• Біздің парақшалар:

2016 жыл: Әлем кино нарығы

Киноиндустрияның әлемдік көрсеткіштерінде бірқатар өзгерістер бар. Әсіресе, сандық көрсеткіштердің былтырғымен салыстырғанда азайғаны байқалады. Мысалы, қаржылай пайданы көп тапқан үздік он фильмді алып қарайық. Былтыр бұл тізімде 5 миллиардер бар еді, биыл олар үшеу-ақ.

Ең кассалы фильмдердің үздік ондығы:

1. Капитан Америка: Азамат соғысы - 1 млрд 153 млн (1 153 304 495) доллар

2. Дориді іздеу - 1 млрд 27 млн (1 027 638 154) доллар

3. Зоотопия - 1 млрд 23 млн (1 023 784 195) доллар

4. Джунгли кітабы - 966 млн (966 550 600) доллар

5. Үй жануарларының құпия өмірі - 875 млн (875 330 302) доллар

6. Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы - 873 млн (873 260 194) доллар

7. Дэдпул - 782 млн (782 612 155) доллар

8. Өлімге бәс тіккендер жасағы - 745 млн (745 600 054) доллар

9. Фантастикалық жануарлар және оларды қайдан табамыз - 721 млн (721 605 251) доллар

10. Доктор Стрэндж - 654 млн (654 308 362) доллар

 

Десек те бюджеттің "қомпаюы" бәсеңдер емес. Өндіріс шығындарын 200 млн доллардан асырған төрт фильм бар. Былтыр ондайлар үшеу еді. Бюджет қанша жоғары болса, оны еселеп қайтару соншалықты қиын екенін естен шығармаған жөн. 

Ең қымбат, яғни бюджеті жоғары фильмдердің үздік ондығы:

1. Капитан Америка: Азамат соғысы - 250 млн (250 000 000) доллар

2. Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы - 250 млн (250 000 000) доллар

3. Дориді іздеу - 200 млн (200 000 000) доллар

4. Күрескер-бір: Жұлдызды соғыстар хикаясы - 200 млн (200 000 000) доллар

5. Стартрек: Шексіздік - 185 млн (185 000 000) доллар

6. Тарзан туралы аңыз - 180млн (180 000 000) доллар

7. Фантастикалық жануарлар және оларды қайдан табамыз - 180млн (180 000 000) доллар

8. Х-адамдар: Апокалипсис - 178 млн (178 000 000) доллар

9. Өлімге бәс тіккендер жасағы - 175 млн (175 000 000) доллар

10. Джунгли кітабы - 175 млн (175 000 000) доллар

 

Табысын еселеп қайтарған үздік фильмдердің ондығы:

                                                бюджет/табыс = неше есе табыс тапты

1. Жарық сөнгенде - $4 900 000/$148 868 835 = 30

2. Деміңді шығарма - $9 900 000/$153 211 773 = 15

3. Дэдпул - $58 000 000/$782 612 155 = 13

4. Тазарту: Сайлау жылы - $10 000 000/$118 416 945 = 12

5. Үй жануарларының құпия өмірі - $75 000 000/$875 307 107 = 12

6. Сенімен кездескенге дейін - $20 000 000/$207 945 075 = 10

7. Блэктер отбасын қарсы алыңыз (Meet the Blacks) - $900 000/$9 097 072 = 10

8. Уиджа: Зұлымдық бастауы - $9 000 000/$81 493 382 = 9

9. Зоотопия - $150 000 000/$1 365 052 443 = 9

10. Жаман аналар - $20 000 000/$179 357 297 = 9

 

Әлемдік кинонарықтың 2016 жылы тапқан жалпы пайдасы 15 млрд 650 млн (15 653 864 936) доллардан асқан. Бұл жерде де айналымдағы ақшаның азайғаны байқалады, 2015 жылы әлемдік кино нарығынан түскен пайданың көлемі 18 миллиард долларға жуық болған екен. 

Әлемдік кинонарықтағы өндіруші елдердің үлесі:

АҚШ - 70% (2 млрд 500 млн доллар)

Ұлыбритания - 5,8% (212 млн доллар)

Тайвань - 5% (182 млн доллар)

Гонконг - 5% (182 млн доллар)

Қытай - 4% (147 млн доллар)

Канада - 1,7% (63 млн доллар)

Басқа елдер - 8,1% (294 млн доллар)

Тайвань мен Гонконг секілді Қытай Халық Республикасы субъектілерінің ірі өндірушілер қатарына енуі шынымен таңғалдырады. Тіпті Қытайдың өзі де былтыр бұл тізімде жоқ еді. АҚШ-та ғана аз ғана өсім байқалады, ол нарығын былтырғы 62,2 пайыздан 70 пайызға кеңейткен. 2015 жылы үздік үштіктен көрінген Ұлыбритания, Канада секілді елдер әлемдік позициясын бірқатар әлсіреткен.

MarketWatch сайты 2016 жылды Голливуд үшін ең ауыр жыл деп атап, биыл көптеген фильмдердің табыс тұрмақ, өз шығындарын ақтай алмағандарын жазды.

 

Forbes басылымының нұсқасы бойынша, 2016 жылдың табысы жөнінен ең сәтсіз фильмдері:

1. Макс Стил, бюджет/табыс - 11 млн/4,4 млн

2. Джонстың азат штаты (Free State of Jones), бюджет/табыс - 50 млн/23 млн

3. Поп-жұлдыз: Ешқашан бөгелме, ешқашан тоқтама (Popstar: Never Stop Never Stopping), бюджет/табыс - 20 млн/9,5 млн

4. Тәкаппарлық пен жаңылыс және зомбилар, бюджет/табыс - 28 млн/16,4 млн

5. Рэтчет пен Кланк, бюджет/табыс - 20 млн/11,8 млн

6. Джонстардан қалыс қалмау, бюджет/табыс - 40 млн/27 млн

7. Виски, Танго, Фокстрот (Whiskey Tango Foxtrot), бюджет/табыс - 35 млн/24,9 млн

8. Гримсби, бюджет/табыс - 35 млн/28,7 млн

9. Сноуден, бюджет/табыс - 40 млн, 34,3 млн

10. Бүлікшілер, бюджет/табыс - 25 млн/22 млн


Дереккөз: КиноПоиск.руMarketWatchForbes

Пікірлер