• Біздің парақшалар:

"Х-адамдар" киноәлемінің хронологиясы

"Х-адамдар" киноәлемінің басты қаһармандарының бірі – Логан/Құнудың хикаясы да аяқтала келді. Осы аптада Құну туралы трилогияның ақырғы бөлімі шығады және осы үшінші фильмге арқау болған комикстардың атауы да («Қарт Логан» және «Логанның өлімі») сүйікті кейіпкерімізді соңғы рет көретінімізге ишара білдіргендей болады. «Логан» - Құну туралы трилогияның ақыры ғана емес, сонау 2000 жылы басталған бүкіл «Х-адамдар» сериясының логикалық аяқталуы секілді де көрінеді. Өйткені, Marvel мутанттары туралы алдағы жобалар телевидениеде басқа қаһармандардың қатысуымен өрбуі мүмкін, ал кинодағы жобаларға қатысты келешегі әзірге нақтыланған жоқ. Жалғасқанның өзінде ескі кейіпкерлерді тағы да қолдану күмәнділеу көрінеді. 

Осы орайда, өткен-кеткенді еске алып, шыққан кинокартиналар негізінде «Х-адамдар» сериясының тарихын бір ретке келтіру қажеттігі туындайды. Осы мақсатты ұстанып, «Х-адамдар» киноәлемінің хронологиясын жасап көрдік. 

Б.З.Д. 3 МЫҢЫНШЫ ЖЫЛ

Эн Сабах Нур/Апокалипсис өз құдыретінің көмегімен Мысыр пирамидаларын тұрғызады

 

1830 ЖЫЛ

Виктор Крид, яғни Азу тістің дүниеге келуі 

 

1832 ЖЫЛ

Джеймс Хоулет, яғни Құнудың дүниеге келуі 


 

1845 ЖЫЛ

Джеймстің ерекшелігі алғаш пайда болады. Әкесінің өлімінен кейін Виктор екеуі үйден қашып кетеді 


 

1929 ЖЫЛ

Эрик Леншерр – Магнетоның дүниеге келуі 


 

1932 ЖЫЛ 

Чарльз Ксавьер/Профессор Икстің дүниеге келуі 


 

1934 ЖЫЛ

Рейвен Даркхолм/Мистиктің дүниеге келуі 


 

1940 ЖЫЛ

Әскери ғалым Уильям Страйкердің дүниеге келуі. Ол кейін «Х қару» бағдарламасын басқарады. 

 

1944 ЖЫЛ

  • Чарльз Ксавьер мен Рейвен Даркхолмның алғаш кездесуі
  • Магнетоның алғаш рет қабілеті пайда болады

 

1945 ЖЫЛ

Джеймс Хоулет Нагасакиде Яшиданы құтқарады. Кейін ол қартайған шағында Логанның регенерациялық қасиетіне ие болуды көздейді. Осы мақсатпен Күміс Самурай деген робот құрастырады


 

1955 ЖЫЛ

Алқызыл Мыстан мен Сынаптың (Ванда мен Пьетро Максимоффтар) дүниеге келуі (алайда бұл кейіпкерлер "Кек алушылар" сериясында көрініс тапты) 


 

1959 ЖЫЛ

Уильям Страйкер мутанттармен жұмыс істей бастайды 


 

1962 ЖЫЛ

Х-адамдар: Бірінші санат” фильміндегі оқиғалар:

Профессор Ксавье мен Магнитоның тарихы. Фильмде Ксавьенің мутанттар мектебін қалай ашқаны, екі достың арасында қандай оқиға болғаны, екеуінің неліктен бір-біріне жау болғаны баяндалады

 

1963 ЖЫЛ

Түнгі жыланның және Уильям Страйкердің ұлы - Джейсон Страйкердің дүниеге келуі


 

1968 ЖЫЛ

Штормның, Циклоптың және Джин Грейдің дүниеге келуі 


 

1983 ЖЫЛ

Х-адамдар: Апокалипсис” фильміндегі оқиғалар: Осы бір күрделі кезеңде Икс адамдар ең қауіпті жауына жолығады. Ол - Апокалипсис деген ежелгі мутант. Оның ойынша, Жер бетінде тек ең күштілерге ғана орын бар. Сол себепті Апокалипсис адамдарға да, мутанттарға да бірдей үлкен қатер төндіреді


 

1986 ЖЫЛ

Петр Распутин - Колосстың дүниеге келуі 


 

1988 ЖЫЛ

Роугтың, Айсменнің және Пироның дүниеге келуі 


 

1990 ЖЫЛ

Китти Прайдтың дүниеге келуі 


 

1996 ЖЫЛ

Уоррен Уортингтон III, яғни Архангелдің мутациясы біліне бастайды

 

2005 ЖЫЛ

Х-адамдар” және “Х-адамдар 2” фильмдеріндегі оқиғалар: 

Профессор Чарльз Ксавьердің басшылығымен дарынды балалар өздерінің ерекше қабілеттерін бақылауда ұстай алады. Бірақ мутанттардың барлығы профессордың көзқарасын ұстанбайды. Магнето деген мутант әлемдік билікті өз қолына алғысы келеді

Мутанттар қоғамға қарсы күресін жалғастырады. Кенеттен оларға жасалған жойқын шабуыл саяси және қоғамдық ахуалды ушықтырып жібереді. Соның салдарынан барлық мутанттарды тіркеуден өткізу туралы сөз қозғалады

Мутанттарға түрлі сынақтар жүргізетін Страйкер есімді адам Логанның өткен өмірімен байланысты болып шығады

 

2006 ЖЫЛ

Х-адамдар: Соңғы шайқас” фильміндегі оқиғалар: Профессор Чарльз Ксавьердің басшылығымен Икс адамдар, тіріліп келіп жойқын күшке ие болған Қара Феникске қарсы тұрады 

 

2013 ЖЫЛ

Құну” фильміндегі оқиғалар: Логан Жапонияға сапар шегеді. Ол Якудза қауымының басшысының қызына ғашық болып қалады. Махаббат үшін Логан қыздың әкесі Сингенге, ағасы Самурайға, басқа да қауіпті жауларына қарсы күреседі


 

2015 ЖЫЛ

Ксавьер мен Магнето Логанды әуежайдан кездестіреді. Олар Құнуға жаңа қауіп туралы айтып, жаңа жауға қарсы күресу үшін оларға қосылуға көндіреді 

 

2016 ЖЫЛ

Дэдпул” фильміндегі оқиғалар: Уэйд Уилсон - бұрынғы арнайы жасақ сарбазы, қазір жалданған жендет. Оған жасалған ерекше эксперименттен кейін, оның физикалық қабілеті күшейе түседі. Дэдпул деген жаңа атқа ие болғаннан кейін өзінің өмірін қиратқан адамның соңына түседі 


 

2023 ЖЫЛ

Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері” фильмінің оқиғалары: Мутанттанды қасіретті болашақ күтіп тұр. Олар еркіндіктен айырылып, қамауда болмақ. Ал қазіргі кезде Магнето бастаған зұлым мутанттар мен бейбіт өмірді таңдаған мутанттар арасында текетірес жүріп жатыр. Өткен шақты ерекше қабілетке ие дарындыларды бақылауда ұстағысы келген Сақшылардың әрекетіне тойтарыс беруге мүмкіндік болған еді. Болашақтан келген Китти Прайд бүкіл мутанттарды болашақта не күтіп тұрғанын ескертеді


Пікірлер