• Біздің парақшалар:

Әйелдердің кинодағы рөлі артып келеді

Сан-Диего мемлекеттік университеті жанындағы Теледидар мен кинодағы әйелдердің рөлін зерттеу орталығының жаңа мәліметтеріне сенсек, 2016 жылдың үздік кассалық көрсеткішке ие 100 голливудтық фильмнің 29%-да әйелдер басты рөлді сомдаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары және тарихи рекордты орнатты.

Сондай-ақ әйелдер ең танымал фильмдердегі актерлік ансамбльдің 37%-н пайызын құрауы да (алдыңғы жылмен салыстырғанда 3%-ға жоғары) тағы бір бұрын-соңды болмаған максималды көрсеткішті көрсетті. Фильмде сөйлейтін рөлдерге ие әйел кейіпкерлердің пайыздық көрсеткіші шамамен бұрынғы деңгейінде қалған, бірақ 2015 жылға қарағанда 1%-ға төмен.

Мұндай трендпен қатар өткен жылдары медиа-бизнестегі әйелдердің тең құқығына қатысты біраз дау-дамай орын алған болатын. Голливудтық белгілі актрисалар Джессика Честейн мен Дженнифер Лоуренс фильмге түсуші ерлер мен әйелдерге бірдей еңбекақы төленбейтінін айтып шағымданған болатын. Осы сияқты қызыл кілем шараларында сән таңдауларына байланысты сексизмнің орын алуына байланысты біраз әлеуметтік медиа-науқандар өткен еді.

Киностудиялар әйелдер туралы жобалардың көрермендер тарапынан жылы қабылданатынын байқады. Әйел кейіпкерлерге негізгі рөл бөлінген «Моана», «Жасырын фигуралар», «Нашар аналар» және «Пойыздағы қыз» фильмдері коммерциялық табысқа жеткен кинофильмдердің аз ғана мысалы болып табылады. "Жұлдыздар соғысы" сияқты франшизалар әйел қаһармандардан өз пайдасын көрді, комикс негізінде жасалатын фильмдерге келсек - жақында «Ғажап әйел» шықты және бізді «Капитан Марвел» күтіп тұр.

«Әйел кейіпкерлердің саны барған сайын артуда және олар тек романтикалық комедиялармен шектеліп қалған жоқ,» - дейді аталмыш орталықтың директоры Марта Лауцен.

Басты рөлдегі әйел кейіпкерлер көбінесе комедияларда (28%), драмаларда (24%), қорқынышты фильдерде (17%), анимациялық туындыларда (14%) және ғылыми фантастикаларда (14%) кездеседі. Ал экшн жанрындағы фильмдердің 3%-да негізгі қаһарман рөлі әйелдерге тиесілі.

Алайда мұндай өзгерістер әзірге фильм түсіруші әйелдердің мүмкіндігін молайтқан жоқ. 2016 жылдың ең үлкен касса жинаған 250 фильмнің 7%-на ғана әйелдер режиссерлік еткен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2%-ға кем. Лауценнің айтуынша, фильм табысты болуы үшін әйел режиссерлерге сенім білдіріле бермейді. Бұл фильмдерге әйелдердің көбірек түсірілуіне кері әсерін тигізеді. Кемінде бір режиссер әйелдің қатысуымен түсірілген фильмде әйел актрисалардың көбірек ойнау ықтималдығы артады. Әйел режиссерлер түсірілген фильмдердің 57%-да басты рөл әйелдерге берілсе, ер режиссерлердің фильмдерінде бұл көрсеткіш тек 18% шамасында.

Кино саласы актрисаларға көбірек мүмкіндіктер ұсынуда, бірақ олар гендерлік стереотиптерге сай рөлдерді орындайды. Фильмде әйелдер жұмыс қайраткері не көшбасшы ретінде көрсетілмейді. "Біз әдетте ер адамның қызмет мәртебесін, ал әйелдің отбасылық жағдайын алдын ала біліп отырамыз," – дейді Лауцен.

 

Variety басылымынан аударған Гауһар Раянова

Пікірлер