• Біздің парақшалар:

2016 жыл: Қазақстан киносы

2016 жылы еліміздің кинотеатрларында 26 отандық кинокартина көрсетіліпті, сегізі «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен түсірілді: «16 қыз», «Жаңғақ тал», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Төрт оқиға», «Аманат», «Қазақ елі», «Анаға апарар жол», «Үзілмеген үміт»; қалғандары жеке студиялардың өнімдері. 

Қыс (жылдың басы)

Мезет или просто жизнь 4 ақпан

72 сағатта үйлену / Жениться за 72 часа 11 ақпан 

Көктем

16 Қыз наурыз

Келинка Сабина 2 17 наурыз

Жаңғақ тал / Ореховое дерево 31 наурыз

Қыз отызға толғанда / Замуж в 30 7 сәуір

Өліктермен Selfie / Selfie с мертвецами 14 сәуір

Б.А.Я 14 сәуір

Супер Той немесе Қазақша күйеуге шығу/ Супер той или Замуж по-казахски 21 сәуір

Жұлдыздар тоғысқанда / Так сложились звезды 28 сәуір

Төрт оқиға / Раненый ангел 13 мамыр

Аманат 19 мамыр

Моя чужая 19 мамыр

Қазақ елі 19 мамыр 

Күз

04:29 22 қыркүйек

Анаға апарар жол / Дорога к матери29 қыркүйек

Үзілмеген үміт / Однажды в детском доме 6 қазан

Тағдырдың ойыны / Игра судьбы 6 қазан

Тараз 13 қазан

Районы 3 қараша 

Қыс (жылдың соңы)

Хакер 1 желтоқсан

Glamұr для дур 1 желтоқсан

Үш лимон / Три лимона - 1 желтоқсан

Тоқал желтоқсан

Келімсектер ауылда / Пришельцы в ауле - 15 желтоқсан

Қазақша бизнес / Бизнес по-казахски - 29 желтоқсан


Сайтымызда қолданушылардың ерекше назарына ілігіп, көбірек бағаланған фильмдер:

Анаға апарар жол / Дорога к матери – 8 (4)

Қыз отызға толғанда / Замуж в 30 – 8 (3)

Тараз – 7,8 (5)

Келинка Сабина 2 – 7 (5)

16 Қыз - 3 наурыз – 6,3 (6)

Glamұr для дур – 2 (2)


Жылдың ең белсенді актерлері, олар түскен кинофильмдер санымен есептелді:

Берік Айтжанов (5):

  1. 16 қыз

  2. Қыз отызға толғанда

  3. Жұлдыздар тоғысқанда

  4. Аманат

  5. Анаға апарар жол

Жандос Айбасов (3):

  1. Келинка Сабина 2

  2. Тараз

  3. Районы

Динара Бақтыбаева (3):

  1. Супер Той немесе Қазақша күйеуге шығу

  2. Жұлдыздар тоғысқанда

  3. Үш лимон

Еркебұлан Дайыров (3):

  1. Жұлдыздар тоғысқанда

  2. Тараз

  3. Анаға апарар жол

Жанель Мақажанова (3):

  1. Жұлдыздар тоғысқанда

  2. Үзілмеген үміт

  3. Тоқал

Қарлығаш Мұхамеджанова (3):

  1. Аманат

  2. Келинка Сабина 2

  3. Жұлдыздар тоғысқанда

Жұлдың ең өнімді режиссері – Ақан Сатаев, үш фильмін прокатқа шығарды:

  1. Анаға апарар жол

  2. Районы

  3. Хакер

Жылдың ең жүлделі фильмі - Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» сюрреалистік картинасы:

  • Фильмнің әлемдік премьерасы 2016 жылы 2 ақпанда Роттердам халықаралық кинофестивалінде өтті және осы жерден Азия киносын көтеру желісінің (NETPAC) сыйлығына ие болды.

  • Ағылшынның The Calvert Journal журналы "Қаратас ауылындағы оба" картинасын 2016 жылы күтілетін үздік бес фильмнің қатарына қосты.

  • ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдеріне арналған "Киношок-2016" ашық фестивалінің бас жүлдесі - "Золотоя лоза" сыйлығымен марапатталды. 

Жылдың ең бюджетті фильмдері:*  

Жұлдыздар тоғысқанда - млрд 200 млн теңге

Хакер - $2 000 000 (шамамен 660 млн)

Төрт оқиға - €1 000 000 (шамамен 340 млн теңге)

16 қыз - $400 000 (шамамен 132 млн теңге)

Тараз - $400 000 (шамамен 132 млн теңге)

*Фильмдердің түсірілу кезеңі әр түрлі, сондықтан теңге бағамының құбылып тұруына байланысты долларлық көрсеткіштер 1 долларға – 330 теңге шамасында есептелді. Бұл деректер Киностан каталогында бар ақпаратқа сүйініп алынды, сондықтан тізім Қазақстан нарығындағы кинокартиналардың шынайы сипатын көрсетпеуі мүмкін.

Қосымша:

Қазақстан нарығы үшін Голливудтың 4 фильмі және Ресейдің 1 фильмі қазақ тіліне дубляждалды:

Джунгли кітабы (Jungle Book), 

Алиса айнаның арғы бетінде (Alice Through the Looking Glass), 

Моана (Moana),

Күрескер бір: Жұлдызды соғыстар хикаясы (Rogue One: A Star Wars Story),

28 панфиловшы (28 панфиловцев).

Пікірлер