• Біздің парақшалар:

#Ып-Ыстық: 2017 жылдың секси актрисалары

Жыл басынан бері шыққан фильмдерге шолу жасай отырып, қай актриса ерекше тартымды болды, секси образды қайсысы жасай алды – осыны анықтап көреміз. 

ЗОИ САЛДАНА

Жасы қырыққа таяса да, үш баланың анасы атанса да – әлі қыздай дерсің. Биыл көпшілікке ерекше ұнайтын Гаморра образында тағы да көрініс тапты. Одан бөлек Бен Аффлекпен бірге «Түнгі өмір» қылмыстық драмасынан көрінді. Биыл қыркүйекте оның қатысуымен «Мен дәулерді өлтіремін» («I Kill Giants») триллері жарық көреді. Қылықты, секси, әдемі төбелеседі. Жасыл түсті гримі оны тіпті тартымды еткендей ме? 

АЛЕКСАНДРА ДАДДАРИО

«Ыстық» қыздар туралы айтып отырып, «Малибу құтқарушыларын» ұмыт қалдыру күнә секілді. Фильмді көпшілік жылы қабылдады деу қиын, бірақ бұл факт фильмдегі шомылуға арналған ішкиіммен жүрген қыздарға тәнті болу деңгейін еш төмендетпейді. Тоқсаныншы жылдары аттас сериалда Памела Андерсон талай еркектің қызуын көтерсе, бұл жолы оның орнын Александра Даддарио алмастыра алды деуге әбден болады. Жас, сұлу, сымбатты, ол аз десеңіз – қызыл түсті жүзу киімі. 

ГАЛЬ ГАДОТ

«Форсаж 4»-тегі дебюті күні кеше ғана сияқты еді. Енді ол әлемнің ТОП жұлдыздарының қатарына кіреді. Өзі модель, өзі ана. Қазір күйеуімен бірге екі қызды тәрбиелеп отыр. Әйтсе де кинодағы карьерасын тоқтатқан емес. 

Оны құтқарушы деуге әбден болады: Warner Bros. студиясының DC қаһармандарынан кино жасаудағы сәтсіздіктер легіне тосқауыл бола алды. Көп жылдан бері алғаш рет DC киноәлемінің өніміне мақтау айтты. Бұған Галь Гадоттың да сүбелі үлесі бар. Ғажап әйел образының арқасында биыл ерекше назарға іліккен актрисалардың бірі. Сеанстан шыққан жұрт - атпен шауып, атыс-шабыстың арасында жүрген батыл амазонка туралы әсерлерімен бөлісіп жатты. Ғажап десе - ғажап!

СКАРЛЕТТ ЙОХАНССОН

Скарлетт қашан да «маркасын жоғалтпайды». Биыл да ол белсенді. Наурыз айында «Сауыт киген елес» жапон мангасының экранизациясына түсті. Оның осы фильмдегі жалаңаш киборг кейпінің өзі неге тұрады. 

Жақында оның қатысуымен тағы бір фильм шықты. Ол – «Ауыр түн» комедиясы. Актерлік құрамы таза қыздардан құралған фильмде Йоханссон мүлдем басқа образбен көрінді – анағұрлым адами, мейілінше шынайы. 

МАРИСА ТОМЕЙ

Cіз таңғаларсыз, бірақ "Оскарлы" актрисаның жасы 52-де. Бірақ бұл факт оны сексилер қатарына қосуға еш кедергі бола алмайды. «Өрмекші адам: Қайта оралуды» көргендер куә. Су жаңа Өрмекші-адамның жап-жас Мэй жеңгесі. Бұрынғы Питер Паркерлердің Мэй тәтелерін ұмытыңыз. Бұл жолы фигурасы келіскен, әлі де талай еркектің арманы, көңілді, ойы озық ақ жеңеше. Тіпті кинода Тони Старк/Темір адамның өзі қырындап қояды. 

Осыдан кейін Мариса Томейдің танымалдығы енді арта түсетін секілді.

Пікірлер