• Біздің парақшалар:

Кинопремьераларға шолу: ақпан

Құрметті оқырмандар, Киностан осы аптадан бастап жаңа айдар жүргізуді ниет етіп отыр. Енді әр айдың басында отыз күн ішінде прокатқа шығатын жаңа туындыларға шолу жасап, жариялап отыратын боламыз.

Алда келе жатқан ақпан айын кино тұрғысынан "триллерлер мен экшндер маусымы" деп атаса да болады. Оған өздеріңіз де осы мақаланы оқып көз жеткізе аласыздар.

Бірінші кезекте, жер-жердегі мәртебелі байқау атаулыны сыпырып-сиырып келе жатқан "Аластатылғандарды" ("Отверженные") атау керек шығар. 

7e77aedd22a4664661f83c2988f8d4a7

Актерлік құрамына Хью Джекман, Рассел Кроу, Энн Хэтэуэй, Аманда Сайфред, Хелена Бонем Картер, Саша Барон Коэн секілді танымал актерларды жинап алған "Аластатылғандар" ақпанның басты премьерасы болмаса да, алдыңғы қатарлы туындысы атанбақ.

Сонымен қатар, 7 ақпаннан бастап Сильвестр Сталлоне түскен "Басқа атылған оқ" ("Неудержимый"), анасының көзін жоймақ болған ағалы-қарындасты екеу туралы "Киллер Джо" секілді фильмдерді көруге болады.

Бірқатар жұрт Әулие Валентин күнін тойлайтын 14 ақпанда кинотеатр экрандарына "360" ("Калейдоскоп любви") және "Көркем жаратылғандар" ("Прекрасные создания") атты екі драма жарық көреді. Бірақ, бұл аптаның басты жаңалығы бұлар емес, Брюс Уиллистің "Тірі қалудың сәтті күні" экшны ("Крепкий орешек: Хороший день, чтобы умереть"), Хоакин Феникстың "Шебер" ("Мастер") драмасы, Юэн МакГрегор мен Наоми Уоттс түскен "Мүмкін емес" ("Невозможное") триллері болмақ.

6ab9481d4b8e98efdfba14957f6381f3

Ұшақтар мен ғимараттарды қорғаушы МакКлейн қайта оралды. Ұлын түрмеден алып шығу үшін Мәскеуге аттанған Уиллистің кейіпкері қылмыстық топтардың ордасына қалай түскенін байқамай қалады.

Баскесерлерге қарсы күресте әкелі-балалы екеу алауыздықтарын жинап қойып, қолдарына мылтық алып, жеңіс жолына бірге шығады.

Талантты актер Хоакин Феникс басты рөлде ойнаған "Шебер" фильмі де киномандардың көңілінен шығуы тиіс.

2169b15efce344446b7622f5e7873c67

Әскерден қайтқан теңізшінің соғыстан кейінгі өмірі, ауыр тағдыры туралы туынды діни культ, пәлсапа тақырыптарын қозғайды. 

2004 болған цунами кезінде апат жағдайында қалған отбасының басынан кешкен оқиғалары баяндалатын "Мүмкін емес" табиғат апаттары туралы сериядан. 

7dd81b64d09d2a1e16f195b1ebfedd99

Алапат апатта бір-бірінен көз жазып қалған отбасы мүшелері қайта табысу үшін бар күш-жігерлерін жұмсайды. 

21 ақпан күні прокатқа шығатын туындылар арасында ресейлік "Метро" триллері мен "Түнеріңкі аспан" ("Мрачные небеса") хоррорын ерекшелеуге болады. 

Әрине, бұл күннің басты жаңалығы атақты Арнольд Шварценеггердің үлкен экранға толықмәнді түрде қайта оралуы болмақ.

0d3fa30a1d2e8bfa9ca8e9e2d4c4a508

"Соңғы шайқас" ("Возвращение героя") ФТБ-ның қол астынан кепілге адам алып қашып кеткен есірткі бандасы мен шағын қалашықта шериф болып қызмет етіп жатқан Оуенс атты полиция қызметкерінің арасындағы шайқасты баяндайды. Мексикаға өтпек болған қылмыскерлер шекарада егде тартқан шерифтың күтпеген қарсылыған ұшырайды. 

Кезінде әлемдегі нөмірі бірінші лаңкес атанған Осама Бен Ладенді ұстауға арналған АҚШ-тың арнайы қызметінің операциясы туралы "Түнгі қараңғылық" ("Цель номер один") та көрермендер сұранысына ие болуы мүмкін. 

48e661256acf6fd707e2fb6266bafc99

Хоррорлар мен триллердің атасы деп аталынып жүрген Хичкоктың есімі елге таныс. Танымал тұлғаның фанаттарына жақсы жаңалығымыз бар. 

8fd1f78731f9b2edcb45cf65ae96867f

Энтони Хопкинс, Хелен Миррен, Скарлетт Йоханссон, Джессика Билл секілді танымал һәм талантты мамандар түскен "Хичкок" биографиялық жанрдағы фильмдерді сүйіп көретіндер үшін нағыз сый болмақ.  

28 ақпан күні прокатқа шығатын туындылар хоррор-триллер стилімен ерекшеленбек. Ченниг Татум, Руни Мара, Джуд Лоу, Кэтрин Зета-Джонс қатысқан "Жағымсыз әсер" ("Побочные эффекты"), сонау 1959 жылы орын алған, Дятлов бастаған кеңес шаңғышыларының басынан өткен құпия жағдайды зерттеуге шыққан американдық студенттер туралы "Ренни Харлиннің атаусыз жобасы" ("Тайна перевала Дятлова"), Нелл есімді қыздың бойын жаулап жын мен оған қарсы күресті суреттейтін "Дүлей күшті қудалау: Екінші бөлім" ("Последнее изгнание дьявола: Второе пришествие") фильмдері ақпанның соңғы аптасында қан қыздыру үшін киноға баратын жандарға лайық премьералар болады.

Құрметті көрермендер, сіздерге жаңа премьералар туралы өз ой-пікірлеріңізді біздің сайттағы фильмнің жеке бетінде қалдыруды ұсынамыз. 

Кинопремьералар түрлі себептерге байланысты жарияланған уақытында прокатқа шықпауы мүмкін. 

Киностан сіздерге тек жақсы фильмдер көруді тілейді. 

Пікірлер