• Біздің парақшалар:

2016 жылғы жаздың жаңа сериалдары

2016 жылдың жазында жарық көретін жаңа сериалдардың кейбіріне тоқталамыз.

Уағызшы (Preacher)

Бұл жоба жаздың ең басты сериалы деп аталып үлгерді. Сериал 1995 жылдан бастап 5 жыл бойына шыққан Vertigo басылымының аттас комиксына негізделген. Телехикаяға Эван Голдберг пен Сет Роген жетекшілік етеді. Басты рөлде - Доминик Купер.

Сюжетте Джесси Кастер есімді кейіпкердің бойына Генезис деп аталатын құдырет дариды. Бұл періште мен шайтанның қосындысы еді. Генезис – Құдаймен теңесе алатын жаһандағы жалғыз құдырет иесі. Басты кейіпкер Құдайдың адамдардан теріс айналып кеткенін біледі де, Жаратушыны дұрыс жолға салу үшін оны іздеуге шығады.

Сериал 22 мамырдан бастап AMC арнасында көрсетіліп жатыр.

Трейлер:

 

Аластатылған (Outcast)

Роберт Киркманның («Тірі өліктер») аттас комиксының экранизациясы. Сюжетте үнемі қалыптан тыс құбылысты бастан өткізе беретін жігіт туралы баяндалады. Ол Андерсон есімді шіркеу қызметшісімен бірігіп, өмірін өзгертуге әсер етудің амалдарын іздейді. Сериалдың премьерасы тәуелсіз киноға арналған SXSW фестивалінде өтті, сол жерде жобаны екінші маусымға ұзарту туралы мәлімдеме жасалды.

Жобада басты рөлді Патрик Фьюджит сомдайды. Сериал 3 маусымнан бастап Cinemax, Fox телевизиялық желілері арқылы көрсетілуде.

Трейлер:


Гастролшілер (Roadies)

Кэмерон Кроу жетекшілік еткен музыкалық драма. Шоу бір рок-ұжымның гастрольдік туры кезінде техникалық қолдаумен қамтамасыз етуші мамандар командасы туралы баяндайды.

Жобаға Джей Джей АбрамсБрайан Берк продюсер болған. Басты рөлдерде Люк Уилсон, Карла ГуджиноИмоджен ПутсРейф СполлКиша Касл-Хьюз, т.б. актерлер ойнайды.

Премьерасы Showtime арнасынан 26 маусымнан бастап.

Тизер трейлер:

 

Жаздағы өлім (Dead of Summer)

1980 жылдардың стилінде түсірілген ретро-хоррор болуы тиіс. Оқиға «Стиллуотер» деген жазғы лагерде болады. Жасөспірімдер сабақтан босап, лагерге демалуға жиналады. Көп кешікпей бұл көңілді демалыс орны қызыл қанға боялады.

Сериал Freeform арнасынан 28 маусымнан бастап көрсетіледі.

Промо:

 

Мектеп директорының орынбасарлары (Vice Principals)

Комиктар Дэнни МакБрайд пен Уолтон Гоггинс түскен комедия сериал. Сюжетте мектеп директорының екі орынбасары туралы баяндалады. Біреуі жаңадан келген, оқушылармен тіл табыса алады. Екіншісі – бәрі жек көретін мансапқор. Екеуі бір-бірін жек көреді, екеуі де директордың орнын көздеп жүр.

Сериалды 17 шілдеден бастап HBO арнасынан көре аламыз.

Трейлер:


 

Материалымызды жазуға okino.ua сайтындағы мақала арқау болды

Пікірлер