған тәттіден Нео да ауыз тиді.

Сөйтсек, бұл печеньені бізге де жасап көруге болады екен.

Қажетті азық-түлік:

Геркулес сұлы қауызы – 140 г

Кокос жаңқасы – 20 г

Құмшекер – 45 г

Бүтін дәнді ұн – 115 г

Табиғи бал – 5 г

Алма пюресі – 160 г

Барлығы – 485 г (6 порция)

Ингридиенттердің барлығын жақсылап араластырып аламыз. Пифияның кинодағы кеңесі бойынша қолмен де араластыруға болады. Әзірленген қамырдан печенье домалатып, оларды күюге қарсы төсемі бар табаға орналастырамыз. Духовканы 180-200 градусқа дейін қыздырып, печеньелерді соның ішінде 20 минуттай ұстаймыз.

Печенье дайын.

Пікірлер

  • Stacy ParkerFebruary 16th 2012 - 8:26pmI LOVE Creating with Resin! I have made charm bracelets with bottle caps, bottle cap pins with my ch;edrln&#8217is photos. I have also used blank bezels and have made myself a Bon Jovi charm bracelet. I would have so much fun with this!! Thank you for the chance to win.